Жай сөйлемдегі құрылымдық типтері

жай сөйлемнің құрылымдық түрлерінен мәлімет беру.

  1. Жақты сөйлем

Тұрлаулы мүшелері белгілі жақта қиысқан, үнемі бастауышы бар, бірақ ол кейде арнайы айтылмай-ақ, баяндауыш арқылы табылатын сөйлемдіж а қ т ы с ө й л е м дейміз.

Мысалы: 1. Мен қоғамға еңбегімді арнадым. Жарасыммен, шабысыммен майданда озбай қоймаймын.

Берілген сөйлемдардің екеуінде де мен деген І жақ жіктеу есімдігінен болған бастауыш бар. Ол бірінші сөйлем құрамында айтылып, екінші сөйлем құрамында айтылмаған. Бірақ соңғы сөйлемнің бастауышы мен деген сөз екенін ондағы баяндауыштың (қоймаймын) тлғасы-ақ көрсетіп тұр.

Кейбір жақты сөйлемдер белгілі бір жақпен нақтыланып айтылмай, ш жаққа да тән болып қолданылады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе ІІІ неІІ жақта тұрады. Мысалы: Ол кезде көмірді қауғамен, тартатын. Қыс азығын жаз жина.

Осындай, мағынасы үш жаққа ортақ болып келген жақты сөйлем жалпылама ж а қ т ы с ө й л е м деп аталады.

Жалпылама жақты сөйлемдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі.

  1. Жақсыз сөйлем

Тұрлаулы мүшелері кірігіп күрделі баяндауышқа айналған, бастауышсыз сөйлемді ж а қ с ы з с ө й л е м дейміз.

Мысалы: 1. Малды ажарлы қылып асырау керек. 2. Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. 3. Таяудағы жылдарда киім мен аяқ киім шығаруды едәуір молайтуға тура келеді. 4. Бұл туралы бірнеше сөздер айтқым келеді.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары

Жақсыз сөйлемнің баяндауышы үнемі күрделі болады да, мынандай жолдармен жасалады:

  1. Ондай күрделі баяндауыштың құрамындағы бастауыш ыңғайлы сөз көбінесе етістіктен болады:

а) жай не тәуелденген етістіктен соң керек, қажет, мүмкін, тиіс сөздерінің бірі келу арқылы. Мысалы: Мына кісінің айтқан адамын көру керек. Міне, сондықтан біз тілімізді байытуымыз керек. Тоңазытқыштар, ыдыстар, дастарқандар, түрлі галантериялар сияқты тұрмыста қолданылатын бұйымдар өндіруде пластикалық заттар ерекше орын алуға тиіс.

ә) Барыс жалғаулы жай не тәуелденген тұйық етістіктен кейін тура келу (келмеу), болу (болмау), жарау (жарамау), керкек (керке емес) сөздерінің бірі айтылу арқылы.Мысалы: Осындай шақта мұхит ар жағына сапар шегуге тура келді. Жұмыс істеуге әдеттену керек. Мұндай тығыз жұмысты ертеңге қалдыруға болмайды.

б) Тәуелсіз етістік пен келеді (келмейді) деген көмекші етістіктің тіркесуімен. Мысалы: Мен жұрттың бәрін сұлу кейпінде көргім келеді. Ол бұған ой тоқтатқысы келмейді.

в) –п (-ып, -іп) тұлғалы көсемшеге болмайды деген болымсыз көмекші етістіктің тіркесуімен. Мыалы: Оның шек-сілесі қатты. Баланың қорыққандықтан жүрегі аузына тығылды. Көзім енді жетті.

  1. Толымды және толымсыз сөйлемдер

Белгілі дәрежеде аяқталған ойды білдіруге қатысты мүшелері түгел айтылатын сөйлемді т о л ы м д ыс ө й л е м дейміз.

Мысалы: Тың игерушілер астықтан мол өнім алды. Колхозшылар жемшөп әзірлеуге кірісті.

Ойға қатысты кейбір мүшелері алдыңғы сөйлемнен немесе сөйлемдегі сөздердің грмматикалық тұлғаларынан-ақ белгілі болғандықтан айтылатын сөйлемдіт о л ы м с ы зс ө й л е мдейміз.

Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Мәкен бұл кісіні таниды екен. Баяу, салмақпен басып оның қасына тоқтады. Ат тарта жөнелді.

Баяндауыш тұлғасынан-ақ белгілі болғандықтан бірінші сөйлемдегі бастауыш (мен) айтылған. Екінші, үшінші сөйлемнің бастауышы – Мәкен. Ол алдыңғы сөйлемнен белгілі болғандықтан, соңғы сөйлемде арнайы айтылмаған. Ең соңғы сөйлемде арбаны деген тура толықтауыш та жоғарғыдай себеппен қайталанбаған.

Сөйлемдегі ойды білдіруге қажетті сөздер мейлінше ықшам қолданылады. Әрбір сөйлем сөйлеу жүйесіне қатысты болғандықтан, бір сөйлемде айтылған немесе басқа жағдаймен белгілі болған сөздер келесі сөйлемдерде қайталауды керек етпейді. Осыған байланысты, қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдер көбінесе мынандай жағдайларда көрінеді:

  1. Баяндауышы І,ІІ жақ жіктік жалғаулы сөзден жасалған сөйлемдер баяндауышсыз-ақ айтыла береді. Айтылмаған бастауыштар (мен, біз, сен, сендер, сіз, сіздер деген жіктеу есімдіктері) баяндауыштағы жіктік жалғаулары арқылы белгілі болады. Мысалы: Жұмыстан соң оқимын (мен). Жолдастар, еңбек өнімділігін арттырыңдар (сендер).
  2. Ілік септігіндегі өздік және жіктеу есімдіктерінен болған анықтауыштарсөйлемдегі тәуелдік жалғаулы сөздерден-ақ белгілі болғандықтан айтылмайды. Мысалы: Қарындасым трактор айдайды (менің). Ол қазір жұмысына кетеді (өзінің).
  3. Алдыңғы сөйлемнен белгілі болып тұрған сөйлем мүшелері қайталауды қажет етпейді.

Мұндай толымсыз сөйлемдер әсіресе диалогта жиі кездеседі. Мысалы: — Ағылшын тілін білесіз бе? – деді Ықылас. – Аздап.

Соңғы сөйлем аздап деген бір сөзден жасалып, алдыңғы сөйлемде айтылан сөйлемдер қайталанбаған.

  1. Бастауышқа ерекше ой екпіні түсіріліп сөйлем соңында айтылғанда, жатыс, барыс септігіндегі сөздерді меңгерген баяндауыш сөйлем құрамында айтылмай қалады. Ондай баяндауыштар көбінесе бар деген сөз бен дербес мағынада қолданылған бол, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерінен жасалады. Мысалы: Үлкен ақ үй есігінің алдында жолдас Макаров тұр. Үстінде ақ көйлек. Қасында институт партия хатшысы.

  1. Атаулы сөйлем

Бастауыш тұлғалы сөздер мен сөз тіркестері кейде арнайы ой екпінімен, сезімді дауыс ырғағымен айтылады да, сөйлем ыңғайында қолданылады. Мұндай сөздер мен сөз тіркестері а т а у л ы с ө й л е м деп аталады.

Мысалы: Вокзал. Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан поездар. Бірі кетіп, бірі келіп жатыр. Бірінен-бірі айырғысыз жебе құлақ, күміс бақай ақ қозылар. Барлығы дерлік марқайып, жетіліп кеткен.

Атаулы сөйлемдер дербес жұмсалмайды, басқа сөйле қатарында айтылады. Сондықтан ондағы ой өздігінен аяқталмай, баяндалуға тиісті негізгі ойдың жалғасын керек етіп тұрады.

Атаулы сөйлемдарде көбінесе мекендік, мезгілдік және заттық ұғымдағы атаулар арқылы болмыстағы заттар мен құбылыстар бейнеленеді. Мұндай сөйлемдер әсіресе көркем әдебиетте жиі ұшырайды.