Туынды сөздер.

1.Сөзжасам саласындағы негізгі тұлғалардың бірі туынды сөз. Туынды сөзге қосымша арқылы жасалған туынды түбірлер мен аналитикалық сөздер, барлық сөзжасамтәсілі арқылы жасалған туындылардың бәрі жатады, туынды сөздер – тілдің сөзжасамдық процесінің нәтижнсінде туған лексикалық дайын тұлғалар. Қазақ тілінің сөздік қоры туынды сөздерге өте бай, өйткені тіліміздің сөзжасам жүйесі- тым көне замандардан келе жатқан құбылыс.

Алдымен туынды сөз деген терминнің мәнін ашып алайқ. Қазақ тіл білімінде бұл термин кездесіп жүргенімен, ол тұрақты бір мағынада қалыптасты деуге келмейді. Оны кейде туынды түбір деген мағынада да қолдану кездеседі. Шындығында ол екі терминнің мағынасында үлкен айырма бар. Ал туынды сөз деген терминнің мағынасы туынды түбір деген терминнен әлдеқайда кең. Туынды түбір деген термин- туыны сөздердің бір тобының ғана аты. Туынды түбірлерге тек жұрнақ арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер ғана жатады. Туынды сөз деген терминнің көлеміне туынды түбірлер оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ туынды сөздерге олардан да басқа тәсілдер арқылы жасалған түрлі-түрлі туынды сөздер жатады. Мысалға туынды сөздерге туынды түбірлерден басқа тағы да сөзқосам тәсілі арқылы жасалған біріккен, кірікке сөздер, қосарлау тәсілі арқылы жасалған қосарлама, қайталама қос сөздер тіркестіру тәсілі арқылы жасалған аналитикалық, яғни күрделң сөздер семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер жатады.

2.Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі, ол – сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалады. Сөзжасамның синтетеикалық тәсілі сөзжсамамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырыды. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжсамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды сөздің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Мысалы: өнер-лі, ақ-та, көйлек-шең, сыр-лас т.б. Бұларда өнерлі деген мағына өнер деген сөздің мағынасына негізделген. Сол сияқты ақта деген де ақ, көйлекшең деген де көйлек, сырлас дегенге сыр негіз болған. Сондықтан да бұлардың әрқайсысында да негіз болған сөздермен мағыналық байланыс жақындық көрініп тұр. Негіз сөздің мағынасынан туынды түбірдің мағынасы күрделірек болады, өйткені негіз сөздің мағынасы на жұрнақтың мағынасы қосылады.

  1. Сөйтіп, туынды сөз атаулы – әр кезеңде жасалып сөздік қорға еніп отырған дайын лексикалық единицалар, сондықтан олан сол қалпында сөйлемге алынады. Бұл ерекшелігі жөнінен оларды негізгі түбір сөздермен бірдей деп қараған жөн. Негізгі түбір сөздер қалай сөйлемге дайын түрінде кірсе, туынды сөзер де сондай дайын қалпында кіреді. Бұның себебі сөйлемге дайын тұрған қалпында кіру жалпы лексикалық единицаларға тән ерекшелік, сондықтан туынды сөз болсын, негізгі сөз болсын сөз атаулының бәрі тілдегі дайын тілдік элементтерге жатады да сөйлемде сол дайын қалпында қолданылады.