Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері

Қазақ тіліндегі аффикстерді есім туында жұрнақтар (еісм түбірлерден зат есім жасайтын жұрнақтар), етістік туынды (етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар) деп, екі топқа жіктеу салтқа айналған жүйе. Зат есім аффиксациясының тарихи өзгерістерін салыстыра талдауда да осы жүйе қлданылады.Дегенмен жеке аффикстер тарихын шолғанда олардың кейбіреулері тілдің даму барысында есімнен де, етістіктен де зат есім жасағанын көреміз. Бұл осыдан бұрын сөз болған синкретизм құбылысының нйтижесі. Тағы бір арнайы айтылатын тарихи құбылыс: бірсыпыра етістіктен зат есім жасайды деп қаралатын аффикстер зат есім құрамына өздері жалғанған түбірлермен бірге транскрипцияланған.

Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар: -лық/лік, (-лығ, -ліг, -лұғ, -лүг). Көне түркі жазбалары тілінде заттың мекен – орындық тәнділігін блдіреді: қабақлық (қауақ егілген жер), тарығлық (етістік, тарығ — егіс), т.б. Қазіргі қазақ тілінде осы мағынасы кейбір сөздерде байқалады (егістік,қауындық). Дегенмен, нақ сол дәрежеде өнімді емес. Ал заттың арналған мақсатын (саласын) білдіру мәнінде (түдік, тздық, сулық) қазіргі тілімізде кең қолданылуы осы орын – мекенге тәнділікті білдіру мәнінің негізінде қалыптасқан.

Абстракт зат есімдер жасағна: ачлық (аштық), -лығ аффиксі Орхон – Енисей жазбаларында (осы фонетикалық сипатында) сын есімдер жасаудың да тәсілі болған. Алайда орта ғасырларда, Тіпті Қашқари сөздігінде де –лығ және –лық (ұяңға және қатаң варианттар) арасында мағыналық жіктелес басталғаны байқалады. Қашқари сөздігінде қатаңға аяқталған вариант зат есім жасайтын қосымша да, ұяңға аяқталған вариант (-лығ) сын есім жасаған мысалы: Усытған құйаш қапсады. Умынчлығ адаш йайсады. «Ыссы күн басталады, үмітті дос жауласты». Алайда бұдан ауытқулар да ұшырасады: йашыл еңлүк тон – жасыл түсті тон.

Ибн- Муханна — лық (лығ) және -лы аффиксінің алмасып қолданылуын немесе автордың өз сөзімен айтқанда, соңғы –ғ (-қ) дыбысының қысқаруын айтады. Алайда, П.М. Мелиоранский затесімдердің көбінесе қатаң вариантпен (лық), ал сын есімдердің ұяң вариантпен (-лығ) келетінін көретеді. Мұнан екі түрлі процестің ізін көруге болады: біріншіден, қатаң және ұяң варианттар арасындағы грамматикалық жіктелісті, екіншіден –лығ вариантты соңғы дыбысының редукциялануын, сөйтіп қазіргі тілдегі –лы-ның қалыптаса бастауның алғашқы кезеңін көреміз. ХІІІ-ХІҮ ғасырдағы «КК»-де, Алтын Орда ескерткіштерінде бұл жұрнақ зат есім жасаушы ретінде -лық/-лік тұлғасында келеді де, ал сын есім жасаушы қызметінде -лы, -лі тұлғасында жасалады: Алғышлы оғул (алғысты ұл). Куйаш тірлікті келтірді. «Күн тіршілікті келтірді».

Қазіргі қазақ тілінде -лық және -лы аффикстерінің өзара мәндес, кейде алмасып қолданылуы бар: -лық аффиксінің құрамы мен генесизі жайында, негізінен екі түрлі пікір айтылып келе жатыр. Бірсыпыра зертеушілер жеке сөздің постпозициялық қолданысынан қалыптасқан деп қарайды. Н.А. Баскаков ондай сөз деп лық (лық толы) сын есімін көрсетеді. Рамстедт –лы және –ғ элементтеріне ажыратады да, -лы септік жалғауы, ал –ғ сын есім жасайтын аффикс деп есептейді. В. Котвич –лық-тың алғашқы элементін (-л) тұңғыш тіліндегі көптік қосымшасымен салыстырады. Бұл пікірді қорыта келгенде, –лық құранда деп қарау орынды. Көне түркі тілінде бұл аффиксітің -лығ, яғни, соңғы дыбысы –ғ болуы оның фузиялық процесс негізінде қалыптасқандығын көрсетесе керек.

-лығ аффиксі дамуының екінші бір қыры –шылық, -гершілік қосымшалардың құрамынан көрінеді. Мұнда о баста құранда аффикстің өзі –шы және -герші (-гер, -ші) қосымшалармен тұтасып кеткен. Бұл – негіз (туынды түбір, туынды сөз) құрамының морфологиялық ығысу процесіне ұшыраудың нәтижесі. Морфологиялық ығысу нәтижесніде олардың өзара жымдасуы сращение – фузия болған.

-шы, -ші, -чы, -чі істің иесін, іс-әрекетті жасаушы субьектіні білдіретін сөздер жасаған: бедізчі (өрнек салушы, өрнекші, суретші), йолчы (жол бастайлын, көрсететін адам, жолшы) (Орх.Ен). Есім түбірлерге немесе етістіктен есімге айналған түбірлерге жалғанып, іс иесін — субьектіні, кәсіпкерді білдірген. Қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы да сондай; етікші, балташы, жұмысшы, т.б. Ескерткіштер тілінде кездесетін алымчы, бірімчі, сығытчы сөздері қазақ тіліндегі терімші, оқушы, жазушы (есімге айналған түбірлерге жалғанаған) тәрізділерден ешбір ерекшеленбейді.

-шы аффиксінің генезисі жайлы айқын пікір айтқан Рамстедт.

Ол өзінің концепциясына сай бұл аффикстің арғы түбін алтай тобына жататын басқа тілдерден іздейді. Корей тіліндегі чиа (кісі, ер кісі) сөзі, Рамстедттің ойынша, осы аффикстің арғы түбі болса керек. Аайда Н.А. Баскаков пен А.Н. Кононов бұл аффиксті –шыл (қоғамшыл, ойшыл) қосымшасымен бір негіздес деп есептейді.

Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар: -ық, -ік, -қ (-ұғ, -үг, -ығ, -іг, кейде -ағ, -ег, -ақ, ек,-қ, -ғ, -г) зат – құбылыстың атын, іс-әркеттің орнын, нәтижесін білдіретін есімдер жасаған: йаруқ, қышлағ, бітік, емік, тепіг, біліг, буйуруқ, көрк. Қазіргі қазақ тілінде бұл аффикстің қоланылуы аясы кең. Кесік, тұрық, кетік, тесік, пышақ, т.б. сөздер етістік түбір мен осы аффикстің қосындысынан жасалған. Бірсыпыра сөздер құрамында оны байырғы түбірден бөліп қарауға болмайды. Аяқ тәрізді сөздер бөліп – жарауға келмейті түбір деп саналғанмен, тарихи тұрғыдан түбір мен –қ аффикссінен жасалған: ада болды (аяқталды, бітті). Егер осының құрамындағы ада мен аяқ сөздерін салыстырсақ (-й) соңғының құрамындағы қ – аффиксі екені көрінеді. Қазіргі қазақ тілі морфологяисының оқулықтарында кейде -ық, /- ік аффиксі есім де, етістік те жасайтын дейтін тұжырымар ұшырасады. Оған мынандай сөзер мысалға кетіреді: желек, түнек, түйнек, бұлтақ. Анығында мұндай сөздердің алғашқы түбірі – есімдер, -е, -а арқылы етістікке, содан бұрып, -қ аффиксі жалғанып зат есімге айналған. Қазақ тілінде осы түбірлерден тараған желеу, желең, түне, түнемелік, түйне, түйнеме, бұлтаң, бұлтаңда мөздері бары мәлім.

Қазаіргі қазақ тіліндегі кей сөздер құрамында -қ/-г аффиксінің фонетикалық өзгерісін де көруге болады: қыстақ (қыш-ла-ғ) – қыстау, күзек – күзеу, т.б. (-ғ/-қ-у). Қазіргі тіліміздегі –у,-қ аффиксті сөздердің синонимдігі осы құбылыстың нәтижесі.

-Нч, -үнч, етістік түбірлерден мағыналық жағынан солармен үндесіп жататын зат есімдер жасаған: сақынч (ой, пікір), қорқынч (қорқыныш).Қазіргі қазақ тіліндегі бұл тұлғалы сөздер әбден қалыптасып кеткен лексема ретінде ұғынылады және оның үсітіне осы аффикс арқылы жаңа сөз жасалу байқалмайды.

-қы, -кі (-қу, кү, -ғу, -гу) тапынғу – йүкүнгү табыну, жүгіну, кескү (кескіш), бычғу (пышақ), сыбыртқы (сыпытрқы), сүңгү (сүңгі), уйуқу (ұйқы), утурғу (отырғы, орындық). –қу аффиксі ескерткіштер тілінде зат есім де, сын есім де жасаған. Қазіргі қазақ тілінде шапқы, бұрғы, сүзгі, қалтық, жамылтқы тәрізді сөздер құрамында сақталған. Мән-мағынасы жағынан бұл осыдан бұрын әңгімеленген-ғу аффиксі арқылы емес, -қ аффиксімен қалыптасқан (быч- кесу). Екеуі де (бычғу, пышақ) құралдыңаты. Аффикс құрымандағы еріндіктердің езулікке ауысуы «Кодекс куманиксте» ұшырасады. Алайда ол тілде де екі вариантта: еріндікпен да, езулікпен де жарыса қолданылған. –қы аффиксімен келген сөздердің басым көпшілігі істің істелу құралын, орындалу затын білдіреді. Осы мағына көне түркі ескерткіштерінде де бар. Олай болса, -қы аффиксінің негізіг жетекші мағынасы да сол.

Қазіргі тілімізде жара, жыра, сына,т.б. осылар тәріздес сөздер құрамындағы –а, -е аффикстері Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде сирек қолданылған. Қашқари сөздігінде де өтнү (қарыз, өтініш), ува (ув-а, тамақтың түрі) сөздері қрамындағы осы аффикс. Бірақ осы дәуірлерде де бұл зат есім жасаудың німді тәсілі болмаған.

Қазірігі қазақ тілінде аса жиі олданылатын –ма, -ме (-ба, -бе, -па,-пе) аффиксі зат есім жасаудың тәсілі ретінде Х-ХІ ғасыр жазбаларынан ұшырасады: сүрме, кесме, ыстама, т.б. –ма аффиксі де құрандылардың қатарына жатады. Қазақ тілінде кесім, шешім тәрізді сөздер құрамындағы — м бұл аффикстің алдыңғы элементі де, -а осыдан бұрын әңгіме болған, қимыл есімдері мен зат есім жасайтын аффикс. Мұны байқау үшін кесім, кеспе, басым, баспа тәрізді сөздерді өзара салыстырып қарау керек. Сонда –м құбылыс, әрекет атауын жасайтын аффикс те, соңғы –а құралдық, объекітлік (құрал, объектіге қатысты) мән беретін аффикс болып шығады. Сөйтіп –ма құрамындағы –а қосымшасы да жыра, сына тәрізді сөздер құрамындағы аффикс болып шығады.

Қазіргі қазақ тілінде аларман, шабарман сөздерінің құрамында кездесетін –ман көне түрік мұралары тілін де де істі істеуші мәніндегі сөздерді жасаушы тәсіл: сөкмен (жау қатарын қиратушы кісі), сөк – ажырату, қирату. Севортян – ман аффиксімен келген сөздерді жалып шола келіп, бұл қосымшаның синкретикалық екеінін айтады. Оның айтуынша, атаман сөзінің құрамындағы да осы аффикс. Бұл топшылау осы аффикспен қалыптасқан сөздердің қазіргі тілде аздығы, екіші жағынан жаңа сөз жасау мүмкіндігінің жоқтығымен де расталады. Тағы бір ескертетін жай: осы арқылы қалыптасқан сөздердіңмағыналық топтарына байланысты. Кетпен, шекпен, аларман, шабарман тәрізді істің істелу құралы, істі істеуші, іс иесі білдірсе, батпан тәрізді сөздер заттың көеміне қатысты болып отырады.

Етістік түбірлерден зат есім жасайды деп қаралатын аффикстер тілдің алғашқы дәуірлерінде тікелей зат есім емес, қимыл есім жасаған. Есім мен етістік арасында, әрі етістік мағынасына толық ажырап бітпеген, әрі есімдерше түрлене алатын сөз тұлғалары тілдің даму барысында зат есімдер ретінде орнығып қалыптасқан.