Тілдің даму заңдылықтары

  1. Тіл дамуының заңдылықтары. Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына себепші, түрткі болатын жағдайлары болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады. Тілдің ішкі даму заңы жалпы тілдік болуы да, жеке, нақтылы бір тілдік болуы да мүмкін. Бірақ бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.

Тілдер дамуындағы жалпы заңдылыққа төмендегілер жатады:

  1. Бірте-бірте эволюциялық жолмен даму.
  2. Тілдік қабаттардың барлығы бірдей дәрежеде, біркелкі дамымайды, жағдайға, өмір талабына сәйкес әр түрлі қарқында, әр түрлі сапада дамиды. Бірақ тілдің жеке қабатында болған өзгеріс, белгілі мөлшерде болса да, тілдік жүйеге әсерін тигізбей тұра алмайды. Олай болмағанда тілді әрбір қабаттары, элементтері бір-біріне байланысты, тәуелді, өзара шарттас болып келетін бір бүтін жүйе деуге де болмас еді.
  3. Тіл қатынас құралықызметінатқарыптүрған жағдайда әрқашан да даму үстінде болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан бұрынғы,тарихтанкейінгі деп кезеңге, немесе әр түрлі сатыға бөлу дұрыс емес.
  4. Тілдің дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болады, бірақ бұл екеуінің дамуы бір емес, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Тілде қоғам өмірінде болатындай революциялық секіріс, дүмпу, ескіні жаңаның күшпен бірден жоюы сияқтылар болмайды. Тілге енетін жаңалық топтанып, түйдектеніп, бірден енбейді, мысқалдап, біртіндеп келіп сіңіседі және ондай жаңалықтардың басым көпшілігі ескілікті жамыла, ескі материалдар негізінде туып жатады да, материалдың ескілігі, үйреншіліктілігі ондағы жаңалықты бүркеп, байқатпай түрады. Мысалы, қазіргі әдеби тілімізде жарыс сөз, мейраммен құттықтау, жалынды сэлем, биік мұрат, өндірістік басқарма, тірі мүйіс, демалыс күн, ашық жиналыс, жабық жиналыс, пікір алысу, тәжірибе алмасу, су қоймасы, өза ра сын, социалистік жарыс, еңбеккүн, деген тәріздес тіркестер жүздеп, мыңдап қолданылады. Бірақ өткен ғасырлар ескерткіштерінен дәл осындай мағынада мұндай тіркестер кездеспейді. Бұлтәріздестіркестердіңбәрі де үстіміздегі ғасырда, әсіресеСоветөкіметіорнағаннан кейінгі дәуірде ғана пайда болды. Тілімізгебіртіндеп, елеусіз сіңіскені сондай, қазірде бұларды тілдегі жаңалық деу де қиын. Оның тағы бір себебі жоғарыда келтірілген тіркестердің барлығы да тілімізде бүрыннан бар көне материалдан (сөздерден) жасалған.

Сөйтіп, тілдің дамуы шыңдалып жетілуі бірте-бірте болады. Тіл дамуының басқа қоғамдық құбылыстар, әсіресе базис пен қоғамдық қондырмалар дамуынан өзгешелігі де осында.

  1. Тілдің даму қарқыны, шыңдалып жетілу дәрежесі қоғам дамуының түрлі кезеңдеріндетүрлішеболады. Оның кейбір кезеңдерінде тіл мардымды өзгеріске ұшырамайтын болса, екінші бір дәуірлерінде тез қарқынмен дамиды. Қоғам өмірінде айтарлықтай күрделі өзгерістер қарқынды дамулар болмаған дәуірлерде тілдің дамуы да баяу болмақ. Керісінше қоғам өмірінде ұлы өзгерістер, жаңа бет бұрыстар, қарқынды дамулар болған дәуірде тіл дамуы да қарқынды, өнімді болмақ. Бүған өзгені былай қойғанда, Совет Одағындағы әр түрлі халықтар тілдерінің, олардың ішінде қазақ тілінің де Октябрь социалистік революциясы жеңгеннен кейінгі даму дәрежесі дәлел. Қазақ тілінің осы қысқа мерзім ішіндегі даму дәрежесі одан бұрынғы бірнеше ғасырлар бойғы дамуынан әлдеқайда қарқынды және өнімді болды дей аламыз.
  2. Тілдің қай-қайсысында да оның құрылымдық элементтерін абстракциялапқолданузаңы бар. Бұл заң бойынша, тілдегібір кездегідеректі элементбарған сайын дерексізденеді, бір кездердегі толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сөздерге айналады, сөздер бастапқы накты мағыналар үстіне келтірінді, ауыспалы мағыналар үстеп, семантикалық жағынан дамиды, т. б.
  3. Дыбыс тілі дамуына тән тағы бір ортақ заңдылық—дифференция заңы. Ежелгі замандар тілінде тілдік элементтер қазіргідей сараланбаған, дыбыстау, сөйлеу диффузды болған. Көрнекті ғалымдардың болжамдарына қарағанда, дыбыс тілі пайда болуының бастапқы кезеңінде қазіргі түсінігіміздегідей жеке дыбыс, сөз, сөйлем дегендер болмаған, яғни дыбыс тілі атаулының қай-қайсысы да сөйлеудің бастапқы диффузды (элементтері бір-бірінен жекеленбеген, бөлінбеген) түрінен оны жеке элементтерге бөлшектеу, даралау принципі арқылы дамыған. Сөздердің әр түрлі таптарға бөлінуі, сойлем түрлерінің көбеюі сияқтылар тілдік түлғаларды бір-бірінен жекелеу, даралау талабынантуғандар.Бұл екі тәсіл-абстракциялаумен дифференцияциялау тәсілдері тілдер дамуында жарыса жүріп отырған процестер.
  4. Тіл дамуында дифференцияциялаумен қатар, оған қарама-қарсы мәндегі интеграциялау(топтау, біріктіру) принципі де болады. Бұл тәсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы тұлғалар құрамына еніп, анағұрлым күрделі түлғалар жасалады. Морфемалардан сөз, сөздерден сөз тіркестерін, бұлардың тіркесулерінен сөйлем құрау, лексикалық мағыналары әр түрлі сездерді белгілі бір ғана сөз табы етіп топтау интеграция принципіне негізделеді.
  5. Тілдер дамуында болатын ортақ құбылыстардың тағы бір түрі — аналогиялық принцип. Бұл тәсіл бойынша тілде бұрыннан бар белгілі бір тұлғаға, амал-тәсілге сүйеніп, соған ұқсас жаңа, тың туындылар жасалады, Мысалы: Қазақ әдеби тілінде аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген бірді-екілі сөйлемшеде ғана болмаса, =ар ман, =ер мен деген қосымшалар арқылы жасалатын сөздер жоқ еді. Соңғы жылдары аналогия тәсілімен көрермен, оқырман, қадырмен деген сөздер; жұмыскер, балалық, сәлемдеме дегендер тәріздес сөздерге аналогия ретінде қаламгер, оқулың, аялдама дегендер тәріздес сөздер қалыптасып орнықты.

Орыс тілінде легализация, активизация деген сездердің аналогиясы ретінде паспортизация, советизация; машинист, артиллерист сөздеріне аналогия ретінде значкист, очеркист; метражға ұқсатып, листаою; ипподромға ұқсатып, аэродром, космодром т. б. сөздер қалыптасқан.

  1. Тілдік өзгерістердің ішкі, сыртқы себептері. Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады.

Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы факторлардың ең күштісі — қоғамдық прогресс, қоғамның рухани өміріндегі, өндіргіш күштер мен техникадағы, ғылымдағы, шаруашылықтағы өзгерістер. Қоғам өмірінде болатын мұндай прогресс тіл дамуына елеулі ықпал жасайды. Бүған дәлелді басқа жақтан іздемей-ақ қазақ тілінің Октябрь революциясынан кейінгі жағдайынан-ақ табуға болады. Бұл кезең ішінде қазақ халқының саяси-шаруашылық, ғылыми техникалық, рухани, мәдени өмірінде бұрынғы ұзақ ғасырлық тарихында болып көрмеген ұлы өзгерістер, жаңалықтар болды. Соған лайықты тіліміз де бастапқы негізін сақтай отырып, біраз елеулі құбылыстарға ұшырады. Ол құбылыстар, ең алдымен, тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік қызметінде болған үлкен өзгерістердің нәтижесінде пайда болды.

Қазақ тілі тұңғыш рет социалистік ұлттың біртұтас ұлттық әдеби тілі, жазу тілі дәрежесіне көтеріледі де, жалпы ұлттық әдеби тіл, жазу тілі атқаруға тиісті қызметтердің бәрін де атқаруына тура келеді. Ол—тек совет дәуірінде ғана кең етек жая алған мерзімді баспасөздің, публицистикасының, көркем прозаның, саяси-ғылыми әдебиеттердің, кең жолға қойылған үгіт-насихаттың, оқу-ағарту істерінің тілі, яғни алуан түрлі стильді көркем, саяси, ғылыми, техника тілі болып қайта құрылды.

Айтылғандардың үстіне қазақ тілін қолданушы, оны өзінің ана тілі деп есептеуші қауымның өзі де елеулі өзгерістерге ұшырады. Тілді тек ауызекі сөйлеудің құралы ретінде пайдаланатын, басым көпшілігі сауатсыз, мәдениеттен кенже қалған халық орнына оқыған, білімді, алдыңғы қатарлы мәдениетті жаңа қауым, жаңа интеллигенция өсіп жетілді. Тілімізді қазіргі жеткен шыңына көтергендер де осылар. Міне, бұл айтылғандар — қазақ тілінің соңғы жылдар ішіндегі құбылыстарына түрткі болған, соны туғызған тұрмыстық-әлеуметтік себептер қажеттіктер. Осындай қайта құрылыстың нәтижесінде тіліміздің қай саласы болса да сандық өзгерістерге де, сапалық өзгеріске де ұшырады.

Қазақ тіліне байланысты айтылған бұл пікірді еліміздегі басқа көптеген ұлттар тілдерінің совет дәуіріндегі даму тарихына байланысты айтуға да болады. Өйткені советтік Отанымыздағы халықтар тілдерінің дамуы қалай болса солай стихиялық жолмен болған құбылыстар емес, партия мен үкіметтің қоғамымыздың даму талабына, лениндік ұлттық, тілдік саясаттың принциптеріне сан алуан саналы түрде жүргізген және жүргізіп келе жатқан бірыңғай реттеушілік, басқарушылық әрекеттерінің нәтижесі. Сондықтан еліміздегі ұлттар тілдерінің советтік құрылыс жылдарындағы даму заңдылығы бір тектес, бір-біріне өте ұқсас.

Тіл дамуына себепші болатын сыртқы факторлардың тағы бір елеулі түрі — тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Басқа тілдермен байланыссыз, томаға

тұйық өмір сүретін тіл болмайды. Қандай халық болса да, өзімен көршілес басқа бір халықтармен экономикалық немесе мәдени байланыссыз тұра алмайды. Мұндай байланыс, яғни әр түрлі тілде сөйлейтін қауымдардың байланысы, тілдердің де қарым-қатынасынкүшейтеді. Олардың қайсысының қайсысына көбірек ықпал жасауы толып жатқан әлеуметтік факторларға байланысты. Оған қарым-қатынасқа түскен тілдер иелерінің мәдени дәрежелерінің, экономикалықжағдайларыныңәлеуметтік беделдерінің, ол тілдердесөйлейтін адамдарсанының, тигізетін әсері аз болмаса керек.

Тілдер қарым-қатынасының тіл дамуына тигізетін елеулі әсері барлығы тіл білімінде бұрыннан белгілі. Бұл әсер тілдер арасындағы қарым-қатынастың сипатына қарай әр түрлі болады.

Тілдік қарым-қатынас (контакт) әр түрлі тілде сөйлейтін халықтардың бір-бірімен тікелей немесе жанама түрде қарым-қатысқа келуі нәтижесінде пайда болады. Онық да жолы әр түрлі:

Белгілі бір тілде сөйлейтін қауым қонысына басқа тілді этникалық топтың келуі мүмкін. Мұндай келімсектер жергілікті халықты күшпен бағындыруы, олардың тілін ассимиляциялап, өз тілдерін зорлап қабылдатуы, болмаса өз тілінен айрылып, жергілікті халық тілін қабылдауы немесе өзара достық қатынаста тұрып, олардың тілдері бірінде жоқты бірінен алып, қатар дамуы да мүмкін. Бір аймақта тұратын тілдер бірін екіншісі ассимиляциялағанда жеңілген тіл із-түссіз жойылып кетпейді, оның қалдықтары жеңген тіл ішінде ұзақ сақталады. Егер қалдық жергілікті тілдікі болса, субстрат делінеді де, келімсектер тілінің жойылуынан қалған қалдық болса, суперстрат деп аталады. Ал достық қатынастағы тілдердің бір-біріне тигізген әсерлері интерстрат делінеді.

Тілдер қарым-қатынасының соңғы түрініңтамаша үлгісі ретінде совет халықтары тілдерінің бір-біріне тигізіп келе жатқан игілікті әсерлерін айтуға болады. Бұл саладағы шешуші роль атқарып келе жатқан тіл — орыс тілі. Орыс тілін бүкіл совет халқы өз еріктерімен бір-бірімен қатынас жасайтын ұлтаралық тіл ретінде қабылдады да, оны екінші ана тіліміз деп жариялады. Сөйтіп, әрбір ұлт тілдері мен орыс тілі арасындағы қарым-қатынас, бірлік өткен заманның ешқайсысында болып көрмеген дәрежеде күшейді. Соның нәтижесінде басқа тілдерге қарағанда жетілген, бай тіл — орыс тілі еліміз-дегі өзге ұлт тілдеріне ерекше игі әсер етті, әсер етіп те отыр:

Тілдер дамуына ішкі себептердің тигізетін әсері де аз болмайды, олар тіл тарихының барлық дәуірінде де оның дамуына үздіксіз әсер етіп отырады. Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі себептер мен сыртқы себептерді бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан дүниелер деп санауға болмайды. Бұлар өзара бірлікте, қарым-қатынаста болады. Тілде болатын өзгеріс-құбылыстар қандай себептерден туса да тілдің ішкі мүмкіндігіне, оның жүйелік сипатына негізделеді, соған сәйкестенеді. Алдыңғы параграфта тілдік құбылыстарға себепші болатын ортақ заңдылықтар — абстракциялау, дифференцияциялау мен интеграциялау және аналогия жасау тәсілдері лингвистикада тілдің дамуына себепші болатын ішкі факторлар деп есептеледі. Алайда осы себептер арқылы болатын өзгеріс-құбылыстардың қандайы болса да әлеуметтік қажеттіліксіз болмас еді. Сондай-ақ, кейбір зерттеулерде тілдік механизмнің адам организмінің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болуын көздеу, тілдік түлғалардың айтуға жеңіл, сөйлеу органдарына күш түсірмеу талаптарын да тілдің дамуына түрткі болатын ішкі себептерге жатқызады. Бұларды да таза тілдік себептер деуге болмайтыны тәрізді, әлеуметтік қажеттілік, экстралингвистикалық себеп мұнда да жоқ емес.

Аталған ішкі және сыртқы себептердің тілдің құрылымдық тарауларына тигізетін әсерлері бірдей болмайды. Оны байқау үшін тілдің әр саласыныц даму ерекшеліктеріне жеке-жеке тоқталамыз.

  1. Тілдің әр саласының даму ерекшеліктері. Тілде дамымай өзгеріске ұшырамай бір қалыпта қалып қоятын ешнәрсе де жоқ, заман өткен сайын оның барлық саласы да

өзгеріске үшырап, дамып отырады. Оларда болатьш өзгеріс-қүбылыстардың тағдыры, қарқын-сипаты алдыңғы тарауда сөз болған ішкі, сыртқы себептерге байланысты.

Дегенмен дәуір талабы, сол тілде сөйлейтін қауым мұқтажы деңгейлес бола тұрса да тілдік әр қабаттың әр түрлі сипатта өзгеріп, дамитындығы бола беретін құбылыс. Ол әр қабаттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.

Лексиканың дамуы. Тілдің лексикалық құрамы оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрамның тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамығыш сала болатын себебі ол адамдардың қоғамдық өмірінің барлық саласымен, күллі тіршілігімен тікелей байланысты, қоғам өміріндегі өзгерістерді, жаңалықтарды тез қабылдайды және дереу, тікелей атап көрсетеді.

Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі әр тілдің өзіндік байырғы материялары негізінде, екінші басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде.

Бірінші, тәсіл — тілдің сөздік қорын дамытудың ең өнімді ең маңызды жолы. Бұл тәсіл арқылы тілдің сөздік құрамын дамытудың, жаңа заттардың, жаңа үғымдардың атауларын жасаудың жолдары әр түрлі. Ондай жолдардың біріншісі, тілде бұрыннан бар, бірақ әрқайсысы әр түрлі мағынада қолданылатын екі түрлі сөзді біріктіру арқылы жаңа сөз жасалады да, жаңа ұғымды білдіреді. Мысалы, қазақ тілінде бертінде ғана біріктіріліп айтылып, жаңа ұғымдарға атау болып жүрген өнеркәсіп, жалақы, демалыс, еңбеккүн бесжылдық, баспасөз, көзқарас, қолөнер, өмірбаян, кәсіпорын, шикізат, келіссөз дегендер тәріздес сөздер.

Екінші жол тілде бұрыннан бар сөздердің ескі мағыналарының өзгеріп, жаңа мағынада немесе бұрынғы мағыналарының үстіне қосымша жаңа, кеңірек мағынада қолданылуы арқылы іске асады. Баспасөздің дамуына байланысты тіліміздің жазу тіліне, ғалым тіліне айналуының нәтижесінде бұрынғы көптеген қарапайым сөздеріміз күрделі жаңа ұғымдардың көрсеткішіне, белгілі бір ғылыми саласындағы терминдік сөздерге айналды. Оларға дыбыс, жұрнақ, жалғау, одақ, жарыс, сезім, баспа, түйсік, ұя, қондырма, айналым, төңкеріс тәріздес мыңдаған сөздер жатады.

Фонетиканың дамуы. Әдетте, тілдің дыбыстық құрылымы лексикаға қарағанда әлдеқайда баяу өзгеретін сала деп есептеледі. Сөйлеудің фонетикалық құбылыстарға ұшырауы — оны пайдаланып отырған бір ұрпақ өмірінде болмайтындығы, оның тілдің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысқан дәуірінде болатындығы ғылымда орныққан қағида. Өзгерістің бұл түрі «көпшілік жағдайда кейінгі ұрпақтың алдыңғы ұрпақтан қабылдаған тілдік жүйеден ауытқуға жол беретіндіктеріне келіп тіреледі.

Ондай ауытқу екі түрлі болады: а) Алдыңғы ұрпақ тілінде өзара жақын болғанымен бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі ұрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы, бұл тіл білімінде конвергенция деп аталады. ә) Алдыңғы ұрпақ тілінде бір дыбыс, немесе бір дыбыстың варианты ғана болып келгендер кейінгі ұрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бұл дивергенция деп аталады.

Тіл дыбыстарының қай-қайсысы да сөйлеу органдарының артикуляциясы арқылы жасалатыны белгілі. Тілдегі әрбір дыбыстың сол тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы болады. Жеке дыбыстардың ондай артикуляциясынан біртұтас артикуляциялық база қалыптасады. Артикуляциялық база деп, әр қауымның сөйлеу мүшелерінің өз тіліндегі барлық дыбыстарды айтуға әбден қалыптасқан әдетіне үйренген дағдысын айтады. Фонетикалық құрылымда болатын өзгеріс-құбылыстар ең алдымен тілдіңартикуляциялық базасына өзгерістер енгізеді. Жеке дыбыстардың қолданудан қалып, жойылуы сөйлеу органдарындағы сол дыбыстың артикуляциясын да жояды, немесе тілде бұрын болмаған жаңа дыбыстың пайда болуы сөйлеу мүшелеріне жаңа артикуляция үстейді. Бірақ сөйлеу әдетінде болатын ондай құбылыстардың сипаты біркелкі болмайды. Басқа бір тілден ауысқан дыбыс енген тілінің артикуляциялық базасынан берік орын алып, ол тілдің байырғы сөздерінде де қолданылатын тума дыбысы болып кетуі мүмкін. Мысалы, орыс тіліне өткен ғасырларда енген ф дыбысын кейбір русистер сондай дыбыс деп санайды. Болмаса басқа тілден ауысқан, дыбыс енген тілінің байырғы сөздерінде қолданылмайтын, ауысқан сөздермен бірге енген және тек сол сөздерде ғана қолданылатын дыбыс болуы да мүмкін. Мысалы, қазақ тілі дыбыстық құрамына орыс тілінен ауысқан в, ц, ч, ф сияқтылар. Бірақ бұл дыбыстар өздері құрамына енетін сөздердің тілімізге көптеп енуі және сол сөздердің күнделікті өмірде жиі қолданылуы арқасында тілімізге сіңісіп келеді. Біздің сөйлеу мүшелеріміз, әсіресе орыс тілінде еркін сөйлей алатын қазақтардың сөйлеу мүшелері, бұл дыбыстарды жатсынбай айтатын болып алды. Олай айту бұл дыбыстардың артикуляцияларының қазақ тілінің артикуляциялық базасына сіңісе бастауы деген сөз. Осыған байланысты айтылатын бір жайт орыс тілініңсөйлеу әуеніне,екпін-интонациясыналайықты қазақ тілінің сөйлеу әуенінде де, әсіресе қазақ интеллигенциясының сөйлеу әуеніне біраз өзгерістердің ене бастағаны байқалады. Бірақ бұл, әсіресе қазақ сөзін, қазақ сөйлемдерін орыс тілі акцентімен, орыс тілі екпінімен айтушылық — тіліміздің дыбыстық құрылымының даму фактісі емес, өйткені мұндайлар тіл дамуы болып есептелмейді.

Грамматиканың дамуы. Тілдердің грамматикалық құрылыстарының трұақтылығын, оның өте баяу өзгеретінін лингвистер өткен ғасырдың өзінде-ақ байқаған. Бірақ әңгіменің түйіні ненің тез, ненің баяу өзгеретінін айтуда ғана емес, сонымен бірге оның себебін ашуда. Грамматикалық құрылымның баяу өзгеруінің себебін көптеген көрнекті ғалымдар оның құрылым ерекшелігінен, өзіндік ерекше категориялары болатындығынан ізденуді ұсынады. Грамматикалық жүйе басқа қабаттар жүйесіне, әсіресе лексика жүйесіне қарағанда әлдеқайда күрделі, берік, қат-қабаты мол жүйе. Сондай-ақ, грамматикалық формалар мен олардың мағыналарының ара-қатынастары да анағүрлым күрделі, жанама түрде болып келеді. Бұлардың үстіне тілдің грамматикалық құрылымындағы құбылыстар лексикадағыдай бірден көзге түсіп, көрнеу тұрмайды. Мысалы, қазіргі тіліміздегі қосымшалар, сейлем мүшелері мен жай және құрмалас сөйлем түрлері, тағы осылар сияқтылар — сонау ертеректердегі жазу нұсқаларының өзінде де бар категориялар. Бүкіл түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінде қазіргі грамматикалық құрылысының типологиялық негізгі белгісі — жалғамалылық қасиет сонау V ғасырлардан сақтанған Орхон-Енисейжазбаларыныңөзінде де әбден орныққан, жетілген күйде, яғни қазірдегі тәрізді сипатта кездеседі.