Сөз таптарының сөзжасамы.

1.Зат есімнің негізгі құрылымдық типтері оның жасалу тәсілдерінің немесе жасалу тәсілдері оның құрылымдық типтерін анықтайды, бергілейді. Қысқасы, зат есімдік сөзжасамның жұрнақтық, сөзқосымдық, сөзқысқарымдық және семанртикалық тәсілдерін жай ғана санамалап шығудың сыртында тағы да зат есімнің құрылымдық типтері туралы да түсінік жатады, яғни оның осы бір обьективтік сипаты ойда тұрады.

Жұрнақтық тәсіл арқылы туынды зат есім жасайтын түбірлердің дені- қазақ тілінің байырғы өз сөздері. Олар өздерінің құрамы жағынан біркелкі емес. Туынды зат есім жасайтын бұл түбірлер негізгі түбір болып та, туынды түбір болып та келеді. Бірақ осы негізгі түбір де, туынды түбір де қазақ тілінде жалпы әр түрлі сөз таптарынан кездеседі.

Туынды зат есім.

  1. Зат есімнің бұл түрі жұрнақ арқылы одағайдан өзге сөз таптарының бәрінен жасалады. Бұлардың ішінде, әсіресе етістіктен, зат есімнен, сын есімнен көбірек жасалады. Бірақ бұлардың өздері де туынды зат есім жасаудағы, үлес-салмағы жағынан бір дәрежеде тұрған жоқ. Сондықтан да туынды зат есімнің лексика-грамматикалық табиғаты түбірдің жалпы жұрнақ қабылдамдық, жұрнақтық түбірге жалғанымдық дәрежесімен тығыз байланыста ғана толық ашылады.
  2. Туынды зат есім синтетикалық тәсілмен көбіне- көп туа түбір зат есімнен жасалады. Туа түбір зат есімге жалғанып, туынды зат есім жасайтын жұрнақтар өздерінің сөзжасамдық қызметі жағынан өте өнімді де және соншалықты әр тарап болып келеді. Туы түбір зат есімнен туынды зат есім жасайтын жұрнақтар бір талай. Олыр өздерінің өнімділігі жағынан әр келкі болып келеді. Бұл олар жалғанатын түбірдің сөзжасамдық потенциясына, мағыналық ерекшелігіне байланысты. Мысалы, тілдегі біраз жұрнақтың әр қайсысы әлденеше сөзге жалғанып, соншама жаңа сөз жасаса, қалған тобы олай емес, бір, кейде не бәрі екі –үш қана түбірге қосылады. Осыған байланысты олардың сөзжасамдық аясы барынша шектеулі болады. Тілдің жалпы сөзжасам жүйесінде бұған керісінше де жағдай орын алған.
  3. Зат есімдік жаңа жасамдар туа түбір зат есімнен ғана емес, сонымен қоса туынды зат есімдерден де жасалады. Бірақ туа түбір зат есімнен қалыптасқан зат есімдік жаңа жасамдарға қарағанда, туынды зат есімдерден пайда болған зат есімдік жаңа жасамдар едәуір аз. Яғни туынды зат есімнің жұрнақ қабылдағыштық қабілеті туа түбір зат есімнің жұрнақ қабылдағыштық қабілетінен әлдеқайда төмен. Себебі түбірдің туындылық сипар алуы оның әуелгі созжасамдық мүмкіндігін белгілі дәрежеде шегереді. Осыған байланысты туа түбір зат есімнен зат есімдік жаңа сөз жасайтын жұрнақтар сан жағынан көбірек те, ал туынды зат есімнен жаңа зат есім жасайтын жұрнақтар сан жағынан аз болып келеді.

Тіліміздегі сын есімнен жасалған туынды зат есімдерқұрамына қарай байырғы сын есімдерден және кірие сын есімдерден жасалған екі топтан тұрады. Бұлардың әрқайсысы іштей негізгі (туа) түбір және туынды түбір сын есімдерден жасалған туындыларға жіктеледі. Сын есімнен туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың саны көп емес. Бұлардың кей біреулуері (-лық,-лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -шы, -ші, -шылық, -шілік, -ақ,-ек т.б.) категория аралық жұрнақтар қатарына жатады.