Үстеу

Үстеу – іс-әрекеттің белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады. Мысалы: Ол ерте келді. Ұшақ жоғары ұшты. Бұл сөйлемдердегі ерте және жоғары сөздері қимылдың мезгілі мен орнын аңғартып тұр.

Үстеулердің зат есім, сын есімдермен де тіркесіп қолданылуы мүмкін. Бұл жағдай тек шама-шарық, мөлшерді білдіретін үстеулерге ғана тән. Мысалы: соншама жүдеу, жүзі де, Меңдігерейді ол бірден таныды.

Үстеулер жеке сөз табы ретінде морфологиялық белгіге ие. Үстеулердің морфологиялық белгісі- түрленбейтіндігі. Үстеулер қандай сөзбен тіркессе де формасын өзгертпейді.

Ал үстеулердің синтаксистік қызмет- пысықтауыш қызметін атқару.

Үстеулер морфологиялық құрылымына қарай екі топқа бөлінеді: 1) жалаң үстеулер; 1) күрдеулі үстеулер.

Жалаң үстеулер түбір үстеулер және туынды үстеулер болып екіге бөлінеді.

Түбір үстеулерге тез, әлә, бері, жылдам, ерте, жорта сияқты сөздермен қатар қосымшалары сіңісіп, қазір мүшеленбейтін дәрежеге жеткен, бұрынғы мағыналары ұмытылып барып үстеу қатарына қосылған біргі, зорға, төтенше, шалқасынан т.б. сөздер де жатады. Ал туынды үстеулер мына жұрнақтар арқылы жасалады.

Сөз табының бірінен санеалатын үстеудің жасалу жолы әртүрлі амалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай амал-тәсілдерді өзара саралып топтағанда, олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық, аналитикалық тәсіл. Бұлардың қайсысы болса да, үстеу сөз табын туындатуда өзіндік қызмет атқарады. Үстеудің жасалу барысын түбір негізбен байланыстыратын болсақ, бұл ретте оның әр сөз табы негізінде өрбіп отыратындығын байқаймыз. Мәселен: қыста, күзде тәріздес үстеу сөздер зат есім негізінде қалыптасқан. Осы сияқты басқа сөз таптары арнасында да түрліше амал-тәсілдердің қатынасуымен үстеулер жасалып отырады.

Үстеудің морфологиялық тәсілдер арқылы жасалуы.

Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әрқилыболып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұранқтар қатынасады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады.

Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер.

Мұндай үстеу сөздердің негізі мезгілідк ұғымда (кеше, бүгін, қазір, әзір, ақыры, ерте , жаңа т.б.) жұмсалып, өзімен біте қайнасып кеткен қосындынаы да осындай мәнде болуға бағыштап тұрады.

Үлкен айдынмен үркіте, шошыта келген қалың қайрат, қара бұлттай қатты ашу қазірде қайта серпіліп, уақытша сабасына түскендей болды.(М.Әуезов). Капитан бүгін азанда бір аса маңызды хабар есітіпті. (Ә.Нұрпейісов). Қарт бақтың ең шеткі жағында жаңадан ғана егілген жас ағаштарға Әсет Ережепті алып келді(Қ.Оразалин).

Кейде осы көрсеткіш басқа сөзжасам аффиксінен кейін мекен сатылап барып та жалғанады: Ертеректе осы өлкенің мекен еткен ағайынды екі жігіт болады. (Қ.Жұмаділов)

Зат есімнен пайда болған үстеулер.Бұл тәріздес үстеулер болған оқиғаның мезгіл-мөлшерін білдіріп тұрады.

Әбден әңгімелесіп, тамақ ішіп болған мезетте келді. (С.-Талжанов). Бұл мезетте совхоз орталығынан келе жатқан жүргіншілер декеліп жеткен еді. (Т.Қаупынбаев) … Мынадай бір шана шөпті бір өзі көтереді дегенді өмірде ойламағанбыз.(М.Дүзенов).

Сын есімнен пайда болған үстеулер. Мұндайда сөздің түбір қалпы сын есімдік мәнде келеді. Алайда мағыналық үндестігі жағынан кейде мұндай сөздер үстеулермен де астарласып жатады.

Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, ботаның басында болды. (С.Сейфуллин).

Есімдіктен пайда болған үстеулер. Үстеулердің бұл түрінде сөз түбірі есімдік болады да, -да, -де қосымшаларының әсерінен енді олар мездгілдік ұғымдағы үстеу сөз табын жасайтын болады. Анада Ерғали барып қайтқандабір сөзінен денем түршіккен. Еламан бұндайда өз бөлмесіне кетіп қалады. Күрес кезінде бұны біз естен әсте шығармаймыз.