Қазақстан Республикасында көші-қон процесінің құқықтық негізі

Халықтың демографиялық ақуалы түзелмей ол ұлттың санасы мен салт-дәстүрін қалпына келтіру мүмкін емес. Ресми мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда 1920 жылы ұлттық үлес 65 % болған, қазақ ұлтының басына үйілген 1931-32 жылдардағы ашаршылық, 1937 жылдағы жаппай саяси құрбандық, тәркілеу мен ашаршылықтан бас сауғалап, жат жұртты паналау және тың игеру кезеңіндегі тоқтаусыз көші-қон салдарынан 1960 жылдары қазақтар өз жерлерінде не бары 28 % болып қалған.

Бұл күнде Қазақстанда қазақтардың сандық жүйесі 57 %. Оның ішінде оралман ағайындардың қосып отырған үлесі де аз емес. Қазақстанда қазақтардың пайыздық үлесінің артуына 90 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезінде өздерінің тарихи атамекеніне көшіп кеткен өзге де ұлт өкілдері де себепші болды.

Міне осы күрделі мәселені шешу үшін — территориялық ерекшеліктерді табу, тұрғындардың көшіп келу мәселелерін анықтау, көшкіндердің әлеуметтік жағынан қорғалуы мен еңбек нарығындағы мәселелердің шешімін таба отырып тұрғындарды көші-қону мәселелердін зерттеу және болашақта қай бағытта дамитындығына болжау жасау, біздің пікірімізше, көші-қон процесінің құқықтық негізін анықтаудан бастау кажет деп ойлаймыз.

Президенттіміз Н. Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа Жолдауында да « тарихи атажұртқа көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуімі керек » бұл мәселеге кең көңіл бөлгенін көріп отырмыз ( 1 ).

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданды. Осы заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ өзінің тарихи Отанына қайтып оралатын адамдармен отбасылар үшін жаңа жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгілейді.

1 -тарау Жалпы ережелер

2-тарауЕңбек көші-қоны

3-тарауКөшіп-келу. Имиграция

4-тарау Көшіп-келудің түрлері. Көшіп келушілердің келу тәртібі. Тұруға ықтиярхаттар.

5-тарау Көшіп-кету. Эмиграция

Халықтың көші-қонуын реттеудің негізгі принциптері

-Қазақстан Республикасының Конститутциясында баян етілген адамның тұратын жерін еркін таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау, кету бостандығын, жүріп тұру бостандығын қамтамасыз ету.

— Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негіздерде 6 айдан астам мерзімге тұрақты тұруға қоныс аударушы адамдар, осы заңның 11 бабында көзделгендерден басқа жағдайларда, көшіп келушілер мәртебесін алады. Көшіп келушілерге оралмандар, реэмигранттар, қоныс аударушылар, босқындар, мәжбүрлі қоныс аударушылар мәртебесі беріледі және саяси баспана берілуі мүмкін.

Еңбек көші-қонын реттеу кезінде ішкі еңбек рыногын қорғауға басым мән беріледі. Әскери қызметтегі адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. Уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан кетіруге тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті әрбір күнтізбелік жылға көшіп-қону квотасын белгілейді. Көшіп келу квотасына белгілейтін нормативтік құқықтык актіде көшіп-келушілердің қай елден қоныс аударатыны көрсетіліп, олардың шекті саны мен түрлері оларды қабылдауға, жайғастыру мен бейімдеуге кажетті шаралар, қоныстануға тиісті аймақтар, оралмандар мен реэмигранттар үшін сараланған жәрдем акылар мен жеңілдіктер жүйесі белгіленеді. Көшіп-келу квотасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Президенттің айрықша құзыреті болып табылады.

Көшіп-келушшің отбасын мына адамдар құрайды: жұбайы, олардың ата-аналары және оның қарауындағы балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе оларды бағып күтуге міндетті қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-інілері, апа-қарындастары. Қазақстан Республикасына 18 жасқа дейінгі балалардыңқонысаударуыолардыңата-анасыныңжәнеасырап алушылардың келісімі бойынша шешіледі. 14 жастан18 жасқа дейінгі балаларға олардың нотариат куәләндырған келісім ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи отанына ұжымды түрде, қайтып оралуға тілек білдірген адамдарды ұйымдастырып көшіру туралы шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Көшіп келушілерді Қазақстан Реслубликасына келуін рәсімдеу тәртібін Қазақстан Республикасынан Үкіметі белгілейді.

Эмигранттардың кетуін рәсімдеу тәртібін Қазақстан Республикасыны Үкіметі белгілейді. Басқа мемлекеттерге тұрақты тұруы үшін Қазақстан Республикасынан кетуіне байланысты шығындарды қаржыландыру эмигранттардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарының көлеміне қарай республика тұрғындары келесі топтарға бөлуге болады:

1.ҚР-ның азаматтары — Қазақстан Республикасыныңқұқықты негізіне жататын, құқықтары мен міндеттері бар, Қазақстан Республикасы азамттығының құжаты және саяси құқығы бар тұлғалар.

  1. Шетел азаматтары — Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекетке қатысы бар екендігіне дәлелі бар тұлғалар.
  2. Азаматтығы жоқ тұлғалар — Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекетке қатысы бар екендігіне дәлелі жоқ тұлғалар.

Қазақстан Республикасының территориясында заңды негізде уакытша тұратын, бірақ көшіп келгендер атағына ие еместер болып төмендегілер табылады:

  1. Шетел мемлекеттерінің бөлімінде әскери қызметте тұратын тұлғалар.
  2. Дипломатиялық мақсаттар мен халықаралық мекемелерде тіркелетін тұлғалар.
  3. Республикада өндірістік іс-тәжірибе немесе оқуда,жүрген тұлғалар.
  4. Ұлттық және шетелдік ұйымдар арасында халықаралық келісім шарт негізінде еңбек іскерлігін орындайтын тұлғалар.
  5. Қазақстан Республикасындатіркелгендінибірлестіктердеөз біліктілігін орындайтын тұлғалар.
  6. Шетелдік заңдытұлғалардыңфилиалдарындаөзбіліктілігін
    орындайтын тұлғалар.
  7. Қазақстан Республикасында тексерілген шетелдік БАҚ-ның, радио және телевидениенің өкілдерінің тұлғалары.
  8. Қазақстан Республикасыныңтұлғаларына гуманитарлы қызмет көрсететін және қайырымдылықпен айналысатан тұлғалар.
  9. Теміржол, әуе, су және автокөлік экипаждарының мүшелері.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасында өзінің еңбек іскерлігін орындай отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары секілді тең құқылы және міндеттері де тең, бірақ олар Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысты жұмыстың жекелеген түрлерімен айналыса алмайды. Себебі, олар мемлекеттік қызметке қабылданбайды, сот, заңгер, прокурор және т.б. қызметті де атқара алмайды.

Жұмыс орнынан және ваканттық орындарға қабылдау кезінде жұмыс беруші еңбек ақы шарттарын Қазакстан Республикасы азаматтары мен шетелдік азаматтар арасында тең жағдайлармен қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқылы және мндетті.

Қазақстан Республикасының территориясында тұратын шетелдік азаматтар зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесінде заңмен немесе халықаралық келісім шартпен қарастырылмаса Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқылы және міндетті.

Мемлекет қазақстардың тарихи отанына оралу, олардың орналасуы және аймаққа тез бейімделуі үшін төмендегідей жеңілдіктер жайайды:

  1. Оралмандардың бекара арқылы кеден төлемінсіз және салық салынбай өтуін;
  2. Қоныс аударушылардың уақытша тұратын жеріне немесе тұрақты тұратын жеріне тегін жетуін және мүлкін тегін жеткізуді;
  3. Олар түрған жеріне калдыратын мүлікті заң жүзінде қорғауды, сон дай-ақ ақша қаражатын Қазақстан Республикасына аударуды және оларға мұрагерлік құқығын мемлекеттік реттеуді;
  4. Жұмысқа орналасуына, біліктілігін арттыруға, жаңа кәсіпті меңгеруге, оралмандардың жұмыссыз ретінде тіркелуіне, түрған мерзіміне қарамастан жұмысқа орналасу мүмкін болмаған жағдайда жұмыссыз бойынша жәрдем ақы алуына көмек көрсету;
  5. Мемлекеттік тілі оқып-үйренуі үшін жадай жасауды;
  6. Мұқтаждарға мектептерден, мектепке дейінгі мекемелерден және басқа да мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдарынан орын беру;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақылар мен жәрдемакылар төлеуді;
  8. Азаматтығы қалпына келтірілген оралмандардың «жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жеңілдіктерге құқықтарын жүзеге асыруды;
  9. Тұрғын үй сатып алуға қаражат, бір жолғы жәрдемақылар, жер учаскелерін, соның ішінде оралмандардың тұрақты тұруына арналған жер учаскелерін, жеке тұрғын үй құрылысы мен шаруашылығын ұйымдастыруы үшінұзақмерзімді жеңілдетілген несиелер бөлуде.

Жоғарыда көрсетілген заң еліміздегі жүзеге асырылып отырған іс-шаралар мен өзгерістерге байланысты бірнеше рет толықтырылды. Атап айтсақ осы заңның 18-бабында лауазымды адамдардың заңсыз көшіп-келушілерді жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілікке тартылуы 24-бап бойынша шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту негіздеріне, сондай-ақ 27-бап бойынша оралмандардың туыстары болып табылатын адамдар қатарына өзгерістер енгізілді.

Пайдаланылған әдебиеттер мен басылымдар

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2008 жыл.