Романтизм және реализм әдісі

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX бас кезінде феодалдық крепостнойлық қоғам іріп, ыдырап, буржуазия қанат жая бастаған дәуірде , орыс және Батыс Еуропа әдебиетінде қанатын кең жая бастаған әдеби ағым романтизм болды.

Қоғам өміріндегі экономикалық өзгерістер идеологиялық мәселелерде де әр алуан өзгеріс, әр түрлі көзқарастарды туғызды. Айналасында болып жатқан өзгерістерге, өмір құбылыстарына қалай қарау мәселесі, әсіресе көркемөнер, әдебиетте анығырақ байқалды.

Дамып, өсіп келе жатқан капитализмнен қысымшылық көре бастаған ұсақ буржуазия, бір жағынан, өткен күнді аңсап, өткен күнді асыра дәріптесе, екінші жағынан, қандай болары белгісіз алдағы күндерін де қиял етті. Бұл сықылды идея және көңіл күйлері ол кездегі қоғам құрылысындағы зор қайшылықтар және белгілі бір қоғамдық құрылыстың әлі толық үстемдік ете алмауымен байланысты еді.

Романтизм классицизммен, оның түр мен мазмұнға белгілі бір мөлшер қоюшылығымен және жазу жөніндегі тәртіптерімен күресе отырып қалыптасты. Романтизм кім қай тақырырты таңдайды, оны қалай суреттеп береді, бұл жағынан суретшінің ерікті болуын талап етті.

Шындық өмірден алыстап , болған нәрседен гөрі болуы керек деп аңсаған нәрсесін суреттеуші романтик жазушылардың шығармаларында дағдыдан тыс тарихи, не географиялық жағдайларды ,немесе өзгеше бір жаратылыс, не әлеуметтік орталарды алатындары өте жиі кездеседі.

Бірақ осы тұрғыдан қарағанда, бұған XIX ғасырдың бірінші жартысында Махамбетті, оның айналасын, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Абай және оның жолын қуушылардың шығармаларын мысалға келтіруге болады.

Махамбет өлеңдерінде романтизмнің элементтерін біз мол кездестіреміз. Ақын өз кезіндегі хандық-феодалдық құрылысқа жай, әлсіз түрде ғана наразылық білдіріп қойған жоқ, соны өзгерту үшін көпшілікті қарулы күреске шақырды. Оның өлеңдеріндегі романтикалық сарынның негізінің өзі халық көтерілісінің рухынан туған болатын. Халық көтерілісі де, оның жыршысы Махамбет те жеңіліске ұшырады. Бірақ ақын күштің халықта екендігіне көзі жетіп, оның келешегіне нық сеністік білдірді. Махамбеттің “Ұл туса”, “Бағанылы терек жарылса”, “Ұлы арман” дейтін өлеңдер осыны көрсетеді.

Орыс не Еуропа әдебиетіндегідей сюжетке құрылған поэмалар бізде XIX ғасырдың соңғы кезінде ғана туа бастады. Егер қазақ әідебиетінің өз материялы негізінде романтизм стилінде жазылған поэма, оның құрылысы, адам мінездерінің қалай жасалу жолдарыжағынан келгенде, Абай балалары Ақылбай мен Мағауияның “Қисса Жүсіп”, “Медғат, Қасым” поэмаларын ұсынуға болады.

Романтизм методына тән ерекшеліктек айналасына риза болмаушылыққана емес. Оның басқа да толып жатқан ерекшеліктері бар.

Бірінші, романтикалық шығармалардаоқиға дағдыдан тыс мекен, өмірде кездесе бермейтін жағдайда болады. Екінші, қаһармандары болған адамнан гөрі, болуы керек не өте бір сирек кездесетін және қоынан жақсылық та жамандық та келерлік, сөзіне ісі сай, қатардағы жай адамдардан дараланып, ерекше көзге түсерлік болып келеді. Үшінші, романтикалық қаһармандарға тән мінез – мейлінше бір бет, қайсарлық; нені болсын олар жеріне жеткізі істейді. Ең ақыры бұзылса, мықтап бұзылып, түзелсе, бұрынғы әдетін мүлде қайталамай, мықтап түзеледі. Жақсы көрсе құлай, беріле жақсы көреді де, жек көрсе, енді көрмес, қайрылмас шекке шейін барады. Төртінші қаһармандардыңне портреттерін, не мінездерін қарама-қарсы қоюшылық, сұлулық пен сиықсыздық, ерлік пен қорқақтық, мейрімділік пен қаталдық тағы басқа осылар тәрізді екі шектегі мінез, көрік, іс-әрекеттерді шендестіріп суреттейді.

Реализм –искусство мен көркем әдебиеттің негізгі методының бірі. Реализмнің негізі -өмір шындығы.Жазушы ақындардың бір алуаны шындықты көрсетуді негізгі нысанасы етеді де,өздеріндегі бар мүмкіншілікті пайдаланып ,шығармаларында өмірді толық ,кең түрде суреттеуге күш салады.Өмір, өмірдегі күрес ,тартыс,іс-амал,қарым-қатыстар шығармада айнаға түскен сәуледей әрі толық,әрі жанды болса деген тілек қояды.Бұл идея ,әдіс бір ақын не бір жазушы емес ,әлденеше жазушы ,ақындарға тән.Осыдан келіп,олардың пікірлестік ,әдістестігі,шындық өмір құбылысын әдебиетте творчестволық жолмен іске асыру мәселесі туады.Міне,осындай методпен жазуды реализм әдісі деп атайды.

Реализмнің элементі ауыз әдебиетінде де ,классицизм, романтизм методымен жазылған шығармаларда да кездеседі. Романтизм методымен жазылған шығармалардың кейбіреуінде реализм элементтері мидай араласып ,жігін ашу қиынға түсетін жайттар кездеседі .Әйтсе де айыруға ,негізінде қай методқа жататындығын білуге болады.

Реализмнің дамыған ,толысқан кезі XIX ғасыр. Қай елдің әдебиетінде болсын реализм методының XIX ғасырда дамуы кездейсоқ емес, қоғам өмірінің даму жолдарымен нық байланысты.

Қазақ әдебиетінің тарихында біз Абайды ең үлкен реалист ақын деп танимыз. Бұдан Абайға шейін бізде реализм болмады деген ұғым тумаса керек .Болды. Махамбет, Алтынсарин сықылды талантты ақын ,жазушылар да өз кезіндегі өмір шындығын шебер көрсете білді.Бірақ Абай өмірге реалистік көзқарасты олардан гөрі де тереңдете түсті.Өмірдің әр алуан жағына көз тігіп ,типтік мінезді,типтік жағдайға дәл,сайма-сай етіп іскерлікпен суреттей білді.Ол басқалар аңғармастай, адамдардың іс-әрекеттері,психологиялық жағдайларды көрсетуі ,тіпті жеке сөз образдары –

бәрі де өмір шындығына дәл, соның бір жанды бөлшегі тәрізденді.

XIX ғасыр әдебиетіндегі сыншыл реалистердің қатарына Абайды қосуға болады.Абай типтік жағдайға тән типтік әдеби мінез жасап қана қойған жоқ және оларды өткір сықақпен ,мысқылдап ,күлкі етті.Абай шығармасындағы болыс ,би ,ел билеушілердің образдарын алсақ ,баққаны қулық пен сұмдық, өз құлқынын ғана ойлайтын,мейлінше өзімшіл және өз басы ,кісілігі еш нәрсеге арзымайтын ,ісіне де ,сөзіне де кермек күлкің келерлік адамдар .

Социалистік реализм.

Искусство мен әдебиеттің өмірге қатынас ,байланысын белгілеуде, оның әр алуан құбылысын дұрыс көрсетуде ең негізгі, ең биік сатыдағы әдеби метод –социалистік реализм.

Социалистік релизмге тән кейбір ерекшеліктер марксизм классиктерінің ұлы еңбектерінде ерте кезде-ақ айтылған.Пролетариат революциясы жеңіп, жұмысшы табы өкімет тізгінін өз қолына алғанда, ол қандай әдебиеттік принциптерді ұсынуы жайлы Ф.Энгельс әлденеше құнды пікірлер айтқаны бізге мәлім десек, В.И.Ленин өзінің «Партиялық ұйым жәнепартиялық әдебиет» атты мақаласында социалистік реализмнің негізгі принциптерін айқын көрсетеді.

Социалистік реализм әдісінің тууына негіз болған тарихи -әлеуметтік жағдай –Россияда пролетариаттың революциялық қозғалысы өрістеп ,революцияның негізгі күші –жұмысшылардың таптық санасы ояну,ұлы күреске белсене, саналы түрде араласу дәуірі болды.Өйткені революцияшыл жұмысшы табы қожалық етушілермен белдесерлік ұлы күшке айналуымен байланысты өзінің жыршыларын да тарих сахнасына ала шықты.

Социалистік реализмнің негізін салушы А.М. Горький Ұлы Октябрь революциясына шейін «Мещане», «Жаулар» , «Ана» шығармаларын жазды. Горькийдің бұл шығармалары орыс әдебиеті және дүние жүзіндегі әдебиеттің даму жолындағы жаңа кезең болды.Тақырыбы да ,идеясы да, қатысушылардың араларындағы тартыстар да бұрынғы әдебиеттерде кездезпеген жаңалықтар еді.

А.М.Горькийдің ізін баса шыққан совет ақын ,жазушылары өмір құбылысын социалистік ой –сана тұрғысынан түсініп,жаңаша суреттеді.Совет әдебиеті коммунистік қоғамның жалпы халықтың идеалын ұсынды.Әдемілік иделының биік шыңы халық мүддесін жырлау, социализм,коммунизм құру ісіне ат салысу деп ұқты.Жұртшылыққа осы идеяны насихаттады.

Социалистік реализм методы қанатын тез жайып , бірден –ақ тамырын тереңге жіберді. Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңіс жылдарынан бастап , СССР халықтарының әдебиетінде социалистік реализм методын қолдаушы ақын, жазушылардың тобы күн санап көбейе бастады.Халықтар әдебиетінің кейбір ірі өкілдері жалпы совет әдебиетіне келіп қосылды. Олар әрбір республикалардағы мазмұны социалистік , түрі ұлттық әдебиеттерде социалистік реализм методының ұйтқысы болып саналды.