Шешендіктану ғылымының қағидалары

Шешендік өнер халықтық – демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.х.д. 594 жылы Афины басқарушысы әрі ақыны Солонның кұлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендік тану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдында айтылатын сөзді алдын – ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған.

Солон заңына ұқсас заң “Жеті жарғы” қазақ елінде де болды. “Жеті жарғының” атақты жеті биімен ақылдасып отырып кабылдаған хан Тәуке еді. “Жеті жарғы” бойынша да әркім өз жоғын өзі жоқтауға, өзінің әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнерді үйренуте, сөз бостандығының жандануына жол ашты. Ежелгі шешендіктің Отаны саналған Римда да римдіктер қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы болған. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығандығын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизиннің: “Шешендердің аз болу себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жок деген сөзін келтірген Б.Адамбаев: “Шешендік өнер кай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам кұлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайдың “Халық даналығын”,А. «Рауан», 1996, 148-6)-, деген болатын. Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамдық жағдайлармен және халықгың бас қосу жиналыстарымен байланысты болғандығын қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Әсіресе халық астың мәні үлкен болған. Ә.Бөкейханұлының сөзімен айтсақ қазақтың үлкендеріне ас бергенінің бір пайдалы жері асқа жиналған халықтар іс тексеріп, дау бітіреді екен, бұрынғы жиналыстарда бітпей қалған дауларды шешеді екен. Халық жиналатын жерлердің бірі- ақындар айтысы. Ақындар айтысы да, ас пен той сияқты, шынайы шешендер сөз сайысына түсетін және шындалатын орындар болған. Ердін, елдің тағдыры сөз болатын, соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын бұрынғы хан кеңестері, қазіргі парламент сарайлары, сап залдары — саңлақ шешендер мен саяси қайраткерлерді калыптастыратын орындар. Дүние жүзіне есімдері әйгілі шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны да осыдан. Мысалы, ежелгі Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон парламент басшылары болса, орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевако, Л.Ф.Кони заң қызметкерлері еді. Қазақ елі тарихындағы шешендердің кімдер болғандығын бірінші тарауда егжей-тегжейлі айтып өттік.

Бірақ шешендік сөздер тек ас пен тойда, жәрмеңке — жиындарда айтылған дау-тартыс, ақындық айтыстармен ғана шектелмеген, дейді Б.Адамбаев. Жазда жайлауда жиі болатын ас-тойларда, мәжіліс жиылыстарда, жай қонақта көпті көрген қарттар үлгілі, өнегелі сөз айтып отыратын салт болған “Халық даналығы”, Бізге жеткен нақыл, өсиет, әзіл-тақпақ сөздер осыны айғақтайды. Сол салт бойынша жастар арасында да тапқырлыққа кұрылған сөз жарыстары өтіп отырған. Сөз жарысына түсу үшін халық тілінің байлығын молынан меңгеру қажеттігі туады. Олар халық тілінің байлығын халық ауыз әдебиетінен үйренді. Халық ауыз әдебиеті мұраларын көп жинаған түрколог ғалым В.В.Радлов қазақ тілінің түпкі түркілік сипатын сақтап қалған тазалығын, табиғилығын, үндестік заңына бағынған әсемдігін айта келіп: “Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына карағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті”, — деген сөзіне немесе “Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді.