Жалпы грамматикалық категориялар

  • жалпы граматикалық мағынаны айтамыз.
  • Мысалы:Құлпыртып ән салайық түрден түрге,
  • Бастайық ілгері адым өрден өрге .
  • деген сөйлемдердегі әр сөз белгілі морфологиялық форма арқылы бір-бірімен қарым — қатынасқа түсіп тиісті грамматикалық мағына білдіріп тұр. Олар құлпыртып сөзі әуелі –т, -ып формасы арқылы екі түрлі морфологиялық өзгеріске ұшырап барып, салайық сөзімен тіркесіп екі түрлі грамматикалық мағына білдіріп тұр. Ол әуелі өзгелік етіс мағынасын, одан кейін көсемшенің негізгі ісі айқындап тұратын беретін мағынасы. Екінші әнді, адамды сөздері табыс септігінде –ды, -ді формасы арқылы салайық бастайық сөздерімен қатынасқа түсіріп оларды іспен байланысқан мағынаны береді. Түрге, өрге сөздері барыс септігінің –ге формасы арқылы құлпыртып салайық, ілгері бастайық сөздері бет алыс бағытқа меңзейтін мағынаны көрсетеді. Түрден өрден –денформасы арқылы өздеріне кейінгі түрге өрге сөздерімен қарым- қатынасқа түсіп, істің я амалдың бір орыннан екінші орынға көшетінін білдіріп тұр. Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
  • Келіңіз, менде қызық кітаптар, газает-журналдар бар, бірге отырып оқиық. Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ. Адамды бағындырудың асылы- еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек. Мен шаруа баққан момын адаммын. Міне, енді сіз үйіңіздесіз деген сөйлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша құрылған. Бұл сөздердің кейбіреуіне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік жалғаулары жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да көріктеніп, жатық айтылып тұр.Төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өздеріне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен де олар өз алдарына категория деп танылып әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу категориясы, жіктеу категориясы делініп есептеледі.
  • Сөздерге, әдетте, жалғаулардан өзге жұрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғаларын өзгертіп, әр қилы басқа категориялар тудырып отырады. Мысалы: Ол орта бойлы, көселеу, үлкендеу келген сарғылт көзді ақ сары жігіт екен деген сөйлемдегі бойлы, көселеу, үлкендеу, сарғылт, көзді, келген, екен сөздерінің әрқайсысына тиісті қосымшалар қосылып қолданылған. Бірақ бұл қосымшалардың бәрі де – жұрнақтар: бойлы, көзді дегендердегі –лы жұрнағы есімдерді жай шырай формасынан салыстырмалы шырай формасына түсіріп тұр: ал, келген, екен дегендердегі –ген жұрнағы кел, е етістіктерінен есімшенің өткен шақ формасын тудырып тұр.
  • Тілден тыс ешқандай грамматикалық құбылыс болмайтыны сияқты, тілдегі сөздерден тыс грамматикалық категориялар да өмір сүре алмақ емес. Өйткені сөздің өзі болмаған жағдайда ол сөздің мағынасы туралы дасөз болуы мүмкін емес. Сщндай-ақ, жалғанатын негіз болмаса, қосымшалардың бір де болмайтыны былай тұрсын, өздері де болмас еді. Солай болса, грамматикалық категориялар сөз таптарына тән, оларға телулі болады.
  • Сөз таптарының, олардың грамматикалық категорияларының өзара қарым-қатынастарынан тіліміздің грамматикалық ерекшеліктері туады, ал сол ерекшеліктерден оның грамматикалық құрылысына тән алуан түрлі грамматикалық құбылыстардың бірлігі құралады.
  • Грамматикалық категория сөздің негізгі (лексикалық) мағынасына тек жанамалай ілесіп қана яжарысып қана отырмайды, ол екеуі бірі мен бірі іштей ұласып, өзара бір-біріне ықпалдарын да тигізіп, тығыз қарым-қатынасқа түседі. Сол себептен бір сөздің бойынан бірнеше категорияны табуға болады.