Салалас құрмалас сөйлем

  1. Салалас құрмалас қарақалпақ тілінде дизбекли қоспа гап, қырғыз тілінде багынычсыз татаал сүйлөм, өзбек тілінде боғланган қушма гап, ұйғыр тіліңде бағланған қошма жумилиләр, түрікмен тілінде дүзмели гошма сөзлем деп аталады. Мысалдар: Кеп-кең ордан аттың қалай ырғып кеткенін, Әбдірахман көз тоқтатып қарап байқаған да жоқ, байқауға щамасы да келмеди (X. Есенжанов.) Шекер осы аз күннің өзінде-ақ бұл үйдің өз адамындай болып кеткен, сондықтан оның айткан сөзіне Сәуле сүйсінді. (Ә. Әбішев.) Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын. (С. Мүқа-нов.) Жараланған жайларымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, бірақ Ақбота оп-оңай бетін ашыпты. (Ғ. Мүсірепов.) — «Қазіргі қазақ тілінен».

Қызыл Армия мени гана өлүмдөн куткарган жок, бүтүн туткундагы элимди түбөлүккө куткарды. (А. Токомбаев.) Айлананы туман каптап турат, ары күн суук (К. Жантөшев.)— Қырғ.

(Дамон чопиб боради ва лекин кукраги қон. (Қ. Олимжон.) Сиз кетинг бу махалладан, ё биз қучиб кетамиз. (А. Қа^ор.) — Өзб.

Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінен келтірілген мысалдарды салыстырып қарасақ, салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен тең мағынада байланысып тұрғанын көреміз. Бірсыпыра мысалдарда жай сөйлемдердің арасы жалғаулықтар арқылы (сондықтан, бірақ, ары, да, ошондай, болса да, ва, ё) қалғандарында —жалғаулықсыз тек қана мағыналарының жақыдығы пікірдің ізбе-ізділігімен байланысып, бірі екіншісін толықтырып тұр.

Түркі тілдерде салалас құрмалас кұрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен мағына жақындығымен қатар лерсика-грамматикалық, интонациялық тәсілдер арқылы байланысады.

  1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем

Көпшілік түркі тілдерде — жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе кұрмаласуы және жалғаулықтар арқылы кұрмаласуы деп екіге бөледі де, жалғаулықты салалас, жалғаулықсыз салалас деп қаралады.

Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемдер жалғаулықтың ыңғайына қарап, мезгілдес мәнді салалас, қарсылық мәнді салалас, себептес салалас, жалғаулы салалас, кезектес салалас болып бөлінеді. Басқа да салыстырылған түркі тілдерде салалас сөйлемдердің жалғаулықтары оның байланысу тәсілдері негізінен бір-біріне ұқсайды.

Өзбек, Қазақ тілдерін салыстырайық: жон синглим, идорага бориб шу хатни Журовой акага берда, узинг ғириллаб орқаға қайт. («Қоз. зам. узб. тили».) — Өзб.

Сіңліжан, кеңсеге барып осы хатты Жорабай ағайға бер де, өзің тез арқаңа қайт.— Қаз.

Курбоши қаттиқ жеркиб полвонни гапдан тухтатмоқчи булди, бироқ полвон даөом этди. (А. Қодирий.) — Өзб.

Құрбаш қатты жекіріп палуанды сөзден тоқтатпақшы болды, бірақ палуан сөйлей берді.— Қаз.

Қырғыз, қазақ тілдерін салыстырайық:

Ата-энелериң ким жана бул чыңдалган жерге эмне үчүн келдиң? (В. Катаев.) — Қырғ.

Әке-шешелерің кім және бұл қиын жерге не үшін келдің? — Қаз.

Жакшы эле айтайын деди, бирок андан башка айтарга сөз таба албады. (Н. Байтемиров.) — Қырғ.

Жақсы, онда айтайын деді, бірақ онан басқа айтуға сөз таба алмады.— Қаз.

Түрікмен, қазақ тілдерін салыстырайық:

…Жүбүсиндәки паспорт билен сегсен манат пулы столуң үсүтүне гойды да, Гулмырат ага дил какды, ваканың аныгына етеси гелди. (Г. Сейитмәдов.) — Түрікм.

Қалтасындағы паспорт пен сексен сом ақшаны столдың үстіне қойды да, Гүлмырат ағай сөйлесіп, оқиғаның анығына жеткісі келді.— Қаз.

Салыстырылған тілдерде жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар дамыған, өзгерген, басқа тілдерден келіп кірген, сөйтіп, бір тіл екінші тілге қарағанда, өзіндік кейбір өзгерістерге ие болған. Кейбір жалғаулықтардың функциясы кеңейіп, қол-данылу сферасы өзгеріп ге кеткендігі байқалады. Бұл бір тілді екінші тілмен салыстырғанда байқалады.

Өзбек тілінде ва, лекин, аммо, эса, ё, гох, на-на, у, ку, фақат, хатто т. б. жалғаулықтар қолданылады. Мысалдар: Бола нон двб йиғлар, касал хотин эса безгакнинг шиддатидан тол баргидай титрарди. (С. Айний.)

Түрікмен тілінде — эмма, йөне, велин, кә, ве, эсасан, я-да т. б. жалғаулықтары қолданылады.

Мысалдар: Менөйүмиге барярдым вели, сени гөрдүм-де, дурубердим. Мекдебе биле гайдардык, эмма маңа ййтман гайдыберипсиң. Не сиз гитдиңиз, не-де биз окап билдик. («Хәзирки түркмен дили».)

Бұл өзбек, түрікмен тілдерінен келтірілген мысалдардағы жалғаулықтар жай сөйлемдерді байланыстырып қана қоймай, олардың мағынасына да тікелей қатынасы бар екендігі сөзсіз. Бұл жалғаулықтар сол тілге тән болса да, қыпшак группасына кіретін тілдерде қолданылмайды, бірақ олардың функциясы басқа жалғаулықтар арқылы беріледі. Өйткені келтірілген мысалдардағы сөйлемдер қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінде қолданылуы сөзсіз. Қазақ тілінде өзбекше «эса» — болса, аммо —бірақ, ва — және, лекин — бірақ, көмекшілері арқылы беруге болады. Сол сияқты түрікмен тіліндегі вели — бірақ, да — де; эмма — бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де сияқты қарсылықты білдіретін жалғаулықтармен берілуі мүмкін.

  1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

Құрмалас салалас сөйлемнің құрамына енген жай сәйлемдер бір-бірімен ешқандай жалғаулықсыз, іргелесе байланысады. Осыған қарамастан, жалғаулықсыз салаластар жөнінде кейбір қайшы пікірлер де кездеседі. Осылардан бір-біріне қайшы келетін екі пікірді атап өтеміз де, тіл фактілеріне сүйене отырып, салалас құрмалас сейлемнің талабына жауап беретін көзқарастың дұрыс екендігін мақұлдаймыз.

Салыстырылған тілдердің барлығында да салалас құрмаластарды жалғаулықты, жалғаулықсыз деп екіге бөледі.

«Қазак тілінің грамматикасы» жалғаулықсыз салаластарды байланыстырып тұратын төмендегі амал-тәсілдерді көрсетеді:

1)жай сөйлемдермағыналарының бір-біріне байланысты, іліктес, сабақтас болып келуі арқылы;

2)интонация тұтастығы арқылы;

3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мүшенің) болуы арқылы;

4)компоненттердің бірбастауышқаортақтасыпкелуі арқылы;

5)белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы;.

6)бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы;

7)компонентбаяндауыштарықызметіндегіетістіктердің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы» ‘.

Ал өзбек тілінің грамматикаларында, басқа да құрмалас сөйлемдер бойынша дербес монографиялық зерттеулерде «боғловчисиз боғланған кушма гаплар» құрамына енген жай сөйлемдердің, біріншісінің баяндауышы көсемшеден, есімшеден немесе есім сөздерден болып, екінші жай сөйлемнен байланысатындығын көрсетеді. Осымен қатар, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болуына қарамастан, оның басыңқы сейлемге бағын-байтындығын дәлелдейді. Көсемше бір сөйлемді екінші сөйлеммен байланыстыратын грамматикалық тәсіл бола алмайды. Сондықтан да көсемшелерге біткен бірінші сөйлемнің баяндауышы жалғаулықсыз байланысқан салалас құрмалас қатарына жатады деп көрсетеді. Осымен қатар баяндауышы көсемшеге біткен бірінші жай сөйлемнің екінші жай сөйлеммен мезгілдік, себептік қатынаста болатындығы көрсетіледі.

Жалғаулықсыз салалас құрмаластарға қазақ, өзбек тілдерінен келтірілген мысалдарды салыстырайық.

Ол басқа айғырға қарай ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге жармаса кетті. (Есенжанов.) Әңгімемен көмір-көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды. (Мұстафин.)— «Қазақ тілінің грамматикасынан».

Онда-сонда аравалар ғижирлаб, «пушт-пушт» деган товушлар, қичқириқлар эшитилди. (Ойбек.) Шу ерда оломон иккига булинип, неча хисса купаййшиб кечгача ур-йиқит булибди. (А. Қоххор.)

Бұл екі тілден келтірілген мысалдардан көрінгендей-ақ, қазақ тіліндегі жалғаулықсыз байланысқан жай сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз, тең мағынада іргелесе байланысқан, бірінші сөйлемде өзінің мағынасы және тұлғасына қарай тәуелсіздігін сақтаған. Ал өзбек тілінде жай сөйлемдердің біріншісінің баяндауышы көсемшеге бітіп, екінші жай сөйлемге байланысқан. Бірінші сөйлем баяндауышының бұндай тиянақсыздығы, тап осындай формадағы болып келген бағыныңқы сөйлеммен шатастыруға алып келеді. Осы еңбектің сабақтас сөйлем деген бөлімінде бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшеден жасалуынамынадай мысалкелтірілген: Бу ерда эканингизин эшитиб, кузимга хеч нима куринмади… (Ойбек.) Біз салалас пен сабақтаста келген көсемшелі баяндауыштың мағына жағынан өзгешелігін есепке алмасақ та, тұлғаларының ұқсастығы көсемше баяндауыш арқылы бірде салалас, бірде сабақтас сөй-лемдердің байланысуы біраз практикалық жақтан да қолайсыздық тудырады. Оның үстіне салалас құрмалас сөйлемдер үшін бірінші сөйлемнің тиянақсыз тұлғалы болып келуі өзбек тілінің табиғатынан келіп шықпағандығы байқалады. Мысалдар келтірейік:

Кумушбиби бошловчи қизлар билан уйга кирди, уидан таралган атир ислари билан уй тулди. (А. Қодирий.)

Демек, қазақ тіліндегі сияқты жалғаусыз-ақ байланысатын құрмалас салаластар өзбек тіліне де тән екендігі күмән тудырмайды.

Салалас құрмаластардағы жай сөйлемдер жалғаусыз-ақ өз тәуелдігін сақтап байланысатындығын басқа тілдерден де көруге болады.

Қырғыз тілінен мысалдар: Аларга сен алтын бергениң жок, сен күмүш бергениң жок, сен алтын менен күмүштөн кымбат сөзүңдү бердиң. (Н. Байтемиров.)

(К. Жантөшев.)

Түрікмен тілінен мысалдар: Алтмыш башлы ала гарлы даглардан, Думан гечер, ямгыр ягар, сил галмаз. (Магтымгулы

Демек, түркі тілдердің қай-қайсысында болмасын, жалғаулықсыз салалас сөйлемдер өздерінің мағынасы мен тұлғасы бойынша ұқсас, жалпылық қасиеттерге ие. Жалпы алғанда, жалғаулықты байланысудан гөрі жалғаулықсыз салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдер, оның мағыналық түрлері де бір-біріне өте ұқсас екендігі сезіледі.