Сөзжасам пәні оның мақсаты мен міндеті

1.Қазақ тіл білімірде сөз жасау жүйесіне байлынысты мәселелер бұрын-соңды жеке салаа ретінде зерттелген де емес және ол тіл білімінің жеке сала ретінде ғылымда танылған да жоқ. Бірақ бұдан сөз тудыру, сөз жасу, жаңа сөз мәселелері ғылымда мүлдем зерттелиеген деген ұғым шықпайды. Бұл мәселелер әр сөз табымен байланысты зерттеліп, жеке сөз таптарының сөз жасалымы ретінде арнайы еңбектер жарияланып келді.

Түрколгияда бұл мәселенің беті әлі толық ашылған жоқ, негізінен сөз тудыру морфология көлемінде беріліп жүр. Түркі тілдерінде шыққан грамматикалардың көпшілігінде сөзжасам морфологияның ішінде әр сөз табымен байланысты беріліп келді. Ол ғылыми жұртшылыққа түрлі түркі тілдерінің грамматикаларынан белгілі. Сондықтан оны ертеден келе жатқан, дағдыға айналған құбылыс деуге де болады. Сонымен бірге біраз еңбектерде сөз тудыру, жаңа сөз жасау процесінің нәтижесінде сөздің лексикалық қорының толығып отыратынын негізге алып, ғалымдар сөз жасалымды лексикологияға жатқызады. Алайда тіл біліміндегі сөз жасуға қатысты мәселелрдің бәрі тіл білімінің өзінше дербес саласы ретінде жеке қаралу керек деген ғалымдардың, оның ішінде, әсіресе, орыс тіл білімі ғалымдарының ұсыныстарытүрклогтарға да әсер ете бастады.

  1. Қаз тіл білімінде сөз тудыру барлық грамматикаларда морфология құрамында берілген, ол жөнінде басқа пікір ұсынушулар т.б. пікір таласы кездеспеді. Бірақ ғылымдағы соңғы, жаңа көзқараспен санаспауға тағы болмайды. Бұған түрлі себпетер бар. Сөзжасам жеке сала ретінде танылмай, жеке сөз таптарының құрамында қаралып жүргенде , сөзжасамның жалпы теориялық мәселелріне жеткілікті көңіл бөлімбей келді. Соның рәтижесінде сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері зерттелмей, барлық назар жеке сөз таптарының жасалмрың төңірегінде болды. Бұл сөзжасамның жеке проблемаларының зерттрліп, жалры теориялық проблемаларының артта қалуына әкелді. Осымен байланысты қазақ тіл білімінде тіліміздің сөз жасу жүйесінің жалпы сипаттары, ортақ құбылыстары ғылыми тұрғыдан өзінің шешімін таппады. Сондықтан ғылымда осы проблемалармен байланысты қажетті терминдер де қалыптаспады. Мұндай жағдай қазақ тілі мамандарын дайындауға нашар әсер етері сөзсіз. Оған себеп- сөзжасамның тіл білімінің негізгі бір саласы ретінде танылмай келуі. Қақ тілінің негізгі байлығы- оның сөздік қоры. Ол байлықтың қалай жиналғанын, алуан түрлі сөздердің қыры мен сырын, олардың қалай қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жаслу тетеігін жүйелі түаде, арнайы зерттеу- бүгінгі күннің талабы. Осы жағдайлардың бәрі ескріліп, қазақ тілінің созжасамжүйесі осы жұмыста жеке зерттелді.

3.Ескерте кететін бір мәселе бар. Қазақ тілірің сөзжасамы тіл білімінің дербес саласы ретінде қаралғанда, ол оның басқа салармен байланысысн жоққа шығару деп түсінбеу керек. Біріншіден, Тілде бір-бірімен байланыспайтын, байланысты керек етпейтін ешбір тілдік құбылыс жоқ. Екіншіден, әр тілдің сөзтудырым жүйесі соңғы кезге дейін морфологияның, кейде лексикологияның құрамында қаралуы олардың байланысына негізделгенін естен шығаруға болмайды.