Тіл мен сөйлеу

Жай қарағанда сөйлеу арқылы қатынас жасау оп-оңай сияқты: біреу сөйлейді, екінші біреу тыңдайды, сөйтір өзара ұғынысады. Сөйлеудің мұндай жеңіл көрінуі-оның үйреншіліктігінде , Тереңірек ойласақ, сөйлеу актісі өте күрделі құбылыс. Тіл мен сөйлеу аарасындағы өзгешелік жеке адамдардың сөйлеу шеберлігіне, дарындылығына ғана емес, одан әлдеқайда күрделі факторға ға байланысты. Ондай факторлар қатарына диалектілік ерекшеліктер, көршілес тілдердің әсері мен ықпалдары, сөйлеу тілі мен жазу тілі, әдеби тіл арасындағы өзгешеліктер, қоғамның, ой-сананың күрделене дамуы т.б. жатады.

  1. Тіл мен сөйлеудің бір еместігін, бұлардың арасында айырма барлығын ғалымдар ертеден-ақ байқаған. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу мен тілдің бір еместігін ХІХ ғасырда өмір сүрген В.Гумбольд, Г.Штейнталь, Г.Шухард сияқты ғалымдар да айтқан. Бірақ тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп қараудың қажет екенін ғылыми тұрғыдан алғаш дәлелдеп берген ғалым деп, әдетте, Ф.де Соссюрді атайды.

Ф.де Соссюр тіл білімін тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасыдеп екі салаға бөледі де, мұның алғашқысы – негізгі, оның объектісі – сөйлеу әрекетінің индивидуалдық жағы, ол – таза психофизикалық пән, бұл екі пән өзара тығыз байланысты: тіл сөйлеу түсінікті болу үшін және өзінің барлық әрекетін жарыққа шығару үшін қажет, ал сөйлеу тіл қалыптасу үшін қажет деп біледі.

Ф.де Соссюр «сөйлеу әрекеті» деген терминді де қолданады. Оның пікірінше, тіл мен сөйлеу-сөйлеу әрекетінің екі саласы, екі жағы: Ол: «Тіл-сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі, рас, маңызды бөлшегі ғана» деп жазады. бірақ де Соссюр сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеу мағынасында да қолдана береді.

  1. Тілдің ой-санамен қарым-қатысы. Тіл мен ой-сананың бір-бірімен қарым-қатысы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрынбасталған көне тақырып. содан бергі уаққыта бұл екеуінің байланысы жөнінде айтылмаған пікір қалған жоқ. Қазір бұл мәселені лингвистер де, логиктер де, психологтар дасөз етуде, бірақ тіл мен ойлаудың қарым-қатыстарын айқындауда бірізділік болған емес. Оларды негізінен үш түрлі көзқарастың төңірегіне топтауға болады:
    1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, бір-бірінен ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. бұл менталистік бағыт деп аталады.
    2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүниедейтін көзқарас. Бұл механистік бихевиористік бағыт деп аталады.
    3. Тіл мен ой-сананың қарым-қатысы жайлы үшінші көзқарас – бұлар өзара тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-теңдікбірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар диалектикалық бірлік дейтін марксистік көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатынасы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы үшінші бағыт.

Ойлау тілмен байланысты дегенде жалпы түрде, абстракт мәнде алынған тілмен емес, өзін қалыптастырған, жарыққа шығарған тілмен ғана байланысты болады. Тіл мен ойдың қарым-қатысын ғылым объектісі ететін де осы айтылған өзгешеліктер мен бірліктер. Бұл байланысты тіл білімінің менталингвистика деп аталатын саласы зерттейді.

Мента — ақыл, ой, ойлау деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Менталингвистика — экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.

Менталингвнстика объектілері ішіндегі қиын да, актуалды проблемалардың бірі — тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы — тіл мен ойлау табиғатьіның күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында. Бұл екеуі де адамдықтың айрылмас басты белгілері бола тұра, екеуі арасында да әрқайсысының өз ішінде де қайшылықтары мол. Екеуінде де әлеуметтік жалпы адамдық сипатпен қатар индивидуалдық та қасиеттер бар.

Тіл мен ойлаудың қарым-қатысы жөніндегі мәселемен логика, психология, социология, семиотика сияқты көптеген ғылымдар айналысады. Менталингвистика осы аталған ғылымдардың барлығымен де істес болады. Әрқайсысының өзіндік объектісі, әзіндік бағыт-бағдарлары бар бұл ғылымдар тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатысты түрліше, өз мүдделері тұрғысында талдайды, Соған қарай қазіргі заман менталингвистикасында бірнеше беделді бағыттар қалыптасты. Солардың бірі — логикалық, екіншісі — психологиялық бағыттар.

Л о г и к а л ы қ б а ғ ы т — менталингвистикадағы ең кең тараған беделді бағыт. Логикалық менталингвистиканың негізгі объектісі ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық сипатын айқындау. Бұлардың пікірінше, логикалық категорияларға жататын ұғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік категорияларға жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік категориялар арқылы жарыққа шығады: ұғым — сөз, байымдау — сейлем, субъект — бастауыш, предикат — баяндауыш арқылы т. б.

П с и х о л о г и я л ы қ б а ғ ы т, немесе психологиялық менталингвистика логикалық бағытқа қарсы. Бұлардың негізгі объектілері — ойлау процесін талдау, логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасындағы алшақтықты, үйлесімсіздікті ашу, логикалық бағытты сынау. Бұлардың пікірінше, ойлаудың логикалық құрылымы мен тілдің грамматикалық құрылымы арасындағы негізгі қайшылықтар, үйлесімсіздіктер мыналар:

  1. Логикалық байымдау мен грамматикалық сөйлем көп жағдайда өзара үйлеспейді. Байымдау — ойлаудың мақұлдауды я мақұлдамауды ғана білдіретін формасы және ол субъекті «мен предикаттан құралатын екі мүшелі, ал грамматикалық сөйлем хабарлы да, сұраулы да, лепті де, бүйрықты да болып келеді, сонымен бірге, сөйлем бір құрамды да, жайылыңқы да болады. Мүшеге бәлінуі жағынан да сөйлем байымдаудан өзгеше.
  2. Логикалық категориялар мен грамматикалық категориялар арасындада үйлесімсіздік көп:логикада сөздер затты, сапаны, әрекетті білдіретін түрлерге ғана бөлінеді, ал грамматикада бұлардан басқада сөздер табыбар.
  3. Логикалық ұғым мен сөз мағынасы арасында да көп өзгешеліктер кездеседі. Сөздер тек ұғымдығанаемес, ұғымғажатпайтын әр түрлі мағыналарды да, түйсік, түсінік,сезіну, қабылдау,нұсқауларды да білдіреді. Сондай-ақ сөздер көп мағыналы болады, кейдебелгілі бір ұғым жеке сөз арқылы емес, сөздер тіркесі арқылы да беріледі. Логикаға қарағанда тілдіңмүмкіндігіде, өрісі де орасанкең.