Жануарлардың интелектуалды іс-әрекетінің бағалау мәселесі

  1. Жануарлардың интеллектісін бағалауда екі бағыт бар:
  • жүріс- тұрыстарын талдау;
  • мидың құрлысын зерттеу

Бұрын салыстырмалы қарапайым миының болуымен ерекшеленетін төменгілерден миының құрлысы күрделі болып келетін жоғарғы, интеллектуалды жануарларға дейінгі дамуда сызықтық біртінділік бар деп есептелінген. Тұтасымен алғанда біз осы пікірге дәлел табамыз, білақ кейбір жағдайларда, эволюдция үрдісіндегі жануарладың сызықтық емес дамуының салдары болып табылатын уытқуларды көреміз. Шын мәнінде эволюдция әрқайсысында сыртқы жағдайлардың кешеніне бейімделу өтетін көптеген тармақтануды береді. Әртүрлі жануарлар эволюдиялық теректің түрлі бұтақтарында орналаса отырып, күрделіліктің бірдей денгейіне қол жеткізе алады. Нейроанатом Ходос (1982) жануарлардың интеллектісіне қатысты былай деп жазған болатын: «…. біздің сүтқоректілердің ОНЖ-сі туралы білімдеріміз бізді омыртқалылардың басқа класында интеллектінің нервтік корреляттарын әздеуде қандай да бір қате түсініктің туындағанына жол бергізе алмайды».

Ұзақ уақыт бойы жануарлар интеллектісі әдетте адам интеллектісінің көрсеткіші болып есептелетін критерийлер бойынша бағаланды (есте бағалау, арифметикалық және логикалық мүмкіндіктер, тілге және түсінік қалыптастыруға қабілеттілік)

Алғаш рет жануарлардың интеллектуалды қабілеттіліктерін өлшеуге арналған тестті 1949 жылы Гарри Харлоу қалыптастырды. Тест жануадың қандай да бір ережелерді сақтау және сәйкес қорытындылар жасау қабілеттілігін анықтайды. Мысалы, қарапайым көру дискриминациясына белілетін тапсырманың орнына, Харлоу оларға шешімін табу үшін бір ғана ережені ұстану қажет болатын бір қатар тесттерді біртіндеп ұсынып отырды. Ол ереде мынадай: әрбір жағдайдағы тамақтың марапаттау оның орналасқан орнына тәуелсіз үнемі бір ғана заттың астында болады. Егер мұндай бір типтіктапсырмалардың біртінділігін ұсыну лорды жақсырақ шешуге алып келсе, онда «үйрену бағдарының» қалыптасқандығы туралы айтуға болар еді.