Жануарлардың инстинкт және үйрену мәселелері жайлы көзқарастар

  1. Жануарлар психикасы жайлі ертегі пікірлер.

Жануарлардың мінез-құлқыларының қозғаушы күштерінің негізі жайлі ежелгі ойшылдар, жануарларда «рухани бастапқысы» бар ма, егер бар болса, оның табиғаты қандай екені туралы ойланған. Эпикур және оның ізбасарлары, әсіресе Лукреций «жан» материалды деген пікірде болған. Лукрецийдің пікірінше, жануарлар құлқыларының мақсатты әрекеттері,ол табиғи сұрыпталу нәтижесі, яғни пайдалы қасиеттері бар жануарлар ғана өмірге қарсы тұралады деген.

Ежелгі философ-идеалистерде «идея әлемі», «әлемдік ақыл» пікірде болып, ол құдай ұғымымен теңестірілген. Осы универсальды «ақылдың» жаратылысы адам және жануарлар жаны болады да, Сократтың пікірінше ол тәнмен бірігіп сезімдікке ие болады да өз әрекеттерің құштарлығыңа бағыттайды. Жануарлар құлқы әуестенуі, құштарлықтарымен анықталады деп санаған Платон. Осыдан инстинкт жайлі қадам басталды.

«Ежелгі ғұлама ойшыл» деп К.Маркс атағандай Аристотель философтар арасында табиғи сынаушының алды болған. Аристотель адамға мәңгілік «ақылды жанды» жатқызады. Оның пікірінше, жан сөнулі материяны жандандырады, яғни тек дене ғана сеземді құштарлыққа ие деген. Сол себептен ақылы бар, танымдыққа қабілетті еркінді адамға қарағанда, жануарларда тек өлетін «сезмдік жан» ғана бар. Бірақ ыстық қанды, тірі пенде әкелетің жануарлардың барлығысында адам сияқты бес сезім мүшесіне ие. Жануарлардың құлқылары өзің-өзі сақтау және ұрпақты жалғастыруына бағытталуы, түйсіну, құмарлану, әуестену, қанағаттану түрткілерімен байланысты. Осы мен қатар, жануарлардың құлқы әр жануарлардың деңгейлеріне байланысты ақылы мен анықталады.

Аристотель, өзінің пікірлерің нақты, бақыланған дәлелдермен бікетеді. Мысалы, құмырсқалардың белсенділігі жарықпен байланысты келеді. Бірқатар жануарлардың қатынастарында бірін бірінен үйрену қабілеттері байқалады; көбею кезінде дыбыс арқылы қатынас жасаулары да байқалған.

Аристотельдың бірқатар тұжырымдары стоиктер ілімдерінде біршама өзгерістерге ұшырағанымен әрі қарай дамыған. Стоиктерде инстинкт ұғымы алғашқы рет қолданды да, бұл философтармен жануарлардың әрекеттерін жағымдыға бағыттайтың туа біткен, мақсатты ұмтылысы деп түсіндіріледі. Хризипптің түсіндіруі бойынша, үйректің балапандары тауық басып шығарғанымен жақың көрек бар су стихиясына жүгіреді деген, сөйтіп басқа да инстинктивті жануарлардың мінез-құлқын көрсеткен: құс ұя салуы, ара ұяшықтар құруың, өрмекші өру іскерлігін. Бұлардың барлығың жануарлар бейсаналы атқарады, яғни оларда ақыл жоқ, жануарлар қызметтерің түсініксіз, тек таза туа біткен білім негізінде орындайды деп Хризипп өзінің заманының озық қөзқарастарымен таңқалдырған.

2.Жануарлардың мінез-құлқыларының эволюцияға дейінгі қөзқарастар (18ғ).

Орта ғасыр кезеніндегі мыңжылдық ғылыми ойлардың басендеуінен соң ғылыми шығармашылық өркендей бастады, бірақ тиянақты бақылау және эксперимент нәтижесінде алынған деректердің іргелі тасы болып жануарлардың мінез-құлқын зерттеу он сегізінші ғасырда жүргізіле бастады. Осы ғасырдың орта кезендерінде жануарлардың психикалық қызметтерің ілгері зерттеуге үлесін қосқан ғалымдардың, философтардың және натуралистердің шоқталған еңбектері пайда бола бастады.

Солардың ішіндегі бірі француз философ –материалисі, білімі дәрігер, Ж..О.Ламеттри. Ламеттри жануарлардың инстинкті ойлану мен тәжірибеден тыс мәжбүрлі түрде орындалатың қозғалыстар жиынтығы деп көрсеткен. Соңымен бірге ол себебін білмесе де инстинктің биологиялық бейімделуін айқындаған. Ламеттри зерттеулеріндегі маңызды қасиет болып, жануарлар психикасының қызметің салыстыру қатынасы жатады. Әртүрлі сүткөректілердің және де құстардың, балықтардың, жәндіктердің психикалық қасиеттерің салыстыра отырып, сол қасиеттердің адамға қарай бағытталған прогрессивті күрделенуің көрсетті.

Ірі француз ағартушысы Э.Б.Кондильяк өзінің «жануарлар туралы трактаттарында» (1755) жануарлар инстинктісінің шығу тегі туралы сауалда арнайы қарастырған. Әдетті әрекеттердің орындалуы инстинктивті әрекетпен ұқсастық тұрғысынан Кондильяк, біртіндеп танымдықты қосу жолындағы саналы әрекет негізінде инстинкт пайда болды деген пікірге келді: саналы құлқы әдетке, ал ақырғысы-инстинктке ауысады.

Мұндай пікірге қарсы болған Ш.Ж.Леруа. Бұл ойшыл, натуралист Кондильяктың белгіленген реттерің кері оқу керек деп дәлелдеген. 1781 жылы басылып шыққан «Философских письмах об уме и способности животных к совершенствованию» атты еңбегінде, жадыны жаттықтыру және түйсіну әрекеттерінің қайталану нәтижесінде жануарлардың инстинкті негізінде үйретуден ақылдың пайда болуы, мәселесін көтерген. Леруа өзінің діни догмаларға қарсы жоғары психикалық қабілеттердің дамуы тұжырымдамаларың табиғаттағы жануарлар құқысының деректерімен дәлелдеуге тырысты.Осы тұргыдан, жануарлардың өмірлік ортасың еске ала отырып табиғи жағдайда эксперимент өткізіп, олардың психикалық қызметтерінің әсіресе инстинктері осы табиғи орта ерекшеліктерімен байланысты екенің дәлелдеді.

Леруа жануарлар инстинктерінде олардың қажеттілік көрінісің байқады:қажеттіліктерің қанағаттандыру инстинктің пайда болуына соғады.Леруа пікірінше, әдет ұрпаққа беріледі де түбінде табиғи құлқылық комплекске енеді. Ол, мұңы аңшыл иттерде суреттеген, олар өз қылықтарың ұрпағына жеткізеді.

Зоопсихология ғылымының қалыптасуына өте зор үлесін қосқан Ж.Л.Леклерк-Бюффон. Ол жануарлардың психикалық қызметтерің зерттеуде шынайы натуралистік қатынаспен қоймай,өзінің табиғи зерттеулері мен байқауларындағы талдауда жануарлар мінез-құлқысын (19ғ. аяғынағы 18 ғ. басындағы көптеген ғылымдарға қарағанда) антропоморфтық пікірдең аулақ болған. Оның ілімімен келісімде жануарларға (нақты сүткөректілерге) психика қызметінің әртүрлі формалары тән, әсіресе жеке түйсік пен әдеттер, бірақ өз әрекеттерін түсіну деген мағнаны білдірмейді. Сондай ақ жануарлар қарым-қатынас жасауға қабілетті, бірақ тілдері тек сезім қуйзелісін білдіреді.

Жануарлардың психикалық қызметтерінің ерекшеліктері мен өмірлік бейнесінің арасынадғы байланысты анықтай отыра Бюффон олардың қылықтарын анықтайтың факторы болып жануарлардың ішкі жағдайларына (құмарлықтарына) қоршаған орта ықпалының әсері жайлі теория ашты.Бюффонның тұжырымдамаларының барлығы шынайы деректерге сүйене құрылып дүниетаңым жүйесіне кіріп жануарлар психикасы және мінез-құлқы ғылымының негізін салды.