Орта ғасырлық араб тіл білімі

  1. Араб тіл білімі. Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі — арабтар. Бұлардың жазбалары IV ғасырлардан басталады. Арабтар — тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі — халипат дәуірі деп аталатын VII—XII ғасырлар шамасы. Тілдін, грамматикалық жүйесін сипаттауды араб лингвистері бір-біріне байланысты үш түрлі мәселенің сырын ашу арқылы жүргізді. Олар: сөз таптары мен сөйлем синтаксисін зерттейтін Нахв, сөздердің сөйлемдегі орын жағынан түрленісін, мағыналық құбылыстарын зерттейтін Сарф, сөйлеу процесінде болатын дыбыстардың фонетикалық құбылыстарын, жалпы дыбыс жүйесін зерттейтін — Таджвид деп аталатын бөлімдер. Бұл үш бөлім, яғни тілдік түлғалардың мағынасы, оның берілу жолдары, коммуникативтік мәні — араб грамматикасының философиялық негізін жасайды. Арабтар үнді, грек лингвистикасының табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Кейбір ғалымдар (Сибавейхп) жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде (көрнекті өкілі — Сибавейхи), әсірсе сездерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотельге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөлді. Арабтар ежелгі дәуірдегі лингвистикалық табыстарға сүйенеді дегеннен соны көшіріп алды деген ұғым тумайды. Арабтар оларды қайталаған жоқ, өзіндік тың жол салды, соны пікірлер айтты.

Араб лингвистерінің тілдің грамматикалық жүйесін зерттеу тәсілдері де, грамматикалық терминдері де бұрынғылардан езгеше болды, езіндік дәстүр қалыптастырды. Арабтар киелі, қасиетті, канондық тіл деп саналатын құран тілінің нормасын зерттеудің өзінде де көп жағдайда сөйлеу тілі нормасына сүйенді, соны зерттеді. Бұл — ежелгі дәуір лингвистикасының ешқайсысында да кездеспеген жаңалық. Араб тілі грамматикасын зерттеудің дәстүрін, өзіндік жүйесін қалыптастыруда Сибавейхидің 796 жылы жазған «Ал китаб» деп аталатын еңбегі шешуші роль атқарған. Араб лингвистері қалыптастырған біртұтас зерттеу жүйесі кейінгі замандарда туған еврей лингвистикасына да елеулі әсерін тигізген.

Араб оқымыстыларының ерекше көңіл бөлген және зор табысқа жеткен саласы — лексикография көрінеді. Арабтың бір ғана Ал Фирузабади деген лингвисі «Хомус» (мүхит) атты 60 томдық сөздік жасапты.

  1. Араб лингвистері ғылым тарихында бірінші болып, әр түрлі тілдер материалдарын бір-біріне салыстыра, салғастыра зерттеу тәсілін қолданған. Осы тәсілді қолдана отырып, олар түркі, монғол, парсы тілдерін зерттеп, олардың салыстырма сөздіктерін, шағын көлемді грамматикалық очерктерін жазған. Осындай еңбектің ғылымда белгілі ең көнесі және ең толығы түркі халқынан шыққан, Арабияда оқып білім алғандықтан араб ғалымы деп аталып кеткен Махмуд Қашқари жасаған «Түркі тілдерінің сөздігі» (Девону луғатит турк). Бұл сөздік 1073—1074 жылдары жазылған. Сөздікте сол дәуірдегі түркі тайпаларының көпшілігінің тілдік материалдары қамтылған және ол тайпалар тілдерінің өзара бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері тілдік материалдарды салыстыра қарау арқылы айқындалған. Бұл — түркі тілдері жәніндегі ең тұнғыш, ең көлемді және ең терек мәнді ғылыми еңбек. Сонымен қатар, бұл сөздік — лингвистика тарихында әр түрлі тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеу әдісімен жазылған тұңғыш еңбек. Мұның түркі тілдері үшін мәні ерекше.