Ежелгі заман тіл білімі

Ежелгі дәуір — лингвистикалық ой-пікірдің жақа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында лингвистикалық түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі — атау, ат қою, екіншісі— грамматикалық өнер (искусство) проблемасы. Заттарға, құбылыстарға, оқиғаларға қойылған аттардың қайдан, қалай пайда болғандығын, ол атаулардың дұрыс не теріс қойылуының қандай мәні барлығын, яғни тілдің табиғатын сез етушілер философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.

Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір лингвистикасы, әдетте, филология дәуірі деп те аталады. (Филология — грек сөзі. Мағынасы — сөзді сүю).

Филология — жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Атау теориясындай емес, грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі бағытта,» әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған.

Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуірдегі лингвистикалық ой-пікірдің барлығына тән ортақ қасиеттер де болды. Бұл кезеңдегі грамматикалық өнер тіл философиясына тәуелсіз, дербес ілім болғанымен, біраз мәселеде оған байланысты болған. Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикалық өнерді пікірді дұрыс, әдеби етіп бере білу өнеріне үйрететін практикалық ілім деген жөн. Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылғанымен олар тек практикалық сипатта ғана еді, ал лексикология, синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз болды. Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге ғана тән нүсқаларды (үнділер — санскрит, гректер мен римляндар — байырғы грек, латын тілдерінен сақталған нұсқаларды) зерттеді. Сондықтан әр түрлі тілдер фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеді. Бесіншіден, бір елдегі лингвистикалық ой-пікірдің екінші елге жетуі де жоқка тән болды. Бұларды көне заман елдерінде туған филологиялық зерттеулерді жеке сөз еткенде байқауға болады.

  1. Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай — мәдениеті ғылыми ой-пікірі ерте дамыған, дүние жүзілік цивилизацияға зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескерткіштері біздің заманнан XV ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған. Қытай жазбаларында Шығыс халықтары тарихына қажетті материалдар да мол. Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шеттеп қалып келеді, лингвистикалық нұсқалар жағдайы да осындай.

Сондықтан лингвистика тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.

Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыз бұрынғы 551—479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым — Конфуций (Кун-Цзы).

Ат қою теориясымен қатар Ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланды. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы — иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.

Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан үғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға — сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті — тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі — қытайша «Эрья» деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін — иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері — киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.

Кейінгі кездерде «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша тусуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.

Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.

  1. Ежелгі Үндістан тіл білімі.Үнділерденбізге жеткен зерттеулер жыл санауымызданбұрынғыV ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіктен туған. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділерқасиетті,киелі деп санаған және казірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сездер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сейлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеуді қолға алады. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а) дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу, ә) жыр құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу, б) грамматикасын зерттеу, в) жекесөздердіңтіркесіңжәне оның мән-мағынасын,яғнилексикасымензтимологиясын зерттеу. Ежелгі Үңдістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақбұлардың даму тарихы, зерттелу дәрежесі біркелкі емес.

Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына фонетика мен грамматиканы жатқызуға болады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.

Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол — «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.

Панинидің біздің дәуірге дейінгі IV ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяи» (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен түңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы дсп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлелдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағаны ғылымда әзірше белгісіз.

Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.

Үнділер тілдік негізгі тұлға — сөйлем, өйткені ой тек сөйлем арқылы ғана беріледі дегендерімен, синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.

Ежелгі Үндістан лингвистикасында грамматикадан кейінгі мол зерттелген мәселе — фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында да Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алған жоқ. Рас, үнділер фонетиканы өз алдына жеке ұғым етпеген, ол морфология мәселесіне, негізінде, түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыс алмасуына байланысты қарастырылған. Соның өзінде қазіргі заман фонетика ғылымында айтылып жүрген мәселелердің біразын кездестіреміз. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген.

Үндістан лингвистикасының тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: «Үндістан лингвистикасының көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі XIX ғасырға дейін көтеріле алмады»,—деп жазады.

Ал, И. А. Бодуэн де Куртенэ «XIX ғасырдағы тіл ғылымы, немесе лингвистика» деген еңбегінде салыстырмалы грамматиканың XIX ғасырдың туындысыекенін айта келіп: «әдіс жөнінен алғаш түрткі салғандар үнді грамматистері, тілдік талдау, сездерді құранды элементтерге бөлу солардан басталады. Бұл — түрлі тілдер сөздерін салыстырмалы сөздіктерде салыстыра қарауды дүниеге келтірді. Егерде үнді грамматистерінің XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі Европа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Европа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді» дейді.

Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.

Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған лингвист-ғалымдар болды. Солардың бірі — біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын тілін санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші болып тарихи-салыстыру әдісін қол-дануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы деген ұғымдарды алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің «Пракрит грамматикасы» дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге байланысты қарайды.

Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі — философ-лингвист Бхартхари. Бұл—тіл мәселелерін философияға байланыстыра қараған ғалым. Бхартхари тіл категориясы мен логикалық категория арасындағы қарым-қатысқа көбірек көңіл бөлген. Басқа лингвистер сияқты бұл да сөйлемді ойды білдіретін негізгі тілдік тұлға, мағыналық жағынан да, құрылым жағынан да бөлшектеуге келмейтін тұтас тұлға деп санайды да, сөйлемнің байымдаумен арақатынасына тоқталады.

Үндістан лингвистикасының кейінгі дәуірлердегі өкілдері ұзақ заман бойына осы үш ғалымның (Панини, Катьяна, Бхартхари) мұраларын жинақтап, талдап түсіндірумен болды.

Эринбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде жарияланған «Теориялық лингвистикаға кіріспе» деп аталған еңбегінде Паниниден кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың көпшілігі Панини дәстүрін қолдаған деп жазады.

Үндістан лингвистикасының әлсіз жақтары бар. Үнділер тілдің уақыт өткен сайын дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс екенін жете түсінбеген. Өз зерттеулеріне объекті етіп, негізінде, жазба тіл фактілерін алған да, сөйлеу тіліне онша мән бермеген. Практикалық тілдің көне жазба тілінен ерекшеленуіне тілдің бүлінуі, бұзылуы деп қараған. Тілдік фактілерді жан-жақты және мейлінше дәлдікпенсипаттағандарымен,одан жалпы теориялық тұжырым, қорытынды шығарып отырмаған.м Зерттеу тек сипаттау түрінде болған.