Өлең құрылысын талдау жолдары

Өлең құрылысы әр түрлі. Бірнеше жолдар мағына жағынан, дыбыс үйлестігі жағынан қиюласып келіп шумақ құрайды. Өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойджың бітуін шумақ деп атайды. Шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не аз болукы шарт емес, синтаксистік бір ойдың бітуі шарт.

Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады. Өйткені айтайын деген ой бітеді.

Мысал үшін мына бір халық өлеңін алсақ, бір-ақ ауыз өлең және ой бітіп тұр. Сондықтан ол бір шумақты өлең болады.

Хат жаздым қалам алып қауырсыннан,

Қаршығам қаз іледі бауырсыннан.

Шақырса тауда тарлан таң сәріде,

Еділде бұғады үйрек дауысынан.

Синтаксистік ойдың бітуіне қарай, шумақ та әр түрлі болады. Ол екі жол өлеңнен бітсе, екі тармақты шумақ, үш жол өлеңнен бітсе, үш тармақты шумақ, төрт жол өлеңнен бітсе, төрт тармақты шумақ деп аталады. Тармақ саны бесеу де, алтау да, он да, онан да көп бола береді. Ол – ойдың бітуіне қарай.

Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. Тармақ деп өлеңнің бір жолын айтады. Өлең тармағы түрлі-түрлі. Екі тармақты және алты тармақты өлеңге мысал келтіреміз.

1) Екі тармақты шумақ.

Жанған шамым, шам шырағым,

Сенсің менің атқан таңым!

Сен жалғызым сен күнімсің

Көкте жанған жұлдызымсың!

(Бесік жыры)

2) Алты тармақты шумақ.

Бойы бұлғаң,Бетті бастым,

Сөзі жылмаң,Қатты састым,

Кімді көрсем, мен сонанТұра қаштым жалма-жан.

(Абай.)

Өлеңнің бір жолын тармақ деп атадық. Өлеңнің бір тармағында бір не бірнеше бунақ болады. Б у н а қ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Мысалы,

1.Екі бунақты тармақ

/Мүйізді қара/ /жұдырық/

/Тоқпақтай боп/ /жұмылып,/

/Бүлкілдеген/ /бұлшық ет/

/Денеде бұлт-бұлт/ /жүгіріп/

/Баттасқан болат/ /буындар,/

/Түтін шалған/ /отты көз/

/Еңбекке төніп/ /үңіліп, /

/Бір жарықты/ /көруге/

/Күні кеше/ /ынтық ед./

(Сәбит.)

Қазақ әдебиетіндегі жыр, желдірме деп атап жүрген өлең шығармалардың көбі екі бунақты өлеңге жатады.

  1. Үш бунақты тармақ.

/Атадан/ /Біржан сал боп/ /тудым артық./

/Ұраным/ /Ер Қарқабат,/ /Алтай Қапрнық,/

/Аққумен/ /аспандағы/ /ән қосамын,/

/Шығарсам/ /ащы күйді/ /түптен тартып./

(Біржан сал.)

Жұрттың қара өлең деп айтатын өлеңдерінің бәрі де үш бунақты

өлеңге жатады.

Бірақ өлеңнің бәрі бұлай бола бермейді. Кейде өлең шумағының бір тармағында бунақ үшеу болса, екінші тармағында екеу не біреу болып, аралас келетін де өлеңдер болады. Мұндай өлеңдер ескі ауыз әдебиетінде, осы күнгі полэзиямызда да кездеседі. Бұлар бұрынғы өлеңдерде, көбіне әнге салынып айтылатын өлеңдерде табылады.

/Біз отанның/ /ұланы,/

/Бейбітшілік/ /сақтаған/

/Тап қорғаны,//қырағы,/

/Қамал бұзған,/ /қайтпаған,/

/Нұрланып,/

/Сырланып/

/Атты өмір/ /зор таңы,/

/Бір, екі, үш,/

/Аттай түс,/

/Комсомолдар/ /ұрпағы./

Қазақ өлеңдерінің бунағына, бунақ ішіндегі буын санына қаорап, негізінде бес түргше бөлуге болады:

  1. Он бір буынды өлең.
  2. Сегіз буынды өлең.
  3. Жеті буынды өлең.
  4. Алты буынды өлең.
  5. Аралас буынды өлең.

1.Он бір буынды өлең. Бұл – қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан ең көне түрі. Есте жоқ ерте замандағы ауыз әдебиетінің әсем үлдгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін, баяғы суырып салма сөз сакйысынан қазіргі қазіргі қолма-қол экспроматқа дейін, кешегі «Қаратаудың басынан көш келедіден»(Халық әні)бүгінгі «Асалаумағалайкум Алатауыма»(Мақатаев)дейін он бір буынмен жазылмаған өлең жоқ.

2.Он буынды өлең. «Алпамыс» жырының құарақалпақ вариантында: «Айыл тартлқаным бедеудің белі, ішкен сусыным Байсынның көлі», деп келетін он буынды өлең жолдары бар еді. Бірақ бұл қазақ поэзиясына арнаулы өлшем ретінде шұғыл сіңіп кете қойған жоқ-ты.

Оның есесіне, он буынды егіз тармақтар, қазақтың байырғы мақал-мәтелдерінде, ақыл-нақылдарында жиі ұшырасады.

Бардың пайдасы тиер тар ждерде

Жоқтың залалы тиер әр жерде.

3.Тоғыз буынды өлең. Бұл да бір тынысы кең, лепті, ойнақы өлшем. Әрбір үш буыннан кейінгі дауыс толқынының соқпа-соқпасы айрықша ашық ырғақпен нақпа-нақ, кейде тіпті ттақпақтап естіліп, іркіліссіз, жүрдек оқылады. Әнге де келеді, жалпиы жұртқа жария айтылар толғамды, ойлы жарлай арнауға да көнеді.

  1. Сегіз буынды өлең. Бұл өлеңнің бір тармағы екі бунақты 8 буыннан құралады.
  2. Алты буынды өлең. Өлеңнің бір шумақтағы тармақтары бір өңкей 6 буыннан құралады.

Аралас буынды өлең. Кейбір өлең шумақтарын алсақ, бунақ саны да, буын саны да айнымалы келеді. Бастапқы екі жолы екі сөзден құралған 5 буындыбір бунақты болып келеді де, 3-жолы екі бунақты буын болады. 4-5 жолы тағы бір бунақ 6 буын боп келеді де, 6-жолы тағы сегіз буынға тоқтайды. 7 – 8 жолдарының екеуі де екі бунақты 8 буынды болады