Тарихи грамматика құрылысының методикалық негіздері

1.Тарихи-саластырмалы әдістің басты шарты — тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру.Бұл әдістің қоланылатын мынандай негізігі орындары бар:

  • бір тілдің әр кезеңге қатысты, біріақ бір жүеге жататын, қызметі мен семантикалық жағымен бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүретін, бір – біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру.

Тарихи – салыстырмалы әдістің қолданудың мақсаты қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау.

Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік деп. Бұл тәсіл бойынша зерттеу бүгінгі тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Ретроспективті тәсіл, соныменРетроспективті тәсіл, сонымен, туыс тілдер фактілерін көне мұралар тілі фактілерімен салыстыруды мақсат етеді.

Бұл тәсілдің бір тіл фактілерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделген түрін інетей реконструкция тәсілі деп атайды. Бұл тәсіл синхрондық фактілерді салыстыру арқылы диахрондық қорытынды жасауды көздейді. Бұл тәсіл бойынша тіл құрамындағы элементтер өзара салыстырылады да, өзгерістің бағыты мен түрі анықталады.

  1. Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады. Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі туркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, қарағас вокализм тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау көбіне — көп типологиялық салыстыра қарастырудың нәтижесі.
  2. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын зерттеуде қолданылатын әдістің бірі – ареальдық әдіс. Бұл әдіс арқылы тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің орны мен таралу аймағын айқындап, ол нәтижелерді тілдің тарихи өзгерістерінің бір түрі ретінде тілдің тарихи грамматикасына енгізуге болады. Аресидың әдіс кейде изоглостарды тарихи түсіндіру әдісі деп аталады. Себебі ареальдық әдіс бір – біріне жақын тілдердің белгілі бір регионда шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіреді. Мысалы, қазақ тілінің батыс говорлар тобына түркмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын анықтау ареальдық әдісті қолдану арқылы жүреді. Сонымен бірге Оңтүстікте орналасқан қазақтардың тілі туралы зерттеулер қазақ — өзбек байланысымен қоса, араб – парсы тілдерінде назардан тыс қалдырмайды.
  3. Синхрондық сипатау әдісі белгілі бір дәуірдегі тілді жан – жақты сипаттауға құрылады. Екінші сөзбен, белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін өзгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, қысқасы бүкіл механизмін түгелдей дәлелдеп шығу синхрондық сипаттау әдісінің үлесіне тиеді.

Бұл әдіс диахроникалық зерттеуде синрондық әдісті қолдану болып табылады. Бұл арқылы тілдік фактілер бір – біріне бағынышсыз, оқшау алып қаралмайды, белгілі жүйені құрайтын тәсілдер ретінде қарастырылады. Бұндай зерттеудің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдің функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл жасауға тиіс болады.

  1. Тіл тарихын зерттеуде әр кез қолданыс табатын немесе ойда болатын әдістердің бірі – типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі.

Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тіл – тілдер бір – бірінен өзіндік ерекше заңдылықтар арқылы ерекшеленіп, оқшауланумен бірге, олардың көпшілігіне тән ортақ заңдылықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр. Ортақ заңдылықтар, ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья тілдерінің ерекше белгісі деп қаралатын құбылыс басқа да семьялар тілдерінде ұшырасуы мүмкін.

Айталық, сөздің қатаң дауыссыздардан басталуы басқы буынының екпінді болуымен ұштасып жатуы тек түркі тілдердің ерекшелігі емес, герман тілдерінде де бар заңдылық.

Қазақ тілінің грамматикалық құрылыстың даму тарихын зертеп, түсіндіруде осы аталған зерттеу әдістерінің қайсысы да қолданылып келеді.

Қазақ тілінің қалыптасу даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркологияда қазақ тілі түркі тілдерінің, біршама “жаңа” деп қаралатын тобына жатқызылады. Себебі, қазақ рулары тарихтың ерте кезінен-ақ мәлім болсада, “қазақ” деп аталатын бір тұтас халық ХҮ – ХҮІ ғасырдларда барып қалыптасады. Осы ерекшелікті ескере отрып, қазақ тілінің тарихын кезенңдерін мынадай дәуірлерге бөлінеді: 1) Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір, — бұл дәуір, шамамен, б.з Ү – ғасырға дейін созылады, екі түрлі дәуірден тұрады: Алтай бірлестігі (б.з.д. 3 ғасыр), Хун бірлестігі (б.з.д. 3 ғ-дан – б.з 5 ғ.) 2) Түркі бірлестігі дәуірі де екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты (Ү-Х ғасыр). Орта түркі кезеңі (Х- ХҮ ғ.) 3) Қазақ халық тілінің даму түрі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.) 4) Қазақ ұлтық тілінің қалыптасу дәуірі (ХІХ ғ.)

ХҮІІ – ХҮІІІ ғасыырлар қазақтың халық тілініңі даму дәуірі болды. Біртұтас тілдік жүйелер қалыптасқан халық тілі құрамында нормалану жүреді. Олай етпейінше, тіл сол халықтың қоғамдық қатынас құралы болмас еділ. Қоғамдық — әлеуметік, экономикалық дамудың басты шартарының бірі де, ондай дамудың негізі де – біртұтас, сол халықтың барлық өкілдеріне ортақ, барлығына түсінікті қатынас құралы – тілдің болуын қажет етеді. Бұл қай халық тілінің тарихында да болатын тарихи белес. Қазақ тілі сондай белесті ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырда өткізді. Бұл дәуірде қазақ тілі құрамында жеке диалектілік топтардың айқындалу негізі болды. Алғашқы негізі рулық, тайпалық тілдер болған тілдік жлүйелер қазақтардың жүзге жүктеліп, белгілі территориялар да қоныс тебуінің нәтижесінде этнолингвистикалық жүйе болумен бірге этно – региональдық сипатқа ие болды. Жалпы халықтық тіл қазақ халқының құрамына енген негізгі рулармен тайпалар тілдіренің жинақталған, жалпыхалықтық тілінің дамуына көрші туыстас сонымен бірге басқа да тілдердің әсері тиіп отырды.