Электронды цифрлық қолтаңба. Деректерді аутентификациялау проблемасы және электронды цифралық қолтаңба

Электрондық құжаттарды байланыс желісі арқылы алмасу кезінде, мәліметтерді өңдеу және сақтау айтарлық дәрежеде қаражаттарды кемітеді, оларды іздеп табу жылдамдайды. Бірақ мұнда құжат авторын және құжаттың өзін аутентификациялау проблемасы туындайды, яғни автордың шынайылығын орнату және қабылданған құжатта өзгертулер жоқ болуы проблемасы туындайды. Әдеттегі (қағаздық) ақпарат ұзатуда бұл проблемалар оңай шешіледі. Құжаттағы ақпарат және автордың жазба қолтаңбасы табиғи тасымалдаушымен (қағазбен) қатаң түрде байланысқан болады. Ал электрондық құжаттарда машыналық тасымалдаушылардың мұндай байланысы жоқ.

Электрондық құжаттарды аутентификациялаудан мақсат оларды мүмкін болған қасақана әрекеттерден сақтау болып табылады. Бұл іс — әрекеттерге төмендегілер жатады:

  • Белсенді жол бойында ақпаратты урлау – бұзушы желіге қосыла отырып, құжаттарды (файлдарды) ұрлап алады және оларды өзгертеді;
  • МаскарадС абоненті құжатты Б абонентіне А абоненті атынан жібереді;
  • РенегаттықА абоненті Б абонентіне хабар жібермедім деп мәлімдейді, бірақ оны жіберген болады;
  • Орнын ауыстырып қою (подмена) – Б абоненті жаңа құжатты өзгертеді немесе жаңасын қалдырады да, оны А абонентінен қабылдадым деп айтады;
  • Қайталау (повтор) – С абоненті А абонентінің Б абонентіне жіберген құжатын қайталап жібереді.