Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)

үйренген. Бірақ ол молдалықтан қол үзіп, «Дала уалаятының газеті», «Айқап» бетінде елдің әл-ауқаты мен хал-жағдайын қатысты өлең-мақалдарын жариялап, қазақ ауыз әдебиетін көп жинаған адам. Көзі тірісінде бірнеше өлеңдер жинағы жарық көреді.

М. Көбеевтің Н. Наушабаевтан айырмашылығы, ол өз кезеңінің саяси жағдайынан хабардар болады. Реакция жылдарында патша өкіметі 1905 жылғы 17 қазан мерекесін шығарып, жұртқа сөз, ұждан, право бостандығын беремін деп бірақ келер жылы сол манифесті ауызға алғандардың бәрін де қамауға алған. Осы қиянатты көрген ақын:

Қазаққа бұл күнгеше есіттірмей,

Аты бар, өзі жоқ қып қойды басып.

Түңілді естіген жұрт мұнан таза,

Дым да жоқ білмегенге, білгенге аза,

Манифест бар деушілер тұтқын болып,

Кесілді еш себепсіз оған жаза,-

деп толғнады. Қазақ халқы сенім артқан, көзін тіккен 1905 жыл оқиғасы жеміс бермеді дейді. «Бар құдай бізге жарық таңды атыр» деп, бостандықты көксейді. Бірақ оны күрес жолымен емес, «халыққа мархабатшы патшаның» өз қолынан алмақ. Ақын ендігі үмітін думаға артады. «Дума туралы» деген өлеңінде Жүсіп думаға жақсы адамдар сайлансын, қойылатын талап –дін бостандығы, мұжыққа кеткен жерді қайтару, құрмет ұраны болсын дейді.

Манифест сияқты думадан да ешқандай «бостандық» күтуге болмайтын еді. Ақынның көз қарасындағы қайшылықтар жер мәселесіне келгенде де байқалады. Қазақ кедейлерінің жерсіз қалып, тұрмысының ауырлауына орыс мұжықтарының көптеп ағылыуы басты себеп екенін, көп жазды.