Социологиялық және этнолингвистикалық бағыттар

Социологиялық мектеп. Тілдің қоғамдық сипаты, оны дүниеге келтірушілер, қолданушылар қоғамдасқан адамдар екендігі туралы пікір ете ерте заманнан басталады. Затқа атауды адамдар өзара келісу арқылы қойған, тіл содан пайда болған дейтін ежелгі грек философтары тұжырымдарының өзінен де олардың тілдік әлеуметтік мәні барлығын мойындағандықтары байқалады. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығынқайтаөркендеу дәуірі мен XVIII—XIX ғасырдың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі түрде, дербес проблема ретінде көтерілмей, көшжөнекей, басқа мәселелерге байланысты ғана сөз болып отырды.

Тіл қоғаммен байланысты, тіл қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып, қалыптасты.

Тілдің әлеуметтік сипаты ғылыми коммунизмнің қоғам дамуы заңдылықтарының негізін салушы марксизм классиктерінің назарынан да тыс қалған жоқ. XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген «Семияның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы», «Франк диалектісі», «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» дейтін еңбектерінде Ф. Энгельс дыбыс тілінің қалай пайда болғанын, таптық қоғам пайда болғанға дейінгі тілдің әлеуметтік функциясын, тілдер қарым-қатынасын, оның адам қоғамымен бірлігін, ру, тайпа тілдерінің өзіндік сипаттарын олардың дамуында болып отырған тілдердің ыдырап бөлшектенуі мен қосылып бірігу процестерін терең де жан-жақты баяндайдайды.

XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал социологиялық лингвистика деген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр.

  1. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері —Поль Лафарг (1842—1911), Ф. де Соссюр (1857—1913). А. Мейе (1і866—1936), Ж. Вандрисс (1875—1960), Э. Бенвенист (1902).

Мектептіц социологиялық деп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға карама-қарсы тіл — қоғамдық әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатыт да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыста қаралу керек деп санайды.

Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқталып өтейік.

  1. Тілдің әлеуметтік мәні жөнінде құнды зерттеу жасаған Француз ғалымдарының бірі — дүние жүзі жұмысшы қозғалысының көрнекті қайраткері, Франция жұмысшы партиясын құрушылардың бірі, марксизм идеясының жалынды насихатшысы Карл Маркстің күйеу баласы Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан «Революцияға дейінгі және одан кейінгі француз тілі» деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік, таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігін терең де, жан-жақты зерттеген. Француз тілінің XVII—XVIII ғасырлардағы даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттей отырып, Лафарг үғымның, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық қатынастарға тәуелді болатындығын дәлелдейді. Ол тілді өзінің әлеуметтік ортасынан бөліп алуға болмайды. Тіл өзі дамып отырған ортадағы адам табиғатында, қоғамда болып жататын өзгерістерді бейнелейді. Тіл — тап күресінің күшті құралы деп жазады.
  2. Фердинант де Соссюр Швейцар лингвисі, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Жас грамматикалық бағыттың әйгілі өкілдерінен дәріс тыңдаған.

Ол «Үнді-европа тілдері вокализмінің алғашқы жүйесі» атты тұңғыш еңбегін университетте оқып жүрген кезінің өзінде-ақ бастырып шығарған. В. А. Звегинцев: «Өзінің ғылыми құнын күні бүгінге дейін жоймаған бұл жүмыс үнді-европа вокализмін зерттеуде, сол арқылы тіл білімінде салыстырмалы-тарихи әдісті дамытуда үлкен роль атқарады»,— деп жазды. Де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектептің көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол — өзінің еңбектері арқылы лингвистика дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына осы күні де күшті әсерін тигізуде.