Енгізу-шығару операторлары (Pascal)

Кейде программада айнымалы нені білдіретіндігін, функция немесе оператор қандай іс-әрекет жасайтыны жайлы еске салатын немесе хабарлайтын ескертулер қою қажет болады. Бұл ескертулер түсініктемелер деп аталады. Паскальда программаға қанша болмасын түсініктемелер қоюға болады.

Түсініктемелер { },(* *) символдарының аралықтарына орналастырылады. Түсініктемелердің мысалдары:

{Шешу әдісі}

(*Циклдің басы*)

Түсініктеме бірнеше жолдан тұра алады.

{Квадрат теңдеулерді

шешудіңмысалы}

  1. Меншіктеу операторы

Паскальда меншіктеу операторының жазылу үлгісі:

<айнымалы атауы>:=<өрнек>

Мысалы, y:=4/(3*x+1); z1:=’a’; Мұндай операторлардың орындалуы үшінайнымалы атауы мен өрнек мәндерінің типтері бірдей болуы тиіс.

  1. Мәліметтерді экранға шығару операторы

Оперативті жадыданмәндердімонитор экранына шығару WRITE операторы арқылы орындалады (write-жазу). Мысалы, х, у айнымалыларының мәндерін экранға шығару операторы – write(x,y). x,y айнымалыларын WRITE операторының параметрлері деп те атайды. Параметрлер үтіп арқылы бөлініп, жай жақшалар ішінде жазылуы тиіс.

WRITE операторының түрлі түрде жазылу мысалдары:

  1. write (x);
  2. write (x, ‘ ‘, y);
  3. write (3*x+5, ‘ ‘, y+2);
  4. write (x:n:m);
  5. write (‘символдар тізбегі’);
  6. write (lst, x);

1-4, 6 операторларының орындалуы үшін алдын-ала х,у айнымалыларының мәндері жадыға ендіріліп қойылуы тиіс.

Мысалда берілген операторлардың қызметі:

1) –экранға х мәнін шығару. Егер х параметрінің типі REAL болса, экранда 16 символдық өрісте стандартталынған жылжымалы нүктелі түрде көрінеді (оның соңғытөрт символы санның ретін көрсетеді, алғашқы 11 символы-мәнді цифрлар). Мысалы, 253.426034981 санының экранда көрінуі: 2.5342760347Е+02,

2) –экранға х, у мәндерін шығару. (Олардың аралығына қойылған Бос орын (‘ ‘) символы мәндерді ажыратып көрсету үшін пайдаланылды),

3) –жақшалардың ішіндегі екі өрнектің мәндерін экранға шығару,

4) –REAL типті айнымалы мәнін экранға көрсетілген үлгі бойынша тиянақты нүктелі түрде шығару. n:m-нақты санды курсордың тұрған жерінен бастап n символдық орынға шығару белгісі, m-оның бөлшек бөлігінің цифрлар саны (0<=m<=n). Экранда сан бөлінген орынның оң жағынан бастап орналастырылады. Осы тәсіл бойынша бүтін типті айнымалы мәнін де экранға шығару мүмкін. Мұнда пайдаланылатын оператор

Write (x:n)

Мысал:

х мәні оператор мәннің экранда көрінуі
145 write (x:7) _ _ _ _ 145
86.92 write (x/2:7:3) _ _ _ _ 43.460
86.937 write (x/2:7:3) _ _ _ _ 43.468
86.937 write (x/2) 4.3468500000E+01
2/3 write (x) 6.6666666667E-01

5) –жолдық тұрақтыны экранға шығару

Мысалы, x=25үшін write (‘х мәні=’, x) операторының орындалу нәтижесі мынадай: х мәні=25;

6) –х мәнін принтер арқылы қағазға басып шығару.LST (list pleace-басып шығару құрылғысы) – принтерде басыпшығаруға арналған стандартты жүйелік файл атауы.

Паскаль тілінде құрылатын программада әр оператордан соң нүктелі үтір таңбасы қойылады (ол операторларды ажырату белгісі); бір жолға сыйғанынша бірнеше операторды орналастыру мүмкін.Операторларды жол басынан бастап жазу, бір жолға бірнеше операторды орналастыру және END қызметші сөзінің алдындағы оператор соңына нүктелі үтір таңбасын қою міндетті емес. Программаны оқуға ыңғайлы етіп орналастырса болғаны.

Мысал. Қабырғалары 6.5, 3.9, биіктігі 4.7 болатын трапецияның ауданын табу керек.

Program audan;

var a, b, h, s: real;

begin

a:=6.5; b:=3.9; h:=4.7;

s:=(a+b)*h/2; write(‘s=’,s:5:2)

end.

Жай типтіайнымалыларды пайдаланып құрылған сызықтық программаны қарапайым деп те атайды.

  1. Берілгендерді ендіру операторы

Паскальда ендіру операторының жазылу үлгісі:

READ(x1, x2, …, xn)

Мұндағы Xk(k=1, 2, … , n) ендірілетін мәндерді сәйкес түрде қабылдайтын айнымалылар.

Программаның орындалу барысында READ операторы кездессе, машина айнымалылар мәндерін жадқа ендіруді күтіп, тоқтап қалады. Мәндерді клавиатурадан аралықтарына бос орын қалдырып теріп, Enter клавишін басса, программаның орындалуы одан әрі жалғасады.

READ операторының алдында мәндері жадыға ендірілуі тиіс айнымалыларды WRITE операторы арқылы экранда көрсетіп қойған жөн. Мысалы:

begin

write (‘a, b, h=?’); readln(a,b,h);

s:=(a+b)*h/2; write(‘s=’,s:5:2);

end.

Кейде WRITE, READ – операторларының соңына LN жалғауын қосып, WRITELN, READLN түрінде жазу қажет. Мысалы, WRITELN(x:6:2);READLN(a,b,h);

Мұндай операторлар орындалған соң курсор экранда өзінің тұрған орнынан келесі жолдың басына ауыстырылады да, кезекті оператордың орындалуы экранда осы жерден бастап көріне бастайды. Егер келесі жолды бос күйінде тастап кету қажет болса, программаға соңғы орындалатын LN жалғаулы оператордан соң параметрсіз WRITELN операторын енгізсе болғаны.

  1. ClrScr, delay нұсқаулары.

Мысалы: x=31, y=26 үшін x+y мәнін экранға шығару программасын құру керек.

Program kosu; uses crt;

var x, y, s: integer;

begin clrscr;

write(‘x,y=?’); readln(x,y); writeln;

write(‘s=’, x+y);delay(5000);

end.

Мұндағы clrscr, delay(n) стандартты атаулар (clear screen-экранды тазалау,delay-кідіріс). Олар Турбо Паскальда пайдаланылатын экранды тазалау және экрандағы көріністіn милисекунд ұстап тұратын нұсқаулар.

Uses crt –CRT-тіпайдалану нұсқауы. (Турбо Паскальға тиісті жүйелік программалардың CRT атаулы бөлімінде clrscr, delay, keypressed сияқты экранды, клавиатураны басқару нұсқаулары жинақталған). Оларды программа тақырыбында Uses crt нұсқауы жазылғанда ғана операторлар бөліміне енгізу мүмкін (use-пайдалану).