Сөзжасамдық мағына.

1.Сөзжасамдық мағына- сөзжасам саласындағы негізгі мәселе. Сөзжасамдық мағынаның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, еттей, дөңки, кемі, байы, күрек, бөлме,етікші сыншы, қойшы сияқты туындылардың мағынасында болған өзгеріс өте күшті, түп негізіндегі мағынаның негізінде басқа лексикалық мағына жасалған. Еттей, дөңки, кемі, байы туындылары есім сөздерден етістікке ауысып, қимыл мағынасын береді. Мұндағы түп негізге үстелген қосымша мағынаны ет улу, дөңге, кемге, байға айналу тіркестері білдіреді. Сондықтан ет пен теттей, дөң мен дөңки, кем мен кемі, бай мен байы сөздерінің лексикалық мағыналары басқа-басқа екені арық көрініп тұр.

  1. Сол сияқты күрек, бөлме, етікші, сыншы, қойшы туындылары- күреу қимылын жасайтын құралдың, бөлу арқылы жасалған мекеннің, баспананың, етікті тігіетін, сын айтатын, қойды бағатын мамандырдың аты.

Ал сұра–сұрау, тара-тарау, жүр-жүріс, жел- желіс сияқты түп негіз бен тукындыларды салыстыру олардың ленсикалық мағынасында айырманың аздығын аңғартады. Түпи негіздердегі қимыл мағынасы туындыларда сақталған, тек сол қимылдар есім арқылы аталған.

Осымен байланысты сөзжасам мағынасы лексикалық деривация, синтаксистікдеревация деп екіге бөлінеді. Лексикалық деривацияда түп негіздің мағынасы мен туындының мағынасында үлкен айырма болады да олар бірімен- бірі тең бола алмайды. Бұған жоғарыда келтірілген бірінші топтағы мысалдар жатады.

3.Синтакасистік деривацияда түп негіз бен туындының лексикалық мағынасы бірдей болады, тек туынды түп негізден басқа сөз табына жатуы арқылы ерекшеленеді, яғни олар синтксистік қызметі жағынан ажыратылады. Сондықтан синткасиситік деривацияға бір сөз табынан екінші өз табына ауысқан туындылар жатады. Бірақ сөзжасамда бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан сөздердің бәрін синткасиситік деривацияға жататын сөздер деп түсінуге болмайды. Ол синткасиситік деривацияның көрсеткіші деуге болмайды. ¤йткені лексикалық деревацияда сөз табы ауысатын, сөз табы ауыспайтын туындылар да бар.

Лексикалық, синтаксиситік деривация негізінен қосымша арқылы жасалған туындыларға қатысты. Сөзжасамдық басқа тәсілдердің өзіндік ерешелігі де жоқ емес. Сондықтан осы тұрғыда тілде синтагматикалық деривацияны да бөліп қараған дұрыс. Синтагматикалық деривацияға бірнеше түп негіз арқылы жасалған сөздердің мағынасы жатады. Мысалы: көтері, елубасы, жүзбасы, көкдолы, асылзада, автобазы т.б. Мұндай сөздердің мағынасы, негізінен, күрделі сөздің құрылымына енген сыңарлардың-ьяғни түп негіздердың мағыналарының қосындысы болып табылады. Сөйтіп, бір тұтас күрделі ұғымды білдіреді.