Тілдің функциялық, аймақтық, әлеуметтік типтері

Белгілі бір этникалық топ немесе ұлт өкілдері арасында қатынас құралы қызметін атқаратын ортақ тілді – жалпы халықтық тіл деп атаушылық бар.

  1. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Аталған варианттардың барлығы да бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек-бөлек тілдер емес,тіл біреу-ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн. Дәстүрге айналған атауды бүзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.

Ауызекі сөйлеу де, кітаби немесе жазба тіл де жалпы халықтық тіл қызметінің екі түрлі көрінісі, екі варианты. Сөйлеу тілі — алғашқы, кітаби-жазба тіл — соңғы. Бұл алғашқының негізінде қалыптасады, соның материалдарын пайдаланады. Сөйлеу тілі тілдік текст жасаушылардың сандық шамасына қарай монолог, диалог немесе полилог деп аталатын түрлерге бөлінеді. Монологта тілдік текст жасаушы бір ғана адам болады, ал тілдік туынды екі я одан да көп адамдардың қатынасымен жасалса, диалог немесе полилог деп аталады.

Тілдік тексті мағынасына, айтылу мақсатына қарай филиппика (ызалы, қаһарлы сөз), полемика (сөзбен қағысу), панегурик (көпірме сөз) деп бөлушілікте болады.

Ауызекі тілде қалыптасқан дәстүрден ауытқушылық (речевой хаос) бола береді. Мұнда тілдік материалдарды екшеп, іріктеп қолдану талғамында да шалағайлық, жұпынылық, үйреншіктілік мол, диалектілік, жаргондық, тіпті кейде тұрпайылық варианттардан да сау ІіЦГ болмайды. Жазба қалыптасқанға дейінгі ауызекі тілдің анағұрлым сымбатты түрі — фольклорлық туындыларда болады.

Кітаби-жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнының болуы шарт. Бұларсыз кітаби-жазба тіл болмақ емес.Сөйлеу тілі мен кітаби-жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі варианты дедік. Негізінен алғанда, солай екені рас, бірақ кітаби-жазба тіл этникалық бірлік тілі негізінде болмай, жат жұрттың кірме тілі болуы да мүмкін. Европа халықтарының ұзақ замандар бойына жазба тіл етіп латын тілін, бірсыпыра шығыс халықтарының араб тілін пайдаланғанын жоғарыда айтқанбыз. Қандай негізден туғанына қарамастан кітаби-жазба тілдің сөйлеу тілінен едәуір өзгешеліктері болады. Ондай өзгешелік, ең алдымен, бұлардың қолданылу орындары мен қызметтік мақсаттарында болады. Кітаби-жазба тіл мемлекет басқару істерінде, ғылымда, көркем туындыларда қолданылады да, ауызекі тіл негізінде, күнделікті тұрмыс мүддесіне қызмет етеді. Тіл қызметінің бұл екі варианты, айтылған ерекшеліктерін күні бүгінге дейін сақтауда.

Жат жұрт тілі негізінде қалыптасқан кітаби-жазба тіл тек оқыған ат төбеліндей азшылық арасында ғана колданылады және соларға ғана түсінікті болады, жалпы халық оны қолдана білмейді, түсінбейді де.

Қазіргі заман тіл білімінде кітаби тіл дегенді өз ішінен әр түрлі стильдерге (тілдерге) бөлушілік бар. Олардың қатарына ғылыми-публицистикалық, көркем туындылар тілі (дұрысы — стилі), соңғыны өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) деп бөледі. Мұндай стильдерге бөлушілік ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына байланысты соңғы замандарда пайда болған.

Ежелден келе жатқан ауызекі тіл мен кітаби-жазба тілді бір-біріне қарсы қоя қарау әдеби тілдің, оның әр алуан стильдік варианттарының тууына байланысты кейінгі замандарда анағұрлым күрделене түсті. Қазіргі заманда бір-біріне қарсы қойыла қаралатындар әдеби тіл мен әдеби емес тіл дегендер. Енді осыған келейік.

  1. Әдеби тіл. Ұлттық тілдің бір белгісі онда міндетті түрде жазба әдеби тіл болады. Әдеби тіл ұлт тілінің ең жоғары типі, оның өңделген, қырналған, жөнделген, ең үлгілі саласы. Әдеби тіл — жалпы халықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Әдеби тіл дегеннің не екенін түсіндіруде бірізділік жоқ. «Общее языкознание» деп аталатын академиялық еңбекте «әдеби тіл дегеннен оның қандай формада іске асуына (жазба түрде ме, ауызекі ме) қарамастан кез келген тілдің өңделген, екшелеген түрі түсініледі» деп жазады. Бұған қарағанда әдеби тіл дегенді тек жазба тіл деп түсінбеген жөн. Ал басқа көптеген әдебиеттерде әдеби тіл жазба тілмен тығыз байланыста қаралады. Бұл оқулық та осы соңғы принципке сүйенеді.

Әдеби тіл дегеніміз, негізінде, жазба тіл. Оның қалыптасуы жазба тілдің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты. Сөз жоқ тілдік материалдарды іріктеп, екшеп, өңдеп қолдануға талаптанушылық қай дәуірде болса да және сөйлеу тілінде де бола береді. Жазба тілдің жоқ кезеңдерінде кең етек алған фольклорлық туындыларда тілдік материалдарды екшеп, іріктеп, өндеп қолдану болмады деу жөн болмас, алайда ауызекі тілдегі өңдеу— екшеулер мен жазба әдеби тілдегі өңдеу, екшеулер бір емес. Мұндағы өңдеу — жендеулер, екшеп іріктеулер — әлдеқайда жетілген, бір ізге түсіп орныққан, бүкіл тілдік коллектив таныған, қабылдаған, барлығына бірдей міндетті үлгіге, нормаға айналған өңдеулер.

Әдеби тіл жазба тіл негізінде калыптасып, орнығып, халық арасына кең тарағаннан кейін, ол тек жазба түрде ғана емес, ауызекі сөйлеу тілі арқылы да іске асып отырады. Әдеби тіл дегеніміз — жалпы халықтық біртұтас ұлттық тілден мейлінше бөлек жатқан дүние емес ол солардың өңделген, жетілген жоғарғы сатысы, жалпы халықтық тілдің диалект, говор, жаргон, ауызекі тіл сияқты қызметінің бір түрі, бір варианты.

Әдеби тіл де тарихи құбылыс. Сондықтан ондағы өңдеу, екшеп, іріктеп қолдану дегендердің дәрежесі барлық тілдерде және барлық дәуірде бірдей болмақ емес, олар да төменгі дәрежеден жоғары сатыға біртіндеп көтерілмек.

Ұлттық тілде әдеби тілдің болуы шарт болғанымен, әдеби тіл болу үшін ұлттық бірліктің болуы міндетті емес. Әдеби тіл ұлттық бірлікке дейін де бола береді. Бұл дәуірдегі әдеби тіл оны қолданушы қауымның тарихи жағдайына, мәдени дәрежесіне қарай белгілі бір жергілікті диалекті негізінде қалыптасуы да, немесе күшпен енген жат жұрттықтар тілі болуы да мүмкін.

Әдеби тіл кенеттен ғайыптан пайда болмайды. Ол бұрыннан бар белгілі бір тілдің негізінде жасалады. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Неміс идеологиясы» дейтін еңбегінде ұлт тілі мен әдеби тіл қалыптасуының үш түрлі жолын көрсетеді:

1.Бұрыннан бар халықтық тіл негізінде қалыптасады. Мүндай әдеби тіл әр халықтың өзіне тән тума төл тілі болып есептеледі. Қазақ әдеби тілі осылай қалыптасты.

2.Әр түрлі ұлттардың олардың тілдерінің араласып будандасуы негізінде белгілі бір тіл бірнеше ұлттар әдеби тілдерін қалыптастыруға негіз болуы мүмкін. Мысалы, мамандардың айтуына қарағанда, Латин Америкасында тұратын жиырма шақты ұлт, ұлт тілі әдеби тілі ретінде испан тілін пайдаланады; ағылшын тілі ағылшындардың да, солтүстік американдықтардың да, канадалықтар мен новозеландиялықтардың да ұлттық тілі; неміс тілі, немістердің де, австриялықтардың да, португал тілі португалдықтардың да, бразилиялықтардың да ұлттық тілі т. б. Тіл білімінде бұлар ортақ тілдер деп аталады. Әрине, негізіне ортақтық жатқанымен, бұл ортақ тілдердің әр ұлт ішінде қолдануларында, нормасында бір-біріне ұқсамайтын өзгешеліктер болмай қоймайды.

Мұндай ортақ тілдер әр ұлттың өз ішінде ұлттық бірліктің белгісі, көрсеткіші болғаны болмаса, ұлттар аралығы түрғысынан алғанда ол өзін қолданушы әр түрлі этникалық топтардың бір тұтастығының бір ұлттығының көрсеткіші, кепілі бола алмайды.

Өзара туыстас, төркіндес, бір-бірімен тығыз байланысты диалектілердің шоғырлануы негізінде_ қалыптасады. Мүндай жағдайда ол диалектілер ішіндегі басқаларға қарағанда жалпылық, ортақтық сипаты молырақ бірі ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына негіз болуы мүмкін.

Жазба тіл деген бар да, жазу деген бар. Бұл екеуі өзара жақын болғанымен, бір ұғымды білдірмейді. Жазба тіл — баспа сөзі тілі, ғылым-білім тілі. Ал жазу — әліппе, ойды қағаз бетіне түсіру үшін қолданылатын таң-балар жиынтығы. Жазу болған жердің бәрінде қалыптасқан жазба тіл, әдеби тіл бола бермейді. Мысалы, басқа да түркі халықтары сияқтыказакхалқыда араб жазуын ертеден бастап-ақ колданды. Бірақ біріншіден, оны қолданушылар санжағынан мейліншеаз болды, екіншіден, жазу болғанымен, XX ғасырдын, басына дейін қалыптасқан жазба тіл болған жоқ. XIX ғасырдың екін-ші жартысында он шақты жылдан өмір сүрген «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» атты газеттерден біраз-даған кітапшалар, Ташкентте, Қазанда басылған қисса-лар болмаса басқамардымдыештемеболғанжоқ. Тіпті өзіндік баспа орны да болмады. Ал сол шағын б.а-сылымдардың ездері де таза қазақ- тілінде емес, құран-ды тілде шығарылды. Қазақтың жалпы халықтық тіліне негізделгенөзіндік жазба тілін қалыптастыруталабы XX ғасырдың бас кезінен бастап мықтап қолға алынды. Бул істі езгелерден гөрі «Айқап» журналы едәуір алға бастырды.

XX ғасырға дейін қазақтың жалпы халықтық тілінің, шұрайлысы бейнелісі поэзиялық туындыларда қолданылды. Бірақ поэзия қаншалықты көркем, жетілген болғанымен, ол әдеби тілдің бір тармағы ғана. Әдеби тілдің басқа салаларына жататын көркем туындылардың басқа жанрлары, ғылым-білім, саяси, публицистика, үгіт-насихат, оқу-ағарту, алуан түрлі іс қағаздары тілдерінің ешқайсысы да XX ғасырға дейінгі тілімізде болмағаны баршаға аян. Ал бұлар жоқ жерде қалыптасқан шын мәніндегі әдеби тіл болып еді деу — дәлелді бола алмайды. Сондықтан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап өз негізін орнықтыра бастаған ұлттық әдеби тіліміз Совет дәуірінде шын мағынасындағы әдеби тіл болып кең өркен жайды, дамыды.

  1. Тілдік дәстүр және әдеби тіл нормасы. Жалпы халықтық тілдің де, әдеби тілдің де, нормасының негізі — тілдік жүйе. Жүйе — тілдің құрылымдық мүмкіндігі, дерексіз схемасы деп түсінілсе норма — сол дерексіз құрылым, жүйе мүмкіндіктерінің тілдік текст жасау тәжірибесінде көрінуі, сейлеу процесіндегі күйі. Норма — тілдік жүйеде бар тұлғалардың тіл қызметінде, тілді қолдану тәжірибесінде орныққан, заңға, дәстүрге айналған, іріктеліп екшелген, тілдік коллектив қабылдаған, жалпы халықтық, әлеуметтік мәнге ие болу жиынтығы.

Норма тілдік жүйеге негізделеді дедік, бірақ бұдан оны тілдің тек ішкі заңдылығынан ғана туатын, тек соған ғана бағынатын, қоғамға, тілдік коллектив еркіне тәуелсіз, объективтік қүбылыс деп түсінуге болмайды. Тілдік норманы қалыптастырып дамытуда, реттеп, оған сындарлы сипат беруде тіл иелері, тілдік коллектив шешуші роль атқарады.

Лингвистикада тілдіқолданудағызаңдылықтарды сөз еткенде узус, норма деген терминдер қолданылады. Бұл екеуі арасында өзара байланыстылық барлығына қарамастан, бір-бірінен елеулі өзгешеліктерідебар. Узус — этникалық топ өкілдерінің тілді қолдану процесінде қалыптасқан, орныққан дәстүрі, дағдысы, ережесі. Бұл дәстүрді, дағдыны біраз әдебиеттерде норма, нормалылық (нормативность) деп те атайды. Біздіңше, норма деген терминді тек әдеби тіл үлесіне қалдырып, жалпы тілдік норма, тілдікдәстүр дегенді узус деп атаған жөн. Өйткені узустың мағынасы кең және мұндағы талап нормадағыдай қатал да, берік те емес. Узус диалектілік, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан тілді қолданудағы барлық көріністерді, құбылыстарды қамтиды. Ал олардың ішінде нормаға жататыны да, жатпайтыны да болады. Мұндай еркіндік,мол кездесетінала-құлалық әдеби нормаға түспеген тілде кездесе береді. Бірақ бұдан әдеби үлгіге, нормағатүспеген тілді бейберекет жатқан жүйесіз, әркім өз қалауынша қолдана беретін, заң-ережемен шектелмеген бірдеме деп түсінуге болмайды. Егер тілде оны қолданушыларды «олай деме, былай де, ананы колдану теріс, мынаны қолдану дұрыс» дегендер тәріздес тежеп отыратын қалыптасқан тілдік дәстүр, үлгі болмаса, тіл өзінің қатынас құралындық қызметін атқара алмас еді. Тілді қолданушылардың ауа жайылуына жол бермейтін узусқа да, нормаға да, тән бірнеше тежеуіш белгілер бар. Олардыңқатарынамыналарды жатқызуға болады:

Бірінші, тілдік материалдарды, тіл мүмкіндігін қалай болса, солай ала салмай, іріктеп, екшеп қолдану. Бұл — тіл мүмкіндіктерінің бір тектес болмай, әр қырынан көрінуін узус пен норманың әр түрлі вариантты, динамикалы болуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, тілдің сымбаттылық, сомдық қасиетін үздіксіз жетілдіріп тілдік коллективтің сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың тілді қолданудағы жауапкершілігін, ұқыптылығын арттырып отыруға түрткі болады.

Узус пен нормаға тән екінші принцип — тұрақтылық. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа көшіп отыратын тілдік норманы, тілдік дәстүрге айналдырады, тілді қолданылушылардың оны әлеуметтің, қоғамның көпшіліктің ортақ мүлкі деп санауына, әлеуметтік дәстүр деп сенуіне себепші болды. Норманың тұрақтылығыарқасындаәр тарихи кезеңде өмір сүрген тілдік коллективтің сөйлеу әрекеттері сөйлеу үлгілері бір-біріне жалғаса, ұштаса алады.

Бірақ тұрақтылық дегенді абсолюттік мәнде түсінбеген жөн. Оның да шегі бар. Заман өткен сайын тілдік норма да шыңдалып, жетіліп отырады. Белгілі бір тарихи дәуірде үйлесімді, қолайлы көрінген норма кейінгі бір замандағы жаңаұрпақтыңталап-талғамынасай келмеуі, қанағаттандыра алмауы мүмкін. Нормамен узустың үшінші ерекшелігі — тілдік коллектив мүшелерінің барлығына бірдей дәрежеде міндетті болуы. Норманыңжалпылық,ортақтықсипаты —екінші жағынан,оны бұзбауды,тәжірибедеодан ауа жайылмай, берік сақтаудыміндеттіетеді. Норманың міндеттілігі—жүйенің өзіндік ішкі заңынан туатын, соған тәуелді жайт емес, сыртқы әлеуметтік талаптан, тілдік қатынас құралындық қызметі қажетінен туатын талап.

Тіл өзінің негізгі қатынас құралындық қызметін — дұрыс атқару үшін оның элементтерін, мүмкіндіктерін тілдік коллектив мүшелерінің барлығы да біркелкі мағынада, біркелкі қызметте қолдануы шарт. Сөйлеуші мен тыңдаушы арасында ондай бірлік болмаса, түсінісу де болмайды. Норманың міндеттілігі осы бірлікті қамтамасыз етеді.Қоғам таныған, қабылдағанзаң — ереже, норма, сол қауым мүшелеріне міндетті болғандықтан, ол бірден-бір дұрыс үлгі болып та есептеледі.

Әдеби тіл нормасы. Осының алдында ғана узусқа байланысты айтылған тілдік материалдарды сұрыптап пайдалану, оны тұрақтандырып дәстүрге айналдыру, дәстүрді қоғамдық, әлеуметтік ереже деп сақтап, оны пайдалануда жауапкершілік барын сезіну дегендер — әдеби тіл нормасына да тән. Мұнда аталған принциптер узустағыдан анағұрлым күшті, анағұрлым берік заңдастырылған міндетке айналады.

Норма пайда болу үшін, алдымен, тілдік коллективтің немесе оның алдыңғы қатардағы бір тобының тілді қандай орында, қалай пайдаланса дұрыс болады, дұрыс болмайтыны қайсы деген талғамының болуы шарт. Ондай талғамсыз норманың болуы мүмкін емес. Норма тіл қызметінің барлық саласында да, барлық көрінісінде де болуы шарт. Мұндай норманы қалыптастырып бүкіл этникалық топ ішіне тарату және оны тұрақтандыру тек жазба тілдің ғанақолынан келеді.Сондықтан норманың қалыптасуы үшін жазба тілдің болуы шарт. Өйткені нормаға орфоэпия мен орфографияның бір ізді болуы да енеді. Ал қазақ орфографиясының тілдік материалдарды әр түрлі таңбалауға жол бермейтін морфологиялық принципі қазақ жазуында тек 1938 жылдан бастап қана қолданылды, бас әріпті қолдану тек 30-жылдан басталды, ғылыми-техникалық, саяси-өнерлік терминдер қолданысын бір ізге келтіру талабы да осы кездерден қолға алынды. Осыларды ескермей кейбір зерттеушілердің қазақ әдеби тілінің, оның нормасының қалыптасу тарихын көнелендіруге тырысатындықтарын мақұлдауға болмайды.

Норма тілдің ішкі заңына, жүйелік құрылымына тәуелді, соның қажетінен туатын объективтік құбылыс емес, қоғамдық қажеттіктен туады. Оны реттеп, бір жүйеге келтіріп, заңдастырып отыратындар тілді қолданушылар, мемлекеттік орын. Әдеби нормада узусқа карағанда тілдік материалдарды пайдалануда саналылық, жауапкершілік мейлінше күшейеді.

Әдеби норма бір ізді, тұрақты болады дегенді абсолюттік мәнде түсінбеген жөн. Бірізділік деген бірқалыпта қатып қалу деген емес, варианттылық әдеби нормаға да тән. Олай болмаған жағдайда ол сымбаттылықтан, тартымдылықтан, бейнеліліктен айрылған, семиотикалық таңбалар сияқты тақ-тұқ тіл ғана болып қалмақ. Бірақ мұндағы варианттылық сияқтыны сиыщты, шейінді шекейін, баршыны барғын, алайықты алалы, асты ауқат, қыз баланы нашар бала деуде емес, синонимдік материалдарды пайдалануда, тұрақты және еркін тіркестерді стилистикалық талапқа сай пайдалануда, синтаксистік құбылыстарда. Норма да тарихи құбылыс, ол — динамикалы. Тіл дамуының белгілі бір тарихи дәуірінде пайда болып, қоғам талабына сәйкесті жаңарып, жетіліп отырады. Бұл туралы жоғарыда айтылды.