Лингвистикалық талдау әдістемесі

Лингвистикалық талдау тәсілдері. Жоғарыда ескертілгендей, сипаттама әдістың болсын, құрылымдық әдістың болсын алға қоятын мақсаты — тілдің белгілі бір дәуірдегі жүйелік құрылымын синхрондық күйде сипаттап шығу. Ал онысипаттау — тілдік тұлғаларды бөлуге олардың өзіндік ерекшеліктерін, қызметтерін дистрибуцияларын айқындауға байланысты.

Тілдік түлғаларды сипаттау, талдау үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезеңде текстен номинативтік, коммуникативтік тұлғалар бөлініп алынады. Екінші кезеңде ажыратылып алынған номинативтік және коммуникативтік түлғалар әрі қарай құрылымдық бөлшектерге, яғни сөз — морфемаға, сөйлем — сөз тіркестері мен сөйлем мүшелеріне жіктеледі. Ал үшінші кезеңде алдыңғы екі кезеңде бөліп алынған номинативтік, коммунпкативтік және құрылымдық тұлғалар талданып түсіндіріледі.

Құрылымдық түсінік, негізінде, категориялық және дискреттік талдау арқылы беріледі. Категориялды талдау арқылы айқындалған элементтер әр түрлі жақындықтарына қарай әр түрлі парадигмалық топтарға жіктеледі. Ал дискреттік (латын сөзі — «бөлшектік») талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі.

Лингвистикалық талдаудың жоғарыда аталған үш кезеңнің алдыңғы екеуіндегісі компоненттік талдау деп аталады. Мұнда сөз — морфемдік, сөйлем — мүшелік бөлшектерге талданады. Компоненттік талдау, сонымен бірге, сөз мағынасын түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» адам деген сөздің лексикалық мағынасы былай айқындалған: «Ойлау және сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралдарын өндіре алатын және ол құралды қоғамдық еңбек процесіне пайдалана алатын жан иесі, кісі». Бұл анықтамада «адам» деген сөздің лексикалық мағынасының алты түрлі белгісі аталған. Олар: 1) ойлау, 2) сөйлеу, 3) құрал өндіру, 4) құралды пайдалана білу, 5) жан иесі, және 6) кісі. Бұлардың әрқайсысы — сөздің лексикалық мағынасының жеке компоненттері. Осы компоненттердің бірігуі арқасында сөз мағынасы жан-жақты айқындалады. Компоненттік талдау дегеннің мәні де осында.

Бірақ көптеген сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың мағынасын айқындауда компоненттік талдаудың жетімсіз болатыны, контекстік талдауды қажет ететіні болады. Контекс деп тілдік тұлғаның орналасқан ортасын айтады. Лексикалық, грамматикалық омонимдердің, полисемиялы сөздердің мағыналарын айқындауда контексті пайдалану шешуші роль атқарады (Күннің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, малды суар, малды ауыл, қолын малды).

Кейбір әдебиеттерде контекстік талдау дистрибутивтік, әдісика деп те аталады. Бірақ бұлай атау орынсыз, өйткені контекстік талдау мен дистрибутивтік талдау бір емес: алдыңғы, негізінде, тілдік тұлғалардың мағыналарын айқындауды көздейді, ал соңғы кез келген тілдік элементтің орналасу тәртібін, қандай элементтер арасында, қасында келе алатынын, олардың қызметін айқындауды көздейді, сондықтан ол синтагмалық тіркесудің барлық түрінде, фонема үшін фонема тіркестерін, морфема үшін морфема тіркестерін контекст ретінде қолдана береді.

  1. Математикалық әдіс. Кейінгі жылдарда физика, химия, математика ғылымдарының тез қарқынмен дамуы нәтижесінде техниканың ролі мейлінше артты. Ол өмірдің бар саласына да кең тарала бастады. Күрделі есептер шығаратын, бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машиналар жасалып шығарылды. Содан барып математикада қолданылатын әдісті басқа ғылымдарда, солардың ішінде тіл білімінде де қолдануға болмас па екен деген сұрақ туды. Оған себепші боларлық кейбір жайттің тілде барлығы даусыз. Мысалы, тілдің құрылымында оның элементтерінің сандық шамасының да атқаратын ролі аз емес. Онда белгілі бір элемент, форма көп болса, екінші біреулері сан жағынан одан әлдеқайда аз болады. Бірі өнімді, актив қызмет атқарса, екінші біреулері өнімсіз, пассив болады, өте сирек қолданылады. Бұларды айқындау, есепке алу — ғылым үшін қажет нәрсе. Өйткені тіл білімі үшін тілдік элементтердің сапалық сипаты қандай мәнді болса, сандық сипаты да сондай мәнді.

Математикалық әдіс тілді күрделі есептер шығаратын, немесе тексті бір тілден екінші тілге аударатын электрондық машинамен қалай жақындастыруға болады дегенді зерттейді. Кейбір ғалымдар математикалық әдістің бұл міндетін автоматтық анализ әдісі деп бөліп қарайды.

Математикалық модельдер үлгісін тілге де қолдану, тіл білімін де автоматтандыру талабы хабар, информация теориясы негізінде, соның қасиетінен туып, соңғы жылдары өте тез қарқынмен дамып келе жатқан кибернетика ғылымының әсерінен пайда болды. Бұл совет тіл біліміне 50-жылдардың екінші жартысынан бастап ене бастады. Содан бергі уақыт ішінде ағылшын, француз тілдерінен орыс тіліне электрон машинасы арқылы аударуға бірнеше әрекет жасалды.

Математикалық әдісті тіл білімінде қолдануға бола ма деген мәселенің басы әлі ашыла қойған жоқ елеулі қиындықтарына қарамастан, математикалық әдісын егер дұрыс қолдана білсе, тіл біліміне едәуір септігін типзері даусыз.

  1. Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру — ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл әдіс барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру тек ғылыми зерттеуде ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған объектінің өзіндік ерекшеліктері, басқаларға ұксастық және одан өзгешелік жақтары айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көзделер түпкі мақсат — әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешелік лингвистикада қолданылатын салыстырмалы әдіста да бар. Басқа ғылымдарда қолданылатын салыстырулардан өзгешелігін айтпаған күнде де бұл әдістің бір тіл білімінде қолданылуының өзінде де әр түрлілік аз емес. Ондай түрлілік салыстырылатын фактілердің ерекшеліктерінен, салыстырудан күтілетін нәтижелерден, көзделетін түпкі мақсаттан туады. Салыстырылатын фактілер әр түрлі тілдерден алынуы да бір тілдің өз фактілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ салыстырылатын әр түрлі тілдер өзара туыстас, төркіндес тілдер болуы да, бір-бірімен ондай жақындықтары жоқ тілдер болуы да мүмкін. Салыстырылатын фактілердің осындай өзгешеліктеріне қарай салыстырмалы әдіс тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдіс, тарихи-салыстырмалы әдіс, салғастырмалы әдіс делініп үш түрге бөлінеді.
  2. Тарихи-салыстырмалы әдіс. Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды. Бұлай аталатыны: бұл тәсіл тілдік фактілердің тарихын айқындау үшін қолданылады. Оны айқындауда, зерттеліп отырған тілдің әр дәуірдегі фактілерін бір-бірімен салыстыра зерттеу әдісі қолданылады, яғни фактілер тарихы салыстыру арқылы ашылады. Сондықтан біраз әдебиеттерде тарихи деп атауға салыстырмалы деген сөзді қосарлап, тарихи-салыстармалы әдіс деп атайды.

Мұндағы салыстырудың салыстырмалы-тарихи методтан ең негізгі ерекшелігі – алдыңғыда туыстас бірнеше тілдер фактілері салыстырылса, соңғыда бір тілдің фактілері де бір-бірімен салыстырылады.

Тарихи-салыстырмалы әдіс тілдің өзгеру, даму жолдарын, ол өзгерістердің заңдылықтарын және оған түрткі болған ішкі-сыртқы себептерді зерттеу үшін қолданылады. Бұл метод тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудың, сөйтіп, оның тарихын зерттеуге мән берудің нәтижесінде ХІХ ғасырда пайда болды.

Тарихи-салыстырмалы әдісті қолдана отырып, тіл тарихын зерттегенде, тілдің құрылымының әр қабаты-фонетикасы, морфологиясы, синтаксисі т.б. жеке-жеке зерттелуі мүмкін. Соған қарай тіл білімі тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи синтаксис немесе тарихи грамматика деп бөлшектеніп те аталады.

Тілдік құбылыстардың көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстар отырып, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да аз болмайды. Осыған байланысты тіл тарихшысы бұл ғылымдардан да хабардар болуы шарт.

Тіл фактілерін тарихи тұрғыдан алып зерттеу, білу ғылым үшін де, практикалық іс үшін де керек. Өйткені, қандай құбылыстың, фактінің болса да өткенін, тарихи даму жолдарын білмей тұрып, оның қазіргі күйін, сырын жете білу мүмкін емес.