Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі

Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі. Европа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі XV—XVI ғасырлар арасын қамтиды. Бұл — қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. XIV ғасырдан бастап, алдымен Италияда қалыптасқан «Қайта өркендеу» деген термин феодалдық қатынастың орнына келген капиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені қайта өркендеу дәуірі — озық ойдың еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше кеңіл бөлу, оларды қайта көркейту ұраны көтерілді. Сірә, жаңа дәуірдің «Қайта еркендеу» деп аталуы да осыдан болса керек.

  1. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты лингвистика үшін де жаңа, даму дәуірі болды. Бұл дәуірдің лингвистикалықпроблемасы:

а) ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы, ә) бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу, б) ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірі көркейтіп, қайта дамыту болды.

Жаңа жерлердің, елдердің ашылуы, сауданың дамуы, отаршылық жорық — Европа тіл білімінің дамуына қолайлы жағдай туғызды, бұрын белгісіз толып жатқан тілдердің барлығы айқындалды. Отарлау мүддесі ол тілдерді үйрену, зерттеу, түрлі сөздіктер жасау, грамматикалық мәліметтер жинау міндетін алға қойды. Азия, африка, америка халықтары тілдерінен жиналған орасан мол материалдарды бір-біріне салыстырып қарау, сол арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешеліктерді айқындауға алғашқы қадамдар жасалды. Зерттеудің снпаттама, салыстырма түрлері бой көрсете бастады.

Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе — орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шықкан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы», араб ғалымы П. Алкаланың «Араб тілі грамматикасы» (1505-жыл), Рапхлиннің«Еврей тіліграмматикасы»(1506 жыл) атты еқбектерді атауға болады. Осылармен қатар XV—VI ғасырлар ішінде испан, корей, нидерланд, жапон, парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерінің грамматикалары шығарылды.

  1. XVII—XVIII ғасыртіл білімі. Ортағасырда болсын, қайта өркендеу дәуірінде болсын негізгі назар ежелгі дәуірден келе жатқан филологиялық бағытты дамытуға аударылса, сөз болғалы отырған кезеңде лингвистиканы дамытудың жаңабағыт-бағдарытуып, дамыды. Оған көптеген тарихи себептер болды. Қайта өркендеу дәуірінде ашыла бастағанжаңа жерлер, жаңа елдер, оянған ұлттық сезім, ұлттық бірлікті, оның рухани дамуын қамтамасыз ететін күшті құрал — ұлттық тіл екенін сезіну, жазбаның, баспаның дамуы, осылардың бәр-бәрі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың, әр ұлттың өзіндік сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңаүлгідежазылған грамматикалық еңбектер әр елде,әр жерде шығып жатты. 1562 жылы П. Раменің «Французтіліграмматикасы»,
  2. 1653 жылы Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы», 1659 жылы Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы» 1757 жылы М. В. Ломоносовтың«Россия грамматикасы», т. б. жарық көрді.Бұлардыңкейбіреулері әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісіненшығаалмаған, тілдік материал ретіндесөйлеу тіліфактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне көбірек сүйенген ецбектер болса да, латын тілі грамматикасы тіл атаулынын,

барлығына бірдей жарамды бола алмайтынын, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын байқатқан және осы бағытта жүргізілетін зерттеулерге жол ашқан, бастама болған еңбектер еді.

Айтылғандартәріздеснормативтік,практикалык, грамматикалармен қатар, нормативтік сөздіктер де жарық көре бастады. Ондай сөздіктер қатарына 1612 жылы Италияда шығарылған «Курска Академиясының сөздігі» деп аталатып түсіндірме сөздікті, 1694 жылы Францияда жарияланған» «Француз Академиясының сөздігін», 1726—1739 жылдар ішінде әзірленіп жарияланған «Россия Академиясы сөздігін», т. б. жатқызуға болады.

Әр түрлі халықтар тілдерінен жиналған материалдарды бір-біріне салыстыра қарау, бір тілдегі сөздерді екінші тілге аудару да осы кезеңде кең етек алды. П. С. Палластың басқаруымен 1786—1791 жылдар арасында жасалған, 272 тілден іріктеп алынған сөздерден құралған «Барлық тілдердің және наречиелердің салыстырма сөздігі» деп аталатын еңбек шығарылды. 1794 жылы испандық монах Лоренце Эрвас-Пандураның «Белгілі тілдердің катологі және олардың өзара ұқсастығы мен өзгешеліктері туралы ескертпе» деп аталатын еңбегі шықты. Неміс ғылымы И. X. Аделунга мен И. С. Фатераның 500-ге жуық тілдердің таңдамалы сөздерінен құралған төрт томдық сөздігі жарық көрді.

Бұл сөздіктердің практикалық маңызы шамалы болғанымен ғылым тарихы үшін мәнсіз емес. Сонымен бірге, олардың орасан ауыр еңбектің жемісі екенін де мо-йындамасқа болмайды.

Бұрын белгісіз кептеген тілдер фактілерімен және олардың тарихымен азды-көпті болса да танысу тілдің бір қалыпта қалып қоймайтынын, өзгерістерге ұшырайтынын байқатады. Бұл жағдай кейінгі дәуірлерде тілді уақыт өткен сайын дамып отыратын тарихи құбылыс деп тануға түрткі болды. Әрине, бұл таным алғашқыда өте сенімсіз, тым бұлдыр түсініктерге негізделді. Сондықтан тілдің даму сипаты жөнінде әркім әр түрлі көзқараста болды. Мысалы, ағылшын ғалымы Дж, Пристли 1762 жылы шыққан «Тілдің теориясы және универсалдық грамматика женіндегі лекциялар курсында» тіл дами келе өз басынан өркендеу, гүлдену, кері кету, құлдырау кезеңдерін өткізеді десе, ағылшынның Дж. Монбодде дейтін екінші ғалымы «Тілдің шығуы және дамуы» (1773—1792) деген ецбегінде тілдің дамуы үздіксіз алға басу түрінде болады дейді.

Әр тілдерден жиналған материалдарды салыстыра қарау олардың бір-бірінен өзгешеліктерімен катар ұқсастығы, ортақ қасиеттері де болатынын байқатады. Сонымен бірге, ұлттар, халықтар арасындағы қарым-қатынасты жолға қою талабы да күшейді. Мұндай қатынастың құралы бұрын латын тілі, канондық тілдер болса, енді олар ығыстырылады да, оның орнына жаңа құрал табу қажет болады. Бұл—тілдер арасындағы жақындықты, ұқсастықты, универсалдық қасиеттерді зерттеу талабын туғызады. Оның үстіне бұл дәуірде логика ғылымы да едәуір дамып, логикалық категориялардың жалпы адамдық болатыны, оның тілдік категориялармен байланыстылығы да айқындала түседі. Логикалық категориялар жалпы адамдық болған соң, тілдік категориялар да жалпы адамдық болу керек дейтін көзқарастар туады. Бұл іске сол дәуірдің атақты философтары да, лингвистері де қатынасады. Сөйтіп, логикалық категориялардың жалпы адамдық, универсалдық сипатын байқаған ғалымдар жалпы тілдерге ортақ, универсалды грамматика жазу талабын күн тәртібіне қояды. Осыдан келіп 1660 жылы «Универсалды грамматика» дейтіп еңбек дүниеге келді.