Мақыш Қалтайұлы (1868-1916)

Мақыш Қалтайұлы Ақмола маңында туған. Жасынан мұсылманшы көп оқыған. Қажыға барып қайтқан. Бұрынғы Целинаград, қазіргі Көкшетау. Солтүстік Қазақстан обылыстарында, Троицкіде молда болып, бала оқытып, қажылық құрып өмір сүрген. Бұрынғы Семей, Жетісу губернияларындағы қазақтар арасында да болған.

Өзінің айтуы бойынша, Мақыш 1907 жылдан бастап әдебиетпен айналысады: кітаптар жазып, бастырады. Ол өз жанынан алты кітьап жазған, татар тілінен екі кітап аударған. Ол – үлкенді- кішілі сегіз кітап бастырып шығартқан.

Мақыш “Насихат қазақия” (1907) кітабында көптеген күрделі мәселелерді қозғайды: дүние, тіршілік, заман туралы, семья, ұлт, отан жайлы, дін. Ұждан, әдет-ғұрып, мінез, әдеп мәселесіне ой-пікір айтады. Ол бхұларды діни уағызбенжалпы ізгілік, адамгершілік сипаттапрогрестік жолиен түсіндіреді.

“Қалтайұлының қазақ ахуалын баян еткен манзумасы”(1909) кітабында негізгі тақырып: қазақ әкімдері, ишандар хақында, Қазақтың қатын алуы хақында, ғылым үйрену парызы, ата, ананы, ұстазды ренжітпеу хақында жалған ант, пақырлар хақында, қажы хақында, үміт қылу хақында.

“Мәшһүр Қалтаев”(1910)Мақыштың бұл кітабы лншақты мысалдан құралған. Бәрі де мінез-құлық, адамгершілік туралы насихат, ғибрат сөздер.

“Қазақтың айнасы” (1910) Мұндағы мақсаты – заман жайын, қазақ халін айнада көргендей етіп көрсету, оларды “бетің қисық болса, айнаға өкпелеме” деген оймен сынайды.

“Тура жол”(1912) Мазмұны : 1) Заман хақында, 2) Қожалар хақында, 3) Жастар хақында, 4) Рух (жан) хақында, 5) Мақсатым, 6) Кітап бастырушылар хақында, 7) Газеттің керектігі хақында бір-екі сөз.(бұл мақала).

«Айна»(1913)(Авторы З. Карими. Татаршадан аударған М. Қалтаев.)мазмұны: 1. Айна. 2. Шиғыр жыр. 3. Міллет. 4. …Ға. 5. Қатындардың бала уатуы. 6. Алтынға. 7. Досыма бір кеңес. 8. Қалам. 9. Қаламның айтқаны. 10. Ауру халімдегі уақиғалар. 11. Ығылан. 12. Сыбия бір қызға. 13. Қара теңіз елі. 14. Сопылық. 15. Арулықта.16. Бір қартқа жауап. 17. Жұмбақ. 18. Өлімнен ұят күшті. 19. Бр-екі сөз.

«Сақ. сұқ». 1913 жыл. (Авторы Ғ. Ғ. Рашиди). Татаршадан аударған М. Қалтаев. Кітап өлеңмен жазылған. Ертегі және бірнеше өлеңнен құрастарған