Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктері

  1. Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығылық шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші, көлемді өнер туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.

Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.

Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.

Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары республикалық шет елдер мен халықаралық көрмелерге қатынасқан. Көптеген шығармалар Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Мәдениет Министрлігінің қорларында, суретшілердің жеке қорларында сақтаулы.

Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы туралы жеке кітаптар, монографиялар шығып, кезеңдік басылымдарда бірнеше жүздеген мақалалар жарияланған.

Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлт өнері сияқты графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері кіретін жеке ұлттық өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы саласы болса да мейлінше кең дамыған. Оқушыларды бұл өнердің графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері, тұрмыстық, тарихи, анималистік, портрет, пейзаж жанрларымен сабақтан тыс таныстыруға мүмкіндік мол.

Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтары берілген.

Қазақ бейнелеу өнерінде Қ.Телжанов есіме ерекше орын алады. Қанапия Телжанов қазақ кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО халық суретшісі (1978) КСРО Көркемсурет акедемиясының корреспондент мүшесі. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған. Көптеген өнер шеберлеріне, Ә.Қастеевке (1944), Қ.Телжановқа (1963), Х.Наурызбаевқа (1969), Н.Нұрмұхаммедовке (1975), С.Мамбеевке (1979), Е.Сидоркинге (1980), Н.Гаевке (1980), С.Романовке (1981), М.Кенбаевке (1985), Ә. Ысмайловқа (1985) «Қазақстанның халық суретшісі» құрметті атағы берілді.

Бейнелеу өнері саласында «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атақтары мына суретшілерге берілді: Ә.Қастеев (1942), Н.В.Цивчинский (1951), А.Ненешов (1954), Х.Наурызбаев (1960),Ә. Ысмайлов (1960), А.Галымбаева (1961), П.Зальцман (1962), Н.Гаев, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов (1963), В.Онтоншенко-Оленов, Е.Сидоркин, К.Шаяхметов, Г.Исмайлова (1965), Е.Говорова, К.Қожықов, М.Лизочуб (1966), В.Крылов (1970), К.Баранов, А.Бортников (1971), С.Қожықов (1972), Ә.Хайдаров (1974), С.Романов, А.Степанов, Б.Толеков (1976), Т.Досмағанбетов (1980), А.Дячкин, Е.Мергенов, Ш.Ниязбеков, У.Рахманов, Ж.Шарденов, А.Школьный, У.Әжиев, А.Дроздов (1985), С.Айтбаев, А.Гурьев, Қ.Закіров, И.Исабаев, Б.Табиев (1988), М.Қалымов, Б.Пак, Т.Тоғысбаев (1989).

Қазақстан суретшілерінің ішінде көптеген өнер шеберлеріне Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтары берілді. Суретші Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдер сериясы үшін 1966 жылы К.Телжановка «Еңбек адамдары» суреттер сериясы үшін 1967 жылы, Х.Наурызбаевқа «Ш.Уәлиханов ескерткіші» үшін, Е.Сидоркинге «Ақсақалдар» графикалық сериясы үшін 1970 жылы, А.Галымбаеваға «Біз дәуірімізді мақтан етеміз», «Қуанышты күн», «Студент қыздар», «Қостанай пирамидалары» атты суреттер тобы үшін 1972 жылы, Т.Досмағанбетовке «Ә.Жангелдин» ескерткіші үшін 1976 жылы, Н.Нұрмұхаммедовке «Еңбек даңқының адамдары» кескіндеме шығармалар сериясы мен өнертанудағы еңбектер циклдары үшін 1978 жылы, У.Әжиевке «Тың игерушілер», «Тың түлектері» акварельдер сериясы үшін, Б.Зауырбекова, Қ.Тыныбеков, Е.Николаева, И.Яремаларға «Қазақстан» үшін 1980 жылы, Е.Сергебаевқа «М.Әуезов мүсіні» үшін 1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Мұнымен қатар суретші К.Моллашев «Қазақстан» сериялық суреттері үшін бүкілодақтық сыйлыққа 1981 жылы ие болды.

Көптеген жас суретшілеркезінде Қазақстан жастар сыйлықтарын алды: 1964 жылы П.Усачевке «Мұхтардың жастық шағы» және «Студент қыз» мүсіні үшін, 1965 жылы С.Айтбаевқа «Менің Отаным» атты бір топ бейнелеу жұмыстары үшін, 1972 жылы М.Қисамединовке графикалық жұмыстар сериясы мен кітаптарға жасаған иллюсиряциясы үшін 1978 жылы Ж.Дөненовке мультификациялық фильмдері үшін, 1980 жылы Б.Әбішевке «Т.Бокин» ескерткіші үшін, К.Молдағалиевке «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Қарағандылық жауынгерлерге» арналған мемориалдық комплекс үшін берілді.

1982 жылы бір топ қолданбалы өнер туындылары үшін Д.Шоқпаровқа, «Туған өлкенің бейбіт тынысы» атта суреттер тобы үшін Ә.Нақысбековке, монументалдық туындылары үшін М.Ізбасқановқа, 1984 жылы «Асыққан жастық шақ», «Жастық-1», «Жастық-2», «Маңғыстаудың күнделікті тіршілігі» секілді жастарға арналған суреттері үшін, Е.Төлепбаев, Б.Тулкеевтер 1986 жылы фольклорды көркемдеген иллюстрациялар үшін М.Әлинге Қазақстан жастарының сыйлығы берілді.

Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында суретшілер шығармашылығына байланыста мынадай кезеңдерді көруге болады. Бірінші кезең өнерін оқушыларға таныстыру барысында – қазақ топырағындағы алғашқы бейнелерді қамтиды. Бұл қазан төңкерісіне дейінгі Шоқан Уәлиханов пен Мақы Уәлиханов шығармашылығына қатысты. Сонымен қатар бұл кезең өнері туралы сөз қозғағанда Т.Шевченко, В.Залецкий шығармашылығы айтылады.

Екінші кезең өнерін оқушыларға таныстырғанда – Қазан төңкерісінен Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар арасы. Бұл кезеңнің өнеріне байланысты Н.Хлудов, Ә.Қастеев, К.Баранов, А.Бортников, Н.Крутильников, М.Лизочуб, А.Черкасский, А.Исмайлов, К.Ходжиков сияқты алғашқы суретшілердің шығармашылық еңбектері қамтылады.

Үшінші кезеңге өнерін оқушыларға таныстырғанда – 1950 жылдардан басталатын қазіргі халық халық суретшілері А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов, С.Романов, Х.Наурызбаев, К.Шаяхметов, Е.Сидоркин, В.Крылов, Н.Гаев, У.Әжиев, Г.Иляев, А.Хайдаров, А.Степановтардың шығармашылығы талданды.

Төртінші кезеңдегі қазақ өнерін оқушыларға таныстыруда – 60 жылдардан басталатын Қазақстан мен Ресейде көркемдік білім алған суретшілер С.Айтбаев, О.Нұржұмаев, Т.Тоғысбаев, А.Сыдыханов, Ж.Шарденов, М.Кисамадинов, А.Молдашев, Д.Шоқпаров, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Төлеков, Т.Абуов, А.Исаев, Ю.Мингазитдинов шығармашылығындағы өмір құбылыстары, ел өмірі сөз болады.

Бесінші кезең – 70 жылдардан бері көркемдік ортада таныла бастаған Қ.Тыныбеков, М.Аманжолов, А.Ақанаев, К.Дүйсенбеков, Г.Жалмұханов, С.Бөлтірікова, Б.Зауырбекова, М.Қалқабаев шығармашылығы туралы әңгіме қозғалады.

Алтыншы кезең туралы әңгіме барысында мұғалім – 80 жылдардан басталатын жас суретшілер А.Нақысбеков, Б.Тулкеев, Е.Төленбаев, Т.Ордабеков, Н.Нұрмұханбетов, В.Халатов, А.Тұрсынов, Б.Талқанбаев, М.Әлімбаев, С.Иляев, З.Қожамқұлов, Н.Шилібаев, А.Оспанов, Б.Байменовтердің шығармашылық жұмыстары туралы талдаулар жасап көрсетеді.

Графика саласында Н.Гаев, Б.Табиев, Е.Говорова, А.Исмайлов, Е.Сидоркин, К.Хожықов, Н.Исабеков, П.Зальцман, А.Хайдаров, А.Дячкин, Б.Чекалин, А.Бортников, И.Андреев, А,Гурьев, Б.Пак, К.Баранов, М.Кисамединов, Ю.Мингазидинов, Т.Ордабеков. А.Оспанов, Б.Байменов, Н.Нұрмаханбетов өнімді шығармашылық еңбек етіп келе жатқандығы айтылады. Бұған М.Қисамединовтың «Махамбет», И.Исабаевтың «Мұхтар Әуезов», Е.Сидоркиннің «Абай», Ә.Қастеевтің «Турксиб», Б.Пактің «Бақыт», Е.Сидоркиннің «Абай жолы», «Қазақ эпосы», П.Зальцманның «О.Сулейменов өлеңдерін оқығанда», С.Романовтың «Даладағы жәрмеңке», К.Барановтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», А.Гурьевтің «Еске алу: Қазақ жауынгерлерінің әні», Ш.Кенжебаевтың «Жолдағы әңгіме», С.Рахмановтың «Бұғаудан босану», А.Нақысбековтың «Менің жастығымның теректері», Т.Ордабековтың «Бұхар жырау» шығармалары мысал бола алады.

Қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме саласында халық суретшілері Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаевтың, Г.Исмайлованың, М.Кенбаевтың, С.Мамбеевтің, Н.Нұрмұхаммедовтың, С.Романовтың есімі оқушыларға таныстырылады. Ә.Қастеевтің «Түркісиб», Қ.Телжановтың «Жамал», «Көкпар», А.Ғалымбаевтың «Дастархан», Г.Исмайлованың «Қымыз», М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу», «Шопан әні», «Сары арқа», С.Мәмбеевтің «Жайлауда», Н.Нұрмұхаммедовтың «Папам келе жатыр», С.Романовтың «Жер туралы декрет», С.Айтбаевтың «Бақыт», Т.Тоғысбаевтың «Дала туралы балада», Ә.Жусиповтың «Менің Отанымның әйелдеру», А.Степановтың «Жер планетасынан келген адам», А.Молдашевтің «Жер, космос, Қазақстан», О.Нұржұмаевтың «Әке қабыры басында», Е.Толепбаевтың «Көкпар», Б.Тулкевтің «Әке портреті», «41 жыл», А.Нақысбековтың «Р.Қошқарбаевтың портреті» мазмұнымен де көркемдік деңгейінен де жоғары, көпке танымал шығармалар екендігі көрсетіңлді.

Қазақ бейнелеу өнерінің мүсін саласында даңқты мүсіншілер Х.Наурызбаев, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Толеков, Е.Сергебаев, Р.Ахметов есімдері құрметпен аталады. Мүсінші Х.Наурызбаевтың жасаған Абай ескерткіші, Т.Досмағанбетовтың Ә.Жангелдин ескерткіші, З.Сергебаевтің құйған М.Әуезов ескерткіші, Б.Толеновтың, Ж. Қуанышбаев портреті, Е.Мергеновтың «Әке портреті», Р.Ахметовтың «Ашаршылық» шығармаларын өнер сүйер қауымға кеңінен танымалы, шығрмалары екендігі әңгіме сабақтың арқауы болады.