Ежелгі Римдегі суретті салу әдістемесінің тарихы

  1. Ежелгі Римде грек суретші-педагогтардың жетістіктері өз жалғасын алу керек еді. Римдіктер өнерге үлкен сыйластықпен қарады, әсіресе грек сурет-шілерінің шығармаларын бағалады. Бай адамдар картина коллекцияларын жи-нақтады, императорлар қоғамдық пинокотека (мұражай) салғызды. Суретті жалпы білімдік мектепте берді. Бірақ римдіктер суретті оқыту әдісте-месіне жаңашылдық енгізген жоқ. Суретшілер өнердің үлкен проблемаларына аз көңіл бөлді, оларды жұмыстың қолөнер-техникалық жағы қызықтырды. Үлгіден көшіру болды, Грецияның атақты шеберлерінің жұмысының тәсілін қайталау болды. Сонымен қатар римдік суретші-педагогтар Греция суретшілері қолданған ойластырылған суретті оқыту әдістемесінен алшақ кетті.

Орта ғасырда көптеген реалистік өнер жетіктіктері бағаланбады. Суретшілер Ежелгі Грецияда осының көмегімен керемет суретшілер мен кескіндемешілер тәрбиелеген ұлы шеберлер қолданған оқыту әдісін, бейненің кеңістікте перспективалық орналастыру ережелерін білмеді. Шіркеу қызметкерлерімен осы кезеңде Грецияның көптеген атақты шығармалары, оқыту әдістемесі айқындалған теориялық еңбектері жойылды.

Б.э. дейінгі IV—III ғасырларда Жерорта теңізі маңайында Римнің күшеюіне байланысты оның айналасындағы мемлекеттер жауланып алына бастады. Алғаш олар этрус қалаларын, одан кейін Апенин түбегін бағындырды.

Б.э.д. III—II ғасырларда үздіксіз соғыстың нәтижесінде өздерінің басты бәсекелесі, — Карфагенді күйретті, оның артынша Грекия мен Жерорта теңізі өңірін жаулап алды. Сөйтіп олар б.э.д. I ғасырда ірі құл иеленуші күшті державаға айналды.

Рим мәдениеті, өнері этрустар мен гректердің пәрменді ықпалымен дамыды. Алғашында олардың мәдениеті мен өнеріне этрустар едәуір әсер етті. Олар әсіресе этрустардан халықты жікке бөлуді, әдет-ғұрып, діни-нанымдарды, әскери ұйымдастыру мен театр ойын-сауықты, құрылыс тәсілі мен гладиаторлық шайқастарды өздеріне дарытты, солардан қабылдап үйренді.

Римдіктердің тарихында бірнеше ғасырға дейін этрустардың мәдени тұрғыдан басымдылығы сақталып келді.

Грекияның жаулап алынуы да римдіктерге өнер талғамының тамаша нәрімен сусындауына жол ашты. Сол кезде Рим ақыны Гораций былай деген екен: «Тұтқындалған Грекия өзінің өнерімен жабайы жеңімпаздарды жаулап алды». Ақын асыра айтқанымен, Грекия өнерінің римдіктерге үлкен мәдениет әкелгенін, эстетикалық ой-
өрісін дамытқанын білдіреді, римдіктердің олардың өнеріне бас игенін көрсетеді. Тіпті б.э.д.ІІ-ғасырда грек тілі рим ақсүйектерінің тіліне айналды. Жан-жағындағы елдерді жаулап, өз үстемдігін орнатқан римдіктер тәуелді патшалықтардыңасыл қазынасын, көз тұнатын ескерткіш-мүсіндерін ашқарақтықпен әкетіп жатты. Соның арқасында императорлар мен белсенді ақсүйектердің сарайлары мен гүлзарлары, қоғамдық ғимарат алаңдары неше түрлі мүсіндерге толды. Бұлардың ішінде Фидий, Мирон, Поликлет, Скопе, Пракситель және Лисипп сияқты ұлы шеберлердің туындылары да болды.

Римдіктер грек сәулетінен көп нәрсе үйренді, оны сол кездегі құрылыстардан байқауға болады. Сонымен бірге әрқилы көпір, жолдар салуда шеберліктерімен даңқы шықты. Б.э. дейінгі 312 жылы Аппий Клавдий бастаған құрылысшылар өз заманындағы атақты тас жолды төседі. Тас жол білгір инженердің атымен Аппий жолы деп аталды. Жол кезінде стратегиялық үлкен роль атқарған, сонымен бірге астана — Римді Италияның басқа қалаларымен жалғастырды. Кезіндс осы жолмен жаугершілікке аттанған, бақайшағына дейін қаруланған рим легиондары өткен. Б.э. дейінгі 71 жылы ұзақ соғыстан кейін жеңіліске ұшыраған Спартак көтерілісшілерін, әдейі халық көріп сескену үшін ашамайға таңып асып өлтірген.

Рим шеберлері сарайлар салуда гректер мен этрустардың және шығыс елдерінің бай тәжірибесін пайдаланады. Рим сәулетін айтқанда, рим форумы ерекше аталады, Қорым кезінде қоғамдық ғимараттар тоғысқан орталық болған. Қазір қорымнан қалғаны—тек Сатурн храмының сегіз гранит бағанасы ғана. Храмды б.э. дейінгі I ғасырда Цезарь салдырған.

Бейнелеу өнерінде римдіктер портретке көп көңіл бөлді. Гректерденғажайыпаңыздарға,құдайларды дәріптейтін тақырыптарға бармай, өмірде болған уақиғаларға иек артты. Тарихи тұлғаларды мүсіндеу жолға қойылды. Сол кездегі елеулі мүсіннің бірі — Римнің соңғы патшасы Тарквиниді қуған көтеріліс басшысы Юний Бруттың бейнесі.

Біздің жыл санауымыздың басында Италияда республикалық құрылыс құлап, оның орнына императорлар басқарған Рим империясы орнады. Алғашқы император болып Октавиан Август тағайындалды. Б.э. бұрын 27 жылы ұлы патшаға Рим сенаты «құдіретті» деген атақ табыс етті. Осыдан кейін (Августан кейінгі) императорлардың бәріне де осы атақ берілді. Август басқарған үкімет басқа халықтарға өте қатал саясат ұстады. Саясатта болсын, әдебиетте болсын, римдіктердің басқалардан артықшылығын баса көрсетті. Бірақ та осындай тәкаппар, менмен римдіктер Грек өнеріне келгенде бастарын иді, олардың озық ойлы азаматтарын сыйлап, құдайларын құрмет тұтты. Император үлкен реформаторлық өзгерістер әкелді. Қала, инженерлік құрылыстар тұрғызуды қолға алып, ғажайып үлкен сарай-храмдар салдырды. Ең бірінші Рим қаласын қолға алды. Ескі кірпіштен қаланған шаһарды қайта жаңғыртып, жарқыраған мәрмәрден салдырды. Ежелгі Мысырдың ұлы перғауындарының жолын қуып, асқақ та айбынды құрылыстар тұрғызуға әмір етті. Ондай құрылыстар арқылы империя күші мен қаһарын көрсетуге тырысты. Император қиялының өмір шындығына айналуын заманымыздың 50—70 жылдары салынған Колизей амфитеатры куәлайды. Құрылыс қабырғасы ірі тас кесектерден қаланған, биіктігі 50 метр. Амфитеатр үш ярусты қабаттан тұрады. Ярусты арқаларды әр түрлі мүсіндермен көмкерген Ортаңғы бөлігінде жансірілер (гладиаторлар) шайқасатын дөңгелек алаңқай бар. Амфитеатрға бірден 50 мың адам сияды. Оның ішінде жүздеген бөлмелер, демалатын, жуынатын, жансерілер жататын, жабайы аңдарды ұстайтын орындар, т.б. орын тепкен. Ғажайып құрылыс ғасырлар бойы әлденеше жер сілкінуден, өрттен ауыр зардап шекті.

Колизей құрылысының негізін құрайтын арка мен итарқа рим өзгешелігін айқындап тұратын шығыс сәулеттік құрылысының белгісі. Аркалар көпірлер салуда, су құбырларын жүргізуде қолданылды. Қалаларды сумен қамтамасыз етуде, су құбырының жолында өзендер мен терең шатқалдар кездескенде, оны көтеріп тұратын ярусты аркадалар тұрғызылды. Сондай аркадалы су құбырының бірі — Гард көпірі. Құрылыс Рим қаласын сумен қамтамасыз ету үшін I ғасырда салынған. Көпірдің үстінен су құбырлары өтетін болған. Гера өзенінің үстіне салынған көпір биіктігі — 49 метрге жетіп жығылады.

Императорлар өздерінің жеңісі мен айбынын білдіретін ескерткіштер соғуда да арка тәсілін қолданды. Ежелден сақталып келе жатқан арканың бірі — император Титидің жеңісіне қойылған құрылыс. Тағаны мен қабырғасы мәрмәрмен қаланып, төбесінде император мен жеңіс тәңірінің төрт ат жегілген күймемен келе жатқан қола мүсіндері орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 20 м. болады.

Империя дәуірінде ауқатты адамдардың, абыз, ақсүйектердің қалай тұрғаны, көздің жауын алатын әсем өрнекті, байлыққа толы жиһазды үйлерінің қандай болғаны Геркуланум мен Помпейдің қалдықтарын аршығанда көз жетті. Қалалар біздің заманымыздың 7 9 жылы Везуви жанартауының кенеттен атқылауынан опат болып, ғасырлар бойы күлдің астында қалған.