Үстеулердің мағыналық түрлері

Үстеулер қимыл, әрекеттің мезгілін, мөлшерін, мақсатын себептерін білдіруіне қарай мынандай сегіз түрге бөлінеді.

1) Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үстеулер. 3) Мөлшер үстеулер. 4) Сын-бейне үстеулер. 5) Күшейту үстеулер. 6) Мақсат үстеулер. 7) Себеп салдар үстеулері. 8) Топтау үстеулері.

1) Мезгіл үстеулер етістікпен тіркесе қолданылып, қимыл қозғалыстың уақытын аңғартады. Мысалы:бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, т.б. Мезгіл үстеулер: қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап береді.

2) Мекен үстеуі деп қимылдың орнын, бағытын білдіріп қайда? қайдан?сұрауларына жауап беретін үстеулерді айтамыз. Олар: ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай т.б.

3) мөлшер үстеуі қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп, қашан? қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мыс: онша, сонша, оншалық, соншалық т.б.

4) Сын-бейне үстеуі қимылдың сан түрлі бейнесін, орындалу амалын аңғартып, қалай? қалайша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бірден, тез, жылдам, бірте-бірте т.б.

5) Мақсат үстеулер. Қимылдық мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі, жорта, қасақана т.б.

6) Күшейту (я ұлғайту) үстеулер заттың сынын, қимылын өзін, немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де қалай? қандай? Деген сұрақтарға жауап береді. Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем т.б.

7) Себеп – салдар үстеуі олардың себебін я салдарын білдіреді. Оларға мынандай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге т.б.

8) Топтау үстеулері амалдық және басқа қарым-қатынастың бірігуі арқылы істелгенін немесе, көрсетілгеніне, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, он-ондап, көп-көптен,топ-тобымен, рет-ретімен, үйді-үйіне т.б.

Үстеудің шырай формалары

Үстеу қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы деп есептеледі. Бірақ бірсыпыра мезгі, мекенүстеулері сын есімнің шырай формасын жасайтын жұрнақтарын (-рақ, -рег) қабылдап, қимылдың орындалу белгісінің әр түрлі дәрежеде іске асатынын көрсетеді. мысалы, кешкерек, ертерек,бұрынырақ, ілгеріректе т.б. сондай-ақ тым жоғары, аса ерте, өте кеш, тым әрі, өте тез, тым жылдам сияқты күшейткіш сөздер арқылы асырмалы шырай формалары жасалады.

Жоғарыда келтірілген мысалдарға сүйене отырып, үстеулердің түрленетін сөз табы ретінде қабылдануға болады. Бірақ кейбір үстеулердің шырай формаларын қабылдауына байланысты үстеуді түрленетін сөз ьтабы ретінде қабылдау дұрыс емесдейді. Кейбір тілші ғалымдар (мырзатай Ирғалиев, Абытбай Айғабылов, Брол Күлкенова қаз. қазақ әдеби тілі 84 бет) Олар өздерінің мынандай дәлелдерін келтіреді: Біріншіден, шырай тудыратын жұрнақтар (рақ, рек)және асырмалы шырай тудыратын өте, тым, аса,орасан сияқты сөздер барлық үстеуге жалғанып, не тіркесіп айтыла алмайды. Санаулы мезгіл, мекен, сын-бейне үстеулерге ғана тән болып келеді.

Екіншіден, шырай формасында қолданылатын үстеулер табиғаты жағынан сын есімге өте жақын. Олар тіпті тілімізде сын есім ретінде қолданылып та жатады. Мысалы: жоғары мектеп, төмен адам, ілгері ой, ерте егіс, жылдам бала т.б.

Бұл екі дәйекке сүйене отырып, кейбір үстеулер шырай формаларын жасаса, олардың (үстеулердің) сын есімдеріне түрленетіні деп түсінген абзал.

Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

Үстеулерде сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым-қатынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік қызқметтерін тану үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатындығын, екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстейлердіңсөйлемдегі орынын білу қажет.

  1. Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пысықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мыс:Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амалсыздан тоқтады деген сөйлемдердегі ерте, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыштардыпысықтап тұр.
  2. Үстеулер осы жоғарыдағы сияқты етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мыс: оның еміс-еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістік формасынан болған бастауышты пысықтыап тұр.
  3. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды. Мыс: Бозбаламын мен де енді (т) Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты деген сөйлемдерде енді үстеу, бозбаламын деген баяндауышы, шетінен үстеуі, сауатты деген баяндауышы пысықтап тұр.
  4. Сөйлемде үстеулер қанша да болсын өздерінің пысықтайтын я айқындайтын сөздерінен бұрын тұрады. Бірақ үстеулердің ішінен орын толғамайтыны – мезгіл үстеулер.егер олар баяндауыштан басқа мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелей сол пысықтайтын мүшенің алдынан бұрын тұрады. Ал баяндауышты пысықтаса, онда (баяндауыштан) алшақ та тұра береді.

Үстеулердің басқа топтары өздерінің пысықтайтын мүшелерінің тікелей қасында тұрады. Егер бірнеше үстеу қоса-қабаттаса қолданылса, ең әуелі орында – мезгіл, одан кейін – мекен үстеуі, одан кейін –мақсат, себеп, сын үұстеулері тұрады.