Интернет. Электронды поштаны пайдалану

Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігініңApranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Интернетке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желілердегі компьютерлерден үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базала-рындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді, т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпараттарды ала аласыз.

  • Интернеттің көрсететін қызметі. Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:
  • Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
  • Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
  • Әлемдік тор (WWW)
  • Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);
  • Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;
  • Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)
  • (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
  • Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.

Электрондық пошта жүйесі

Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.

  • қолданушы агенті — әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
  • тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
  • жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.

Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.

Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға,таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.