Ертегілерлердің түрлері

Барлық елдің ауыз әдебиетінен тел орын алған және жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.

Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған. Бұл жөнінде ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Сонымен ертегі, әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшырағын, бір ертегі бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып арласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой арманы, дүние танымы мен көзқарасы т. б көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез әрекеттерін, білу үшін аса керекті матеріал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.

Әрине ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілерде бар.

Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты болады. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді.

Ертекші шығарманың адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық еретегілерін жинап, зерттеген А. Н. Афанасьев, Н. Е. Ончуков, М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов т. б “халық арасынан шыққан әрі ертекшілір ертегі айтуды үлкен шығармашылық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”, — дейді.

Ертегілердің түрлері :хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.

Хайуанаттар жайындағы ертегілер – бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер – “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б ертегілер жатады.

Қиыл-ғажайып ертегілер ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып етрегі — әңгімелер туған. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне “Ер Төстік”, “Керқұлла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнекей қыз” ертегілері жатады.