Прекциялық сызбаларға түсірілген көлеңке. Кешенді сызбаларға көлеңке түсірудің жалпы принциптері

Ғимараттарды және кез – келген нәрсені көргенде көлемдік бейнені, жарық пен көлеңкенің әсері арқылы түсінеміз. Кейбір сәулеттік, кешенді сызбалардың көркемділігі жоғары болуы үшін көлеңкелерді түсіреді. Көлеңкелерді түсіруді жеңілдету үшін кейбір шарттылықтар (принциптер) қабылданған:

а) жарық түскен дененің өзі жарық көзі бола алмайды;

б) жарық сәуленің шегі, оның жолындағы алғашқы заттық нүкте;

в) ауа қабатының әсері есептелмейді;

Жарық көзінің тапсырмалары.

Кешенді сызбалардағы көлеңкелерді салуға қолданылатын жарық көзі табиғи (күн) немесе жасанды (шам, шырақ) болуы мүмкін. Нәрсенің көлеңкесін салу үшін, жарық сәулесінің бағытын білу керек. Жарық көзін шексіз алыстаған деп есептесек, жарық сәулесінің проекциялары проекция осімен 450 бұрыш жасайтындай етіп алынады. Жарық сәулесінің бағыты, жарық көзінің орналасуы басқашада болуы мүмкін. Көлеңкелерді салудың бірнеше тәсілі бар.

Нүкте, сызық жене жазық фигура көлеңкесі.

Нүктенің көлеңкесін алу үшін, сызбадағы А нүктесінің А1 А2 проекциясы арқылы S1 S2 сәуле проекциясын 450 проекция осіне түсетіндей етіп тауып аламыз. Енді сәуле сызығы мен түзу сызық проекциясын жалғастыра отырып, сәуле сызығының жазықтықпен қиылысқан нүктесін тауып аламыз. Нүкте көлеңкесі қай жазықтыққа жақын тұрса, сонда түседі.

Сонымен (21.6, а-сурет) А нүктесі П1 жазықтығына жақын орналасқан, сондықтанМАкөлеңкесі П1жазықтығында жатыр. (21.6, б-сурет)В нүктесі П2 жазықтығына жақын орналасқан, сондықтан NВ көлеңкесі П2жазықтығында жатыр. Нүкте жазықтық проецияларына бірдей қашықтықта жатқан жағдайда нүкте көлеңкесі проекция осінің Тх күктесіне түседі (21.6, в-сурет).

Түзу кесіндінің көлеңкесін табу үшін, проекция жазықтығындағы түзудің әрбір нүктесінің көлеңкесін табу керек. Сонда көлеңкелердіңпроекция жазықтығында үш түрлі оранласқанын көруімізге болады. Ол түзу кесінділердің жазықтықта орналасуына байланысты. Мысалы, түзу кесіндінің көлеңкесі проекцияның фронталь жазықтығында ғана жатуы мүмкін немесе тек горизонтальжазықтықта,немесе жартылай фронталь, жартылай горизонталь жазықтықта жатуы мүмкін, соңғы мысалда түскен көлңке сынық сызық түрінде болады.

Түзу кесінді өзінің барлық нүктелерімен проекцияның фронталь жазықтығына жақын орналасқан (21.7 сурет). Түзудің көлеңкесі де түзу болғандықтан, шеткі екі нүктесінің АВ көлеңкесін табамыз, ол үшінА1А2және В1 В2 проекцияларынан сәуле проекцияларын жүргізіп, П2 проекция жазықтығында осы сәуле іздерін табамыз. Егер екі нүктенің көлеңкесі де бір жазықтықта жатса, мысалы П2 жазықтығында, онда оларды бір сызықпен қосуға болады, NА NB нүктелерін түзу сызықпен қосамыз, бұл түзу АВ кесіндісінің көлеңкесі болады (21.7 сурет).

Егер түзу кесінді бар нүктелерімен горизонталь П1 жазықтығына жақын жатса, онда бар көлеңке горизонталь П1 жазықтығында жатады (21.8 сурет).

Түзудің сынық сызық тәрізді түсетін көлеңкесі.

Егер түзу кесіндінің екі нүктесі екі жазықтықта орналасса, мысалы біріншісі П1 жазықтығында, ал екіншісі П2 жазықтығында, онда олардың көлеңкелері екі жазықтыққа түседі де, сол себепті оларды бір сызықпен қосу мүмкін болмай қалады. Бұл жағдайда көлеңке проекция осін кесіп өтеді де, сынық сызық нүктесі проекция осінде орналасады.

Сынық сызық нүктесін табу үшін, П2 жазықтығын жоқ деп есептеп, бар көлеңкеніП1 жазықтығына түсіреміз. ЕндіВнүктесі арқылы өткен сәуле ізін П1 жазықтығының төрттен екінші бөлігіндегіМВ нүктесін табамыз. Бір жазықтықтағыА В  нүктелерінің көлеңкелерін тауып, олардыМА  МВ түзуімен қоссақ болады. Содан кейін фронталь проекция жазықтығын қалпына келтіріп, проекция осіндегі ТО  сынық сызық нүктесін аламыз, ол нүктеніП2жазықтығындағы В нүктесінің көлеңкесі одан кейінN В, нүктесімен қосамыз( 21.9 сурет).

Сынық сызық нүктесін мынандай жолмен дн тапса болады. Олүшін А В түзуінің кез – келген жеріненСнүктесін алып, осы нүктенің көлеңкесін табамыз. Табылған NСкөлеңкесінВнүктесінің көлеңкесі NВмен қосамыз. Бұл екі нүкте бір жазықтықта жатады. NB және NCкөлеңкелерін ОХ проекция осімен қиылысқанға дейін сызып,ТОсынық сызық нүктесін табамыз. Ол нүктеніАнүктесініңМАкөлеңкесімен қосамыз(21.10 сурет).