Құрама кестенің құрылымы

Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысынын келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің макеті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница) , Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные).

Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасынын қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрамакестенітолтырған кезде мәліметтерсәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданылады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Сонан соң Ары қарай (Далее) батырмасын шертіп, кұрама диаграмма тұрғызылады.

Диаграмманы пішімдеу мен баптау оның жанама менюі арқылы іске асырылады. Диаграмманьщ түрін өзгерту үшін ол тұрған аймаққа тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Диаграмма типі бөлімін таңдап алу қажет. Осылайша жанама менюден Пішім (Формат) бөлімін таңдап алып, диаграмма пішімін өзгертуге болады.