Еліктеу сөздер

Тілімізде сематикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетикалық-морфологиялық құрылымы жағынан да өз сөз топтарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер (мимемо) деп аталады.

Еліктеуіш сөздер сематикалық жағынан алғанда,біріншіден табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр түрлі әрекет қимылдарынан тұратын, әрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, жалт-жұлт, қалт-құлт т.б.

Еліктеу сөздердің бір тобы сематикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының сематикалық мағыналары сол табиғаттағы әрқилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді, бір тобы іліктеуіш (еліктеме)сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш(бейнелеме) сөздер деп аталады.

(Еліктеуіш) Бұл сөздер сематикалық жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сыр-сипаттары жақтарынан да (мысалы буын, құрылысы, морфологиялықтұлғалары, синттаксистік қызметтері) бір –бірі мен ұқсас орайлас болып келеді. Еліктеу сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері мен барлығына да тән жалпы қасиеттері төменгідей.Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұмырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу- соқтығысулары мен туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелеріне шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі- белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктерді ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы; мылтық тарс етті, қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ . Ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді. Демек, бұл екі сөздің екеуіне де жансыз және жанды заттардан шыққан дыбыстар негіз болған. Бірақ бұл дыбыстардың дәлме-дәл қайсысы болса да, әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме-дәл етіп айтуға тырысудан туған әрі дыбыстық бейне, әрі сол беліненің атауы ретінде қалыптасқан дыбыстар. Заттың құрылымдық бөлшектерінінң ерекшеліктеріне қарай, жерге түскендегі дыбыс я дүңк,я тыңқ, я діңк, я тоқ, я тық… етіп естілуін тілмен дәлме-дәл айтып жеткізу қиынақ. Дегнемен, осы дыбыстар дыбыстық бейне ретінде де, сол бейнелердің атаулары ретінде де қалыптасқандықтан оларды біз сөздер есебінде қабылдаймыз. Оның бер жағында, бұл дыбыстар, қайсысы болса да жалаң дыбыстар белгілі-белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары есебінде қабылданып, тиісті сөздерге айналған. Оған көркем әдебиеттен кейбір мысалдар келтірейік.

Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түсті (Әуезов). Қасқыр тыпыр бас салды(сонда). Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып дар-дар айырылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды.Қапаш-құпаш, қорт-қорт етіп қрмағай қанды ауызар асайды (сонда). Осы сөйлемдердегі топ, ырр, дар-дар, сырт-сырт, қорт-қорт сөздері де тиісті дыбыстарды естуден пайда болған түсініктерді білдіреді. Сондықтан бұлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге жатады.

Осыдағы дар-дар, сырт-сырт, қорт-қорт деген еліктеуіш сөздер бастапқы түбірлердің екі рет қайталауынан жасалған. Егер сол сөйлемдердің құрамдарына да құрылыстарына да ешқандай өзгеріс енгізбей тек осы еліктеуіш сөздерді қосарланған түрде емес, жалаң түде ғана қолдансаң (Мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер сияқты, еліктеуіш сөздердің не жалаң түрі мен қосарланған түрі болатыны. Олардың мағыналарында тиісті айырмашылық барлығы аңғарылады. Демек, еліктеуіш сөздің жалаң түрі амал-әрекеттің бір ғана рет қайталанып жасалатынын білдіреді. Мысалы: дар айырылды және дар-дар айырлды; сырт етіп және сырт-сырт етіп, қорқ етіп қорқ-қорқ етіп дегендерді мағына жағынан салыстыруға болады.

Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. Мысалы: Біреу есікті тарс-тарс ұржы және біреу есікті тарс-тұрс ұрды деген сөйлемдердің құрылысымен құрамында айырмашылық бар; тарс-тарс ұрды деген де, адам есікті әрі қатты, әрі бірнеше-рет ұрғаны мен, бір қалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс-тұрс ұрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы бір қалыпты емес, бірде қатты, бірде одан да қаттырақ, я солғын болып алмасып отырғаны аңғарылады. Бірақ бұл екі форманың қызметінде тарс-тарс (сарт-сарт) деген де, тарс-тұрс (сарт-сұрт) деген де ешқандай өзгешілік болмайды. Олар біреуінің орнына біреу тұра алады.Морфологиялық жағынанда бұл үш форма (тарс, тарс-тарс, тарс-тұрс) өзгермейтін ретінде қала береді.

Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жақын синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді, Мысалы: сатыр-күтір, солдыр- күлдір, бұрқ-сарқ т.б Бұл ерешелікте- еліктеуіш сөздердің қосарлауына тән қалыпты, заңды құбылыс. Әдетте, су бұрқ-бұрқ қайнап жатыр деп те айтыла береді. Бұл сөйлемдердің де құрылыстары мен құрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, арасында азды-көпті мағыналық айырмашылық бар: бұрқ-бұрқ қайнауға қарағанда, сарқ-сарқ қайнау әлдеқайда күшті. Солай болса, сол екі дыбысты (сөзді) есіткеннен кейінгі алынатын әсер де бірдей емес. Ендеше, бұл екеуінің мағыналары да бір-біріне қарайлас та, жақын да. Егер бұл екі сөздің бір-бір сыңарларын бөліп алып, оларды қосарлап: Су бұрқ-сарқ қайнап жатыр десек, оған бұрқ және сарқ деген екі сөздің де беретін мағынасы бірдей кіреді, демек, су я бірыңғай сарқылдап та қайнамай жоғарыдағы айтқан тәрізді (тарс-тұрс сияқты), бірде бұрқылдап, бірге сарқылдап қайнаудың дыбыстық та бейнелік те көрінісі білінеді. Салдыр-күлдір,сатыр-күтір сияқтанған сөздердің де құрылыстары мен мағынасынан осыны байқауға болады.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерде құрылыс жағынан ешқандай айрма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір-бірінен, сәл де болса, ерекшеленіп тұр. Ол ерекшелік : сарт және сырт деген сөздердің дауысты дыбыстарға ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылғаннан есіктің қатты шыққаны аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын жабылғандығы білдіріп тұрған нәрселер түбірлердің дауысты дыбыстарыныңя ашық, я қысаң болуына ғана байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, еліктеу сөздің түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, құлаққа келетін табиғат дыбысы да қатты естіледі, қысаң болса, ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды. Ондай сөздердің мағыналарындағы айырмашылықты білу үшін, қосымша, мысалы, тарс және тырс, шақ-шақ және шық-шық, шаңқ-шаңқ, қарш-қарш деген сөздерді салыстыруға болады.