Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасу тарихы

Қазақ тілінің бай лексикалық қабаттарының бірі – фразалық тіркестер. Бұлар да қазақ тіліндегі жеке сөздер сияқты ұзақ дәуірдің жемісі. Егер рсыдан 900 жыл бұрын жазылған «Дивану лұңғар ит – түрк» атты сөздікте кездесетін көп мақалдар (ағыз йесэ уйазұр – ауыз жесе, сөз ұялар; Бір қарға бірлэ қыш келмэс, сүсэгэн удқа мөңүз бермес – сүзеген сиырға құдай мүйіз бермес т.б.) немесе осыдан 1200 жыл бұрын жазылған Орхон – Енесей жазбаларында кездесетін тұрақты тіркестер (теңрі йәрлықадуқын учүн, өзүм қутым бар үчүн) күні бүгін сол қалпында қолданылытынын ескерсек, тіліміздегі көптеген фразалық тіркестер есте жоқ ескі дәуірде туған. Олардың ту бастағы қолданылу сәті, жағдай әрі мағына, әрі ұғым беру сатылай келе бірте-бірте көнереді де, тіркестегі сөздің тілдік аядағы қоладынсы мен тіркестегі қолданысы арасында мағыналық айырымдар пайда болады. Ал осылардың негізінде келіп тілде бір топтағы белгілі бір үлгі, модель қалыптасты. Айталық албастысы ұстады, жаныны шүберекке түйді деген фразалық тіркестер — сонау улық, тіті оған дейінгі дәуір адамдарының нанымы, айтызған сөздер. Ал осы ұғым – наным, қолдану сәті, жағдай бірте- бірте өзгере, ескіре келіп, бұл тіркестер байырғы осы қолданудың бір элементін ғана сақтап қалды.

Міне, осы топтағы тіркестердегі сөздердің жеке мағынасы сақталып, сақталмау жағынан фразалық тіркесетр екі топқа – идиомаға, фразаға бөлінеді.

Идиом мен фраза

Идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айрылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі ұғым береді. Басқаша айтқанда, идиом ішіндегі компоненттер өзінің лексикалық формасын сақтайды; бұлар (компоненттер) — негізгі бір кесек күрделі лексикалық единицаның мағынамен байлансыты. Мәселен, «қабырғаңмен кеңес», «қас пен көздің арасы», «жүрек жалғау», «қырғи қабақ болу», «тонның ішкі бауындай» дегендердің әрқайсысы бір — бір идиом; «қабырғаңмен кеңес» дегеннің мағынасы «қабырға, кеңес» деген сөздердің тікелей мағынасынан туып отырған жоқ. Мұның беретін мағынсасы «ойлын, асықпай, саспай ойлан»; не болмаса «қас пен көзді арасында» мұның беретін ұғымы «көзді ашып жұмғанша», лезде; «жүрек жалғау» — азын- аулық ас ауыз тию, жеңіл-жепі тамақ ішіп алу; «қырғи қабақ болу»-араздасу, өкпелесу, қырын қарау; «тонның ішкі бауындай» өте тату, жең үші жалғасқан, әкей-үкей; «түлен тарту», «түйе үстіне сирақ үйту» деген сөз тіркестері де солай. Әрбір идиомның сыңарлары бір тегіс, басы бірігіп тұрып қана жаңа мағына туғызып тұр. Идиомды айналымдардың ішіндегі элементтеріне қарай талдау жасап, сол элементтерлің мағынасына қарай жаңа идиомдық ұғым туғызуға болмайды, яғни жеке элементтердің негізіг мағынасынан барып жасалған тізбек идиом болмайды, ол фраза болады Мәселен: «белін ынай буынды», «ата жолын қуу», «егіліп жылау», «асқар тау», «шалқар көл», «мидай дала». Бұл тізбектелің әрқайсысындағы компоненттер өзінің негізгі мағынасынан айрылып қалып тұрған жоқ, бастапқа тікелей мағынасын сақтап тұр.

Сөздердің идиомалық тобы болсын, фразиологиялық тобы болсын екеуіне де ортақ қасиет – тиянақтылық. Бұл екеуінің де компоненттері өзара бекем орынға ие, белгілі тәртіпке ие болуы шарт; компоненттер белгілі тәртіппен келудің үстіне бұл екеуінің элементтері, көбіне, басқа сөздермен жанаспай, бойын аулық салып, өзінің арнаулы үйірлі сөздерімен сабайласып тұрады. Асқар деген сөзді тек тау, бел сөздерінің алдына қоюға болады; егіліп дегенді жылау деген сөздің алдына қоюға болады; қынай деген сөз тек буын деген сөзбен жанаса алады. Сол сықылды «Қырғи қабақ болу» («қырық пышақ болу»), «ақ түйенің қарны жарылды», «жауырды жаба тоқу», «менің сағым сынды» деген идиомдағы компоненттер де өзара байланысып тұр; әсірсе, соңғы екі идиомның компоненттері лексика жағынан тығыз байланысты («тоқы» немесе «тоқу» деген етістік тек осы тізбектегі сөздермен ғана жанаса алады; сағым сынды дегендегі «сақ» сөзі де «сыну» етістігімен ғана жанаса алады).

Идиом мен фраза тілдегі қолдану ыңғайына қарай, бірінің орнына бірі жүріп, ауысып отырады; бұл екеуінің кей уақыт шегін белгілеп, ажыратып алу қиындау болады. Мәселен: «Күлін көкке ұшыру керек», «жермен жексен болды», «жерден жеті қоян тауып алғандай», «салы суға кетіп отыр», «санын соғып қалды» (бармағын шайнап қалды), «төбе шашы тік тұрды» деген тізбектердің бәрі де бейнелі мағынағы ие болып тұр. Бұлар да – идиомдық сөздер, бірақ әр тізбектің ішіндегі сөздер, мүлдем өзінің мағынасынан айрылып қалды деуге болмайды. Мұндағы «жермен жексен қылды» дегендегі «жексен» деген сөз парсы тілінде бірдей, тегіс деген мағынаны білдіреді екен; «жер бетімен бірдей ету-көзін жоғалту, құрту деген метафоралық ұғымды білдіріп тұр; «санын соғып қалды» деген тізбектің мағынасы да – метафоралық мағына (өкіну, күйіну, қапыда қалу); «жерден жеті қоян тауып алғандай қуанды» дегендегі әрбір сөз өзінің грамматиткалық формасын сақтаумен барабар, лексикалық формасында сақтап тұр, солай бола тұрып бұл сөздер екінші жанама, метафоралық ұғымды бергендіктен, олар өзінің ексикалық мағынасынан айрылып қалып тұр. Сол сықылды, «салы суға кетіп отыр» дегенді де басқа мағына қолданып отырмыз. Егер де бұл сөздерді салның суға кетуі мағынасында тікелей түсінсек, идиом бола алмайды. Көп идиомдарды жеке сөздердің әшейіндегі беретін мағынасымен түсінетін болсақ, немесе идиом болмай, қарапайым сөз болып шығады да, немесе мағынасыз, мәнсіз, ешкім түсінбейтін бердеңе болып шығады. Мысалы, «ат үсті» деген сөзді ыңғайына қарай (контекстегі қолданылуына қарай) тікелей мағынасында да, жанама мағынасында да айтуға болады. «Біз жол жөнекей ат