Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері

Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тіл де фольклор деп. аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.

Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл — күйін, тұрмыс – салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады :

а) фольклорлық үлгілер ауызша шағарылады, әрі ауызша тарайды;

ә) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады ;

б) дағдылы тіркестер, бір — біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі;

в) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипатты сақталынады.

Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В. Томсон, ол 1846 жылы Лондонда шығатын “Атенеум” газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған : “халық поэзиясы”, “халық шығармашылығы”, “халық ауыз әдебиеті”, “халықтың сөз өнері”.

Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.

Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “” “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.

Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.

Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский“Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой – сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А. Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. қарады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп. аталды. Оны Рессейде А. Н. Пыпын, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса – ақ болғаны, оны олар бір – бірінен ауысып алған деп. есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым – қатынас, сауда – саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп. дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.