Буын мен тасымал

Сөздегі дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын бөлшегі буын деп аталады ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.

Қазақ тілінде үш түрлі буын ьар

Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстығааяқталады, нетек дауысты дыбыстан тұрады а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-лат.б.

2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.

3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ т.б.

Тасымал.

Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігінен жасалады.Мысалы,қа-лам, қа-зір, мек-теп сияқты сөздерді тасмалдау қажет болса, осы көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасмалдауға болады. Сөзде бірнеше буынболғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындарыкелесі жолға тасмалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасмалдауға болады ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру, хабар-ландыру, хабарлан-дыру т.б.

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар

Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.

Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптертұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.

Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.

Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды: А.Құнанбаев, М.О.Әуеуов, С.Мұқанов т.б.

Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды: 15м, 30см, 60 т.б.