Бастауыш сыныпта оқушыларға өнерді таныстыру барысында терминдерді қолдану мәселелері

  1. Бейнелеу өнерін оқыту барысында әр түрлі ұлт тілдерінен құралған терминдердің жүйесін оқушыларға меңгертудің көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудегі орны ерекше. Бейнелеу өнеріндегі көптеген терминдер шетел тілдерінің негізінде жасалған. Мұндай терминдердің мағынасы оқушылардың өз бетінше түсінуіне қиындық туғызады. Сондықтан сабақ барысында терминдердің мағынасына талдау қажет.

Тәжірибе көрсеткендей көптеген мектеп оқушыларының терминді меңгеруде білімінің төмен дәрежеде екендігі айқын. Оқушылардың өнертану терминдерін меңгеруінің төмен дәрежеде болуының көптеген себептері бар. Олардың қатарына мұғалімнің дер кезінде мағынасына талдау жасамауы, терминдерді сабақта пайдалану әдістерін көрсететін көмекші құралдың жоқтығы жатады.

Оқушылар терминдердің қай түрден шыққанын, мазмұнын жақсы меңгерсе, өнер шығармаларын өз бетінше талдап, өз түсініктерін екінші біреуге жеткізу қиындыққа соқпайды. ¤нертану терминдерін оқушыларға меңгертудің ұтымды жолы – бейнелеу өнерінің терминдерінің шығу себептерін ашып көрсету. Белгілі бір термин, белгілі бір ұғымды айқындайды. Терминнің этимологиялық негізіне талдау жасау өнертану ұғымдарын меңгеруге жәрдемдеседі.

Этимология сөзі гректің этимон – шын, сөздің негізгі мағынасы және логос – ілім деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Сөздің шын мағынасы туралы ілім деген ойды білдіреді. Терминдерге этимологиялық талдау жасау барысында бейнелеу өнері пәні мұғалімінің сөзі мына бағыттарды қамтиды: а)Терминнің айтылуы мен жазылуына сипаттама беру;
ә) Сөздің шығу төркіні мен пайда болуын әңгімелеу; б) Терминнің шет тіліндегі және ана тіліндегі мағынасын ашып көрсету.

Бейнелеу өнері терминдерінің талдау әдістері төмендегі үлгіде болғаны жөн. Мұндай талдауды мұғалім өнер шеберлері, бейнелеу құралдары, бейнелеу әдістері туралы мәліметтермен сабақ барысында толықтырады. «Акварель» – латынның «адиа» (су) деген сөзінен шыққан. Суға езіп жазатын бояуды және осы бояумен жазылған шығармаларды «акварель» деп атайды. «Анималист» – аңдар мен құстардың суретін салумен шұғылданатын адам, (суретші). Ол латынның «анимал» (хайуанат) деген сөзінен шыққан. «Витраж» түрлі түсті әйнектермен терезелерге салынған сурет, француздың «Витре» – терезе әйнегі деген сөзінен шыққан.

«Гравюра» француздың «гравер» деген сөзі. Ол затты ою, наќыштау деген түсінікті білдіреді. «Графика» ќарындашпен, тушпен немесе бір нәрсенің бетіне ойып ќаѓаз бетіне т‰сріген сурет. Графика «гравфо» – жазамын, суретке саламын деген грек сµзінен шыќќан.

«Интерьер» ‰йдіњ ішкі бµлігін кµркем безендіру. Ол француздыњ «ішкі» деген маѓынасын білдіретін сµз. «Композиция» деген картинада бейнелейтін кµріністер бейнесіне белгілі бір ретпен орналастыру, үйлестіру, құрастыру деген ойды білдіреді. Композиция деген «Гомпоситис» – ойлап шығару құрастыру деген мағынаны білдіретін латын сөзі. «Маринист» – теңіз көріністерін бейнелейтін суретші. Бұл сөз латынның «маринус» – теңіз деген сөзінен шыққан. «Натюрморт» – тұрмыстағы заттарды, жемістерді, гүлдерді, жануарларды, табиѓатты бейнелейтін картиналар. “Натюрморт” француздың “табиғат” деген ұғымын білдіреді. «Орнамент» – симметрия немесе ритм ережесіне сәйкес суреттер мен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналастыру. Ол латын сөзінен шыққан. «Орнаментум» – әшекей деген ойды білдіреді. «Офорт» – лак жаққан металдың бетіне ойылып, одан қағазға түсірілген сурет. Офорт – «ау-форте» (қатты су) деген мағынаны білдіретін француз сөзі.«Перспектива» – табиғаттағы заттар өлшемдерінің алыстаған сайын кішірейіп, бояу түрінің бұлыңғыр болып көріну құбылысы және оны бейнелеу әдісі. Перспектива латынның «перспигерс»- “тасадағыны көре білу” деген сөзінен шыққан. «Пропорция» – зат өлшемдерінің сәйкестігін білдіреді. Ол латынның «пропортино» – “үйлесім, сәйкестік” деген ұғымды білдіреді. «Силуэт» – жарық көзіне жақын тұрған адам немесе заттың алыстан қарағандағы көлеңке түріндегі көріністің суреті. Бұл француз Этьен де Силуэт деген адамның есімімен аталған. «Фреско» – жаңа ғана әктелген сыз қабырғаға езілген бояумен салынатын сурет. Ол италия халқының «фресго» – шикі, жаңа жасалынған деген мағынаны білдіреді.

Терминдерге этимологиялық талдаулар жасау сабақта немесе сабақтан тыс бейнелеу өнері жұмыстарында жүзеге асады. Нұсқаға қарап сурет салу сабақтарымен қатар бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарды терминдердің шығу негізіне талдаулар жасау ұтымды. Басқа сабақтарға қарағанда әңгіме сабақтарда бейнелеу өнерінің 7-8 шығармасына талдау жасалады. Мұғалім сабақ барысында қолданылатын терминнің мән-мағынасын көрнекті етіп жазып, тақтаға іліп қояды. Түсіндіруі қиын соғатын перспектива сияқты ұғымдар туралы анықтамаға қосымша сурет салынады. Терминге талдау жасау кезінде тарихқа қатысты әңгімелер айтып беру ұтымды. Мысалы, импроссионистер термин қолдану барысында ХІV ғасырдың екінші жартысында Францияда өзіндік бейнелеу әдістері бар суретшілер тобы шықты. Олар әдеттегідей суретті шеберханада емес табиғат арасында салуды, алған әсерін тез бейнелеуге тырысты. Бұл суретшілердің шығармалары алғаш рет Париж қаласында көрмеде қойылған соң оларды импроссионистер деп атады. Француздың «импрессион» – “әсер” деген мағынаны білдіреді. Терминдердің пайда болуын ашу мақсатындағы мұғалімнің деректі әңгімесі, оқушының өнертану ұғымының қалыптасуына жәрдемдеседі.

Әңгіме сабағы барысында “силуэт” деген сөзді қолданады. Силуэт термині адамның атына байланысты шыққан. Этьен де Силуэт деген адам ХVІІІ ғасырда Францияның финанс министрі болған. Сол кездегі бір суретші министрдің суретін салады. Суретте адам бейнесі әдеттегідей емес көлеңке тәрізді бір (қара) түсті бояумен салынған. Осы кезден бастап сурет салудың осы әдісі министрдің атымен силуэт деп аталып кеткен. Осындай терминдерді талдау барысында деректі әңгімелер оқушылардың қызығушылығын арттырып, ынталандыра түседі.

Өнертану тілінің бір бөлігі болып табылатын кейбір терминдерге этимологиялық талдау жасау оқушылардың өнертану ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылардың көркемдік білімін көтеріп, өнертану әдебиеттерін өз бетінше оқуға жол ашады. Сөйлеу мәдениетін арттырады. Сәндік сурет салу сабағында мұғалім көптеген атаулар мен терминдерге түсініктер беруге тура келеді. Сәндік қолданбалы өнер шығармаларын талдау барысында оның теориялық негізін құрайтын терминдердің шығу тегіне тарихи, ғылыми деректермен байланысты әңгіме қозғау орынды. Оқушыларды сәндік өнермен таныстыру барысында ою-өрнектердің ерекшеліктері мен оның атаулары жайлы толық мәліметтер беру аса пайдалы.

Қазақ халқының бейнелеу өнері мен бейнелеу өнерінің атаулар жүйесі революцияға дейінгі кезеңде халықтық қолөнерге байланысты қалыптасты. Қолөнер туралы арнаулы еңбектің авторы С.Қасимановтың «Қазақ халқының қолөнері сонау ерте заманның тарихымен бірге өсіп қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол тек қазақ халқының ѓана емес, туысқан Орта Азия халықтарының, орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатыр. Қазақ халқының тарихы басқа халықтардың тарихы сияқты өндірістік қатынастардың даму шежіресі» (С.Ќасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1977. 3-бет) деген ойы өте құптарлық. Сондықтан қазақ халқының бейнелеу өнерінің атауларының қалыптасу кезеңдерін Орта Азия халықтарының тарихымен байланыстыра қараған жөн.