Шылаулар.

Шылау сөздердің бастапқы мағыналары солғындап, өздеріне тән әуелгі дербестіктерінен айрылып, көмекші сөздер қатарына көшуіне олардың практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туған грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.

Шылау сөздер өздері тіркескен негізгі сөздердің мағыналарын толықтырып, я анықтап оларға әрқилы реңктер жамап, айқындап отырады. Ал шылау сөздердің тиісті тіркестерде айқындалатын осындай қосымша

мағыналары олардың нақтылы лексика-грамматикалық мағыналары болып есмептеледі.

Шылаулар-сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымына әрқилы реңктер үстпе, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларды аз да болса, лексикалық мағынасының нышанасы болады, ал шылаулардың бойында қалыптасқан негізгі қасиет – грамматикалық мағыналар. Өйткені шалулардың грамматиалық мағыналары лексикалық мағыналарна қарағанда әлдеқайда басым болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән форамалары арқылы өзіндік грамматикалық мағыналарын толық қамтиа алмайтын атауыш сөздерге жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі компоненті ретінде атауыш сөздердің жетегінде қолданылады.

Шылаулардың атаушы сөздермен тіркесу қабілеті біркелкі емес. Өз бойында лексикалық мағынасының элементтерін жоғары ұстаған, азды-көпті семантикалық дербестігі бар шылаулар өздері тіркесетін атаушы сөздердің негізігі мағыналарына аз да болса ө зүлесін қосып отырады. Ал өздерінің бастапқы лексикалық мағыналарынан тым алшақтап кетіп, семантикалық дербестігін мүлдем жоғалтып алған шылаулар өз алдына жеке қолданылмай, атауын сөздердің тек формальдық-грамматикалыұ компоненттері ретінде қолданылады.

Тіліміздегі шылаулардың бәрінің атқаратын қызмететрі бірдей емес. Олардың бірқатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық сипат жағынан сөйлемді байланыстыру үшін ьдәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтау, толдықтау үшін т. б мақсаттарда қолданылаады. Міне, осындай грамматикалық сипаттарына қарай шылаулар ішінара үш бөлікке бөлінеді: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер.