Үндестік заңының көне түркі және қазіргі түркі тілдерінде сақталуы

Дыбыстардың сөз ішіндегі бір – біріне ықпал ету, ыңғайласу заңдылықтары (ассимиляция, сингормонизм) қазіргі қазақ тілінің өн бойын қамтитын, ерекшелігін, сипатын айқындайтын құбылыс. Қазіргі қазақ тілінің дауыссыз дыбыстарының ықпалдасу заңдылығының кейбір тарихи ерекшелігін тануға себеп болатын бір құбылыс – түбір сөздер, кейде туынды сөздер құрамында ұшырасатын диссимиляция із – бір – бірімен ықпалдаспаған дауыссыздар тіркесі.

Ескі түркі ескерткіштері тілін (Ү – ҮІІІ ғ) байқағанда көзге оқшау көрінетін бір жәйт – түбірмен қосымша шегіндегі дауыссыз дыбыстар тіркесі. Біздің қазіргі тіліміздебір – біріне ықпал етіп, өзара ыңғайласып келетін бірсыпыра дыбыстар тіркесі ол тілде ықпалдаспаған, өзара үйлеспеген қалпында айтылып қолданылған. Молов түркі тілдерінің тілдің ескі қалдығын көп не аз сақтауына қарай бөлгенде, сары ұйғыр тілін жаңағыдай дыбыс тіркестерін көп сақтауына қарашай ең көне тілдің бірі ретінде қарайды. Әрине, қазақ тілі ондай топқа жатпайды. Бірақ бұл ерекшелік оның құрамында кейбір ескі күй – қалыптың сақталмауына кепіл де емес. Диссимиляцияның кейбір түрлері қазақ тілінде де ұшырасады: рт-торта, қарта, орта; рк, рң — бүрке, күрке, арқа, ерке, серке, торқа, марқа,; рп – арпа, сорпа; лт – алты – алты, алтын, былтыр; лқ-жылқы, жалқы, алқа, салқы, шалқы.

Диссимиляциялы дыбыс тіркестері негізінен ежелгі түркі жазбалары тілінде ұшырасады. Ол тілде нт, лт, мқ, рт, нк кейде дк диссимиляциялық тіркестерге құрылған сөздер ұшырасады.

Мысалы, берті, келті, тамқа, буынта, алты, едку т.б.

Бұлар қазіргі қазақ тілінде берді, келді, тамға – таңба, бұнда, енді, игі түрінде айтылады. Бірақ, осындай тіркестер тілде норма болып қолданылса да сол кездің өзінде –ақ әлгі дыбыс тіркестерінің бір – бірлеп асиимиляциялана бастағаны байқалады. Жазбалар тілінің өзінде адырылтым – адырылдым, тамқа – тамға, келті – келді түріндегі жарспалы паралар кездеседі. әриен, соңғы ассимиляцияланған варианттар алдынғылармен салычстарғанда әлдеқайда сирек қолданылған, бірақ кездесетін факт. Ал одан кейінгі дәуірлер ескерткіштерін, шола қарағанда диссмиляциялы сөздер сонының азайып, ассимиляция ықпалының басымдылығын байқауға болады. Юбіздің бүгінгі тіліміз осы ұзақ процестің жоғары сатыға жеткен түрі.

Бұл айтылғандардың бәрі қазіргі тіл құрамында ұшырасатын диссимиляциялық тіркестері тіліміздің өте ескі кезеңдерінің орнығып қалған көрініс де, ассимиляция болса, осы заңдылықтың жаңарған деп қарауға мүмкіндік береді.

Көне түркі ескерткіштер тілін (әсіресе, Ү-ҮІІІ ғ.) барлағанда көзге оқшау көрінетін бір жай- түбір мен қосымша шегіндегі дауыссыз дыбыстар тіркесі. Бііздің қазіргі тілімізде бір-біріне ықпал етіп, өзара ңығайласып келетін бірсыпыра дыбыстар тіркесі ол тілде ықпалдаспаған, өзара үйлеспеген қалпында айтылып қолданылған. С.Е. Малов түркі тілдерін тілдің ескі қалдығын көпне аз сақтауына қарай бөлгенде, сары ұйғыр тілін жаңағыдай дыбыс тірестерін көп сақтауына қарай ең көне тілдің бірі деп қарайды. Әрине, қазақ тілі ондай топқа жатпайды. Бірақ бұл ерекшелік оныңқұрамына кейбір ескі күй-қалыптың сақталуына кепілде емес. Диссимиляцияның кейбір түрлері қазақтілінде де ұшырасады: рт-торта, қарта (қазы-қарта), орта; рқ, рк – бүрке, күрке арқа, ерке, серке, торқа, марқа; рп-арпа, сорпа; лт – алты, алтын, былтыр; лқ – жылқы, жалқы, алқа, жалқау, салқы (алқы-салқы), шалқы, қалқы.

Метатеза.

Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдыратын құбылыстың бірі – метотеза. Метатеза деп әдетте сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруын, сөйтіп соңғы өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруын, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуын айтады. Әрине, метатезалық құбылысты айқындау үшін туыстас тілдер мен ескі жазбалар тілінің фактілерін бүгінгі тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады.

ХІ ғасыр ғалымы М. Қашқари өзінің атақты еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгеріске түсетінін айтады. Осы айтып отырған пікірді дәлелдеу үшін қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерін мысалға келтіреді. Қашқаридің айтуынша бұл сөздердің бастапқы тура түрі қарлығач, қошни, йағмур. Егер сол бұрынғы сипатын еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш сөзі қар (қол, нық мәнінде) сөзінен шыққанын, ал қоңсы сөзінің қос, қосақтау сөздерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ (жау-етіс) екенін байқаймыз. Метатезалық өзгерістерді білудің де қажеттігі осында жатыр.