Бөлшек ұғымы есе ұғымдарына байланысты есептер

Бөлшектен қосу және азайту тәсілін енгізуге алдын ала дайындық. Он көлемдегі қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын қызықтау және тиянақтай түсу, яғни өзара байланысқан мысалдар төркінін қарастыру, теңдіктерді қалпына келтіру, ондықтардан бірліктерден екі таңбалы сан құру және керісінше екі таңбалы санды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде өрнекту ; амалдарыф орындаудан рет- тәртібін еске түсіру және екі амалдан тұратын өрнек құру, оқу, жазу, мәнін табу сияқты мәселелерді пысықтай түсу.

Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерінің мән- мағынасын ашу. Оқушылардың өздеріне белгілі нақты санды қосу кестесін еске түсіру, мәселен 2-ні қосу кестесінде 2+2 мысалынан бастап 8+2 мысалын қоса сәйкес жауабын атап шығу: қандай сандарға 2-ні қостық, 0+2 және 1+2 мысалдары кестенің ішінде жоқ, 2-ні тағы қандай санға қосуға болады? 9+2 және 11-2 мысалдарының жауабын көрнекілікке (әр түсті шаршыларды пайдаланып) сүйене отырып табу және сәйкес түсіндірме жазулар 9+2= (9+1)+1=11 және 11-2=(11-1)-1=9 , арқылы есептеу тәсілдерінің мән- мағынасын ашу.

Қосу кестесінің сәйкес теңдігінен туындайтын теңдіктерді құру және оларды қолдануға машықтандыру. Мәселен: 9+2=11 кестелік қосу және ондықтан атттайтын жағдай: кестенің өзге теңдіктерге бұрыннан белгілі, ендеше жаттан алуға тиісті бір ғана теңдік бар, ал 3-ті қосу кестесінде екі теңдік, 4-ті қосуда – үш теңдік, 5-ті қосуда төрт теңдік,6-ні қосуда- төрт теңдік, 7-ні қосуда – үш теңдік, 8-9 қосуда –екі теңдік, 9-ды қосуда – бір теңдік бар.

Осы тұрғыдан алғанда, “ бөлшектен қосу” тәсілін енгізу- қажеттілігін, болып табылады да, ал “бөлшектен азайту” тәсілімен танысудың өзі жеткілікті, өйткені осы есептеу тәсілінің орнына кестелік қосу мен азайтуды есте сақтауға септігін тигізетін 10 мен 20 ның арасындағы сандардың бір таңбалы екі қосылғыштың қосындысы түрінде жіктелуін, яғни құрамы жайындағы білімді басшылыққа ала отырып, азайту амалын орындауға бейімдеген тиімді.