Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сөйлем құрамында келіп, белгілі бір сұраққа жауап беретін сөзді не бір ұғымды білдіретін сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.

Мыс: Төрдегі үстелдің үстінде шам жанып тұр. Төрдегі , шам деген дара сөздер мен жанып тұр деген күрделі сөзүстелдің үстінде деген сөз тіркесіберілген сөйлемнің бір-бір мүшесі болып тұр.

Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.Мыс: жоғарғы сөйлемнің жеке мүшелеріне мынадай сұрақтар қоюға болады: не жанып тұр- шам; қайда жанып тұр?- үстелдің үстінде; қайдағы үстелдің үстінде?-төрдегі; т.б.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш.

Бастауыш – атау тұлғада келіп, баяндауыш арқылы көрсетілген қимыл, іс-әрекеттің , жай күйдің не басқа сапаның иесі болатын сөйлемнің тұрлаулы мүшесі

Баст-қа қойылатын сұрақтар: Кім ? не? Кім дер? Нелер? Кімім? нем? Қайсысы? Қаншасы? Нешесі т.б.

Марат (кім) қырманға келді . Олар (кімдер) өмірден сабақ алды. Енді жоспарымыз (неміз) бұрынғыдан да өсе түсті.

Бастауыш болатын сөз таптары

Бастауыш кез келген сөз табынан жасала береді. Көбінесе зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер бастауыш қызметінде жұмсалады.

Зат есімнен болған бастауыштарға мысал: Ердің атын еңбек шығарады.

Есімдіктен: Ол – мектептің таңдаулы оқушысы.

Сын есімнен: Жұмыстың жаманы жоқ.

Сан есімнен: Екеуі қайдағы бір түсініксіз нәрсе жайында таласып кетті.

Есімшеден: Шешінген судан тайынбас.

Дара бастауыш пен күрделі бастауыш.

Жеке бір сөзден жасалған бастауыштыдара бастауыш дейміз. Мысалы: Білім – адамның қанаты.

Екі не одан да көп сөздерден құралған бастауышты күрделі бастауыш дейміз. Мысалы: Бір жүз жиырма бес екіге тең бөлінеді.

Баяндауыш.

Бастауыштың қимыл іс- әрекетін, жай-күйін не басқа сапасын көрсететін сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш д/з.

Баяндауыш болатын сөздердің мағынасына қарай оларға қойылатын сұрақтар да әр түрлі. Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғандына байланысты не істеді, не қылды, не етеді, қайтеді, кім, не, кіммін, кімбіз, кімің , нең, қандай, қалай, қайтіп, қанша т.б.

Мыс: Құрымбай- белсенді мұғалім. (кім?) Біз – жұмысшымыз(кімбіз?). Жыл өткен сайын жасарған Жамбылым қандай тамаша(қандай?)

Баяндауыштан болатын сөз таптары

Сөйлемде көбінесе баяндауыштан болатын сөз таптары – етістік. Мысалы: Мен барлық жайды асыға баяндадым.

Зат есімнен: Біз – жұмысшымыз.

Сын есімнен: Онысы, әрине, жақсы.

Сан есімнен: Бұл күнде біз екеу емеспіз, үшеуміз.

Дара баяндауыш пен күрделі баяндауыш

Жеке бір сөзден жасалған баяндауышты дара баяндауыш, ал екі не бірнеше сөзден құралып, бір ғана ойды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз.

Дара баяндауыш: Құрылыс жұмысы қызуда.

Күрделі баяндауыш: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.