Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері

жылдарында Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі — академик Филипп Федорович Фортунатов (1848—1914). Ол Германияда,» Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, үнді-европа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл саладан біраз еңбектер берген. Олардың ішіндегі ең елеулілері «Салыстырмалы тіл білімі» (1898), «Үнді-европа тілдерінің салыстырма фонетикасы» (1902), «Көне славян тілі фонетикасынан лекция»(1919), «Салыстырмалы морфология» (1901).

  1. Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864—1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878— 1933), т. б. болды.

Академик А. А. Шахматов — Фортунатовтың шәкірті, ежелгі орыс мәдениетінің, тілінің тарихшысы, тіл мәселесімен де, әдебиет мәселесімен де айналысқан, артына көп еңбек қалдырған адам. Олардың ең бастылары: «XIII—XIV ғасырдағы Новгород грамоталары туралы зерттеу» (1886), «XV ғасырдағы двин грамоталары туралы зерттеу» (1903), «XIV—XV ғасырдағы Псков «ескерткіштері туралы бірнеше ескертпелер» (1909), «Орыс тілі тарихы ежелгі дәуірінің очеркі» (1915), «Қазіргі орыс әдеби тілінің очеркі» (1913), «Орыс тілі синтаксисі» (1925—1927), т. б.

А. М. Пешковский — Фортунатовтың, Шахматовтың ізімен орыс әдеби тілінің грамматикасы мәселелерін және мектептерде орыс тілін оқытудың әдістерін зерттеген. Оның орыс тілі синтаксисіне, интонациясына арналған зерттеулері күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған еңбектер. Көрнекті еңбектері: «Орыс тілінің ғылыми сннтаксисі» (1914), «Ғылыми және мектеп грамматикалары» (1914), «Ана тілі, лингвистика, стилистика, поэтика методикалары» (1925), т.б.

Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық психологизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады. Бірақ бұлар практикалық істерінде индивидуалдық көзқарас шеңберінде қалып қоймай, белгілі мөлшерде болса да тілдің әлеуметтік мәніне де көңіл аударды, жалпы халықтық әдеби тілдің қалыптасуымен де айналысты. Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз зерттеулерінде әрдайым есепке альш отыруға ерекше мән берді. Бұлар сөз формалары, сөздер табы, сөздер тіркесі, сөйлем мәселелерінде құнды пікірлер айтты. Бірақ бұлардың концепциялары, көп жағдайда, психологизм процесіне негізделді.

  1. Москва лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде үстіміздегі ғасырдың отызыншы жылдарына дейін, Н. Я. Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» деп аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді.

Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы университетте XIX ғасырдын, аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші — поляк-орыс лиигвисі, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович (Ян Игнацы Нечислав) Бодуэн де Куртенэ (1845—1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен көбірек айналысқан. Бұл саладағы көрнекті еңбектері; «Тіл білімі және тілдер туралы кейбір ескертпелер» (1871), «Фонетикалық альтернация теориясының тәжірибесі» (1895), «XIX ғасырдағы тіл білімі, немесе лингвистика» (1901), «Лингвистикалық ескертпелер және афоризмдер» (1903), «Тіл біліміне кіріспе» (1917), т. б.

  1. Бодуэн де Куртенэ жас грамматикалық бағытпен тығыз байланыста болды, көп жағдайда олардың концепциясын қолданды. Солардың ізімен бұл да индивидуалдық психологизмді қолдады, ақиқат бар тіл — индивидуумдар тілі, біртұтас ұлттық тіл деген тек қиялда ғана болатын жалған нәрсе, сондықтан зерттеудің негізгі объектісі индивидуумдар тілі, индивидуумдар психологиясы дейді. Солай дей тұра ол, екінші жағынан, тілде даралықпен бірге жалпылық та болады, бұл екеуі бірлікте. Индивидуумдағы бар нәрсе, екінші жағынаи жалпынікі, жалпы адамдық болып табылады. Олай болатыны барлық индивидуумдар психикасы біркелкі болады. Бұл біркелкілік — жалпылықтықтың, әлеуметтіктің негізі дегенді айтады. Сөйтіп, Бодуэн де Куртенэнің психологизмі индивидуалдық қана емес, әлеуметтік те психологизм болып шығады. Бұл — бүкіл Қазан лингвистикалық мектебіне тән тұжырым. Бұлардың көтерген тағы бір мәселесі- тілдің статикалық және динамикалық күйі деген мәселе. Жас грамматизм ізімен бұлар да тілдің динамикалық күйін, яғни тарихын зерттеуді бірінші орынға қоя отырып, екінші жағынан, тілдің статикалық күйін, яғни жүйесін зерттеуге де көңіл аударды. Тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, жүйесін айқындауда статикалық әдіс — таптырмайтын құрал дегенді айтты. Мектептің оның көсемі Бодуэн де Куртенэнің бұл пікірі өзінен кейінгі де Соссюрдің статикалық және динамикалық лингвистикасы дегендерімен үндес келеді.

Қазан лингвистикалық мектебі, әсіресе Бодуэн фонема мәселесіне ерекше назар аударды. Оның бұл саладағы еңбегі кейініректе Прага структуралистерінің фонема жөніндегі зерттеулеріне күшті әсерін тигізді.

Қазан лингвистикалық мектебі құрамында Н. В. Крушевский, В. А. Богородицкий сияқты көрнекті лингвистер де болды. Кейінгі кезде бұл мектептің бағытын қолдап, оны ілгері дамыта түскен ғалымдар — Шерба мен Поливанов.