Құрмалас сөйлем синтаксисі

  1. Құрмалас сөйлемдер екі немесе онан да артық жай сөйлемдердің бірігуінен жасалып, күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдер грамматикалық және мазмұн жағынан бір-бірімен байланыса түседі.

М.А. Казем-Бек құрмалас сөйлемдердің құрамындағы бөліктерінің (жай сөйлемдердің) бірігу тәсіліне — түрлі шылаулар немесе солардың қызметін атқарып келетін — етістік формаларын ғана атайды, сол сияқты «Алтай тілінің грамматикасы», «Қазақ-қырғыз тілінің қысқаша грамматикасында», «Қырғыз тілінің грамматикасында да» құрмалас сөйлемдер туралы айтарлықтай пікірлер айтылмайды, бар болғаны — есімше, көсемше және етістіктің кейбір райларының синтаксистік кызметіне байланысты бағыныңқы сөйлемдердің баяндауыш тұлғасы сөз болады

Түркі тілдерінің құрмалас сөйлемдерінің синтаксисі зерттеліп, белгілі бір жүйеге түсе бастауы — Октябрь революциясынан кейін ғана басталды. Құрмалас сөйлемдердің табиғатына байланысты көптеген ғылми зерттеулер жарыққа шықты. Нәтижеде кұрмалас сөйлемдер синтаксистің негізгі объектісіне айналып, оның жасалу жолдары, байланысу тәсілдері, түрлері зерттелді.

Құрмалас сөйлемдер қарақалпақ тілінде қоспа гәп, қырғыз тілінде татаал сүйлөм, өзбек тілінде — қушма гап, ұйғыр тілінде қошма жүмлә, түрікмен тілінде гошма сөзлемлер делінеді.

Салыстырылған тілдерде құрмалас сөйлемдердің аталуы да, зерттелу объектілері де бір-біріне ұқсас, өзгешеліктерінен гөрі ортақ белгілері күшті. Олай болса, құрмалас сөйлемдер жөніндегі әрбір түркі тілдер бойынша зерттеулер бірін-бірі толықтырып, кейбір қайшы мәселелерді ғылми негізде шешуге жәрдем етеді.

  1. Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдер өз ара теңдік қатынаста салаласып та, кейде біріне бірі меңгеріліп, бірі екіншісіне бағыну арқылы сабақтасып та байланысады. «Жай сөйлемдер байланысының бұлай әр түрлі болуы — оларды байланыстырушы дәнекерлердің, амал-тәсілдердің әр алуандылығында» .

Өзбек тілінде құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен мынадай тәсілдер арқылы құрмаласады: 1) грамматик воситалар; 2) интонация ва тартиб; 3) лексик воситалар. Автор лексик тәсілдерге вақт, пайт, йил, сибабли, натижада сияқтыларды жатқызады.

«Қазақ тілі» грамматикаларында мына тәсілдерді атап көрсетеді,

а) құрмалас кұрамына енетін жай сөйлемдердің бастапқысының баяндауышы тиянақсыз формада айтылу арқылы;

ә) жай сөйлемдер арасында немесе жай сөйлемдер ішінде шылау я шылау мәнді сөздер келу арқылы;

б)интонация тұтастығы арқылы;

в)құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі арқылы .

Құрмалас сөйлемдердің сабақтаса, салаласа байланысқан түрлерінің қай-қайсысы болса да… түркі тілдерінде кеңінен қолданылады

Мысалдар:

Қ а з а қ т і л і

Қайта, кемпірдің сабырлы қалпы оның ызасына тиіп, өшіге түскендей, жындана ұмтылып, жазықсыз кемпірді ұра берді. Қатын-балалар жылап, кемпір-шалдар тізімге іліккен бір-бір боздағының жолына басын тігіп, жас жуған бетін алып-салып жатыр. (Ә. Нұрпейісов.)

Қ ы р ғ ы зт і л і

Шамбет кайра бурулуп караганда, жээк алыс калган экен. Какылдак колхоздун жаш бухгалтери Батышты, ал деп сунуш кылары менен, Чегиртке жым дей түштү. (Т. Сыдыкбеков.)

Ө з б е кт і л і

У узоқ уйлаб турмай, эртаси кунга менинг томонимдан совчи булиб кампирнинг олдига борщоқчи булди. (А. Қодирий.) Ким бировга чукур қазиса, унга узи йиқилади. (Макал.)

Т ү р і к м е н т і л і

Айсолтан магазиниң өңүне геленде, дүканда гызгын совда гидйәрди. (Б. Кербабаев.) Эй, хан ага, сен бир мениң иң говы гөрйән адамым болан соң, мен саңа бир сыр айтмага межбур болярын. (А. Дурдыев.)

Бұл қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен тілдерінен алынған мысалдарды бір-бірімен салыстырсақ, құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері негізінен бір-біріне ұқсас екендігі сезіледі. Салыстырылған тілдерде кұрмалас сөйлемдердің құрамына енген алғашқы жай сөйлемдердің баяндауыштары көсемшеден, есімшеден, шартты райлы етістіктерден жасалып, басыңқы сөйлеммен байланысып, формасы мен мағынасы жөнінен басыңқы сөйлемге тәуелді болып тұр. Бұлардан басқа құрмалас сөйлемнің кұрамындағы кейбір жай сөйлемдер бір-бірімен шылау сөздер арқылы да, йнтонация мен орын тәртібі арқылы да байланысқан. Келтірілген мысалдарда кейбір жай сөйлемдер бір-біріне тәуелді болмай, өз ара тең қатынаста байланысқан. Демек, салыстырылған тілдерде кұрмалас сөйлемдердің сабақтас немесе салалас түрлерінің қайсысы болмасын, олардың байланысу тәсілдерінде жалпы заңдылық бар екендігі байқалады.

  1. Сонымен қатар, кұрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің байланысу тәсілдерінде кейбір өзгешеліктер де бар екендігі сезіледі. Бұндай өзгешеліктер бір тілді екінші тілмен салыстырғанда жақсы байқалады. Қазақ тілін қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдерімен салыстырсақ, кейбіреулері көп, кейбіреулері аз мөлшерде байланысу тәсілдерімен ажыратылады. Бұл өзгешеліктер тілдердің даму процесінде немесе басқа тіл-дердің әсері тигендіктен пайда болған. Мысалдар: Нега ушаларники туғра булади-ку, мен ёлғон гапарган буламан. (Ойбек.) У биринчи қарашдаёк курдики, Гулнор захарланган эди. (Ойбек.) Бу жандармаларнинг на каттасига ишонч бор, на кичигига ишонч бор. (М. Иброхимов.) Бошлиқдан кулгига рухсат берилгач, бошқалар хам кулишиб, орада ола-ғовур бошланди. (А. Қодирий.)

Қазіргі өзбек әдеби тілінен келтірілген бұл мысалдарда құрмалас сөйлем құрамына енген бастапқы жай сөйлемдер -ку, -ки, -на көмекшілері арқылы екінші сөйлеммен байланысқан. Бұл көмекшілердің біріншісі -ку қазақ тіліндегі -ғой, қырғыз тіліндегі -го шылауының фонетикалық варианты болса да, қазіргі мағынасы бірінші сөйлемді екінші сөйлемге қарсы қою үшін қолданылып тұр. Ал -ки, -на көмекшілері араб тілінен келіп кірген. Соңғы мысалда бірінші сөйлем өзінің баяндауышының тиянақсыз болуы арқылы (бошлиқдан кулгига рухсат берилгач), екінші басыңқысөйлемге тәуелдіболып, .бағыныптұр.Бұндай құрмалас сөйлемдердің байланысуындағы кейбір тәсілдердің өз-гешеліктері түркі тілдердің сәл қашықтау тілдері мен салысырғанда анық байқалады. Мысалы, бұл жағдайда өзбек тілін казақ тілімен салыстырсақ, кейбір бұндай өзгешеліктер анық сезіледі де, ал ұйғыр тілімен салыстырсақ, ол өзгешелік айтарлықтай емес.

Өзбек тілінде бұндай көмекшілердің қолданылуы құрмалас сөйлемдердің құрылысы мен мағынасына да біраз әсер еткендігі сезіледі. (У биринчи қарашдаёқ қурдики, Гулнор захарланған эди.) Ол бірінші қарағанда-ақ көрді, Гүлнар уланған еді.

Сол сияқты түрікмен тіліндегі құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдерінде кейбір өзгешеліктер барлығы сезіледі.

Мен хем сениң билен гидердим, йөне эртир ишим көп. Мениң кимдигими мыхмана танатдың, а мыхманың кимдигини маңа танатмадым. (Б. Кербабаев.)

Ал қазақ тілін қарақалпақ тілімен салыстырсақ, құрмалас сөйлемдердің жасалу тәсілі бір-біріне өте ұксас. Соған қарамастан, қарақалпақ тіліне түрікмен және өзбек тілдерінің әсері тигендігі сезіледі.

Мысалы: Темир жол үстинде тұрған бир паровоз гә алға жүреди, гә ол кейин бәседи. (Ж. Сапаров.)

Түрікмен тілінде: Яз айларында кә ягын ягяр, кә гүн чыкяр: («Түркмен дилиниң сөзлүги

Сол сияқты қырғыз тілі де, қазақ тілімен қыпшақ группасының ішіндегі ең жақын тіл болып есептелсе де, қырғыз тіліндегі құрмалас сөйлемнің жасалу тәсілдерінде кейбір өзгешеліктер де кездеседі. Бірақ бұл тәсілдер сол тілдің даму процесінде келіп шыққан, ол қырғыз тіліне тән құбылыс болып есептеледі.

Мысалдар: Өрттөй дуулдап согуш чыкты, же бүгүн, же эртең аны өчүрүшкө мен да жөнөймүн. (Т. Сыдыкбеков.) Далай акыбыз анын мойнунда калды эле, ошондо да Курман болгон жоК. (Қ. Баялинов.) Байсалов ооз ача электе, кылмыштуу болгонсуп мындай деди. (С. Сасыкбаев.) Кечээ мен тарбиячыга айттым эле, ал сүйлөшкөн окшойт. (Н. Байтемиров.)

Демек, құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дамыған, олардың түрлері кеңейген. Сол арқылы түркі тілдерінде құрмалас сөйлемдердің де функциясы артқан. Бұл даму әсіресе жазба әдебиетке байланысты болды. Қазіргі түркі тілдердің қайқайсысының әдеби тілін алсақ та, құрмалас сөйлемдерді кеңінен қолданатынын көреміз. Осы жағдайға байланысты түркі тілдердің барлығына ортақ және әр тілге тән өзгешеліктер де пайда болған. Бұл — бір тілді екінші тілмен салыстырғанда анық байқалады. Осының нәтижесінде құрмалас сөйлемдердің, байланысу тәсілдеріне бір тілде бастапқы жай сөйлемнің баяндауышы есімше, кесемше, шартты рай тағы басқа етістіктің формалары көбірек қатысу арқылы жасалса, екіншісінде; көмекші сөздер көбірек қолданылады. Қысқасы, кейбір фонетикалық өзгешеліктерін есепке алмасақ, барлығына ортақ байланысу тәсілдері ертеден сақталғандығы байқалады. Ал кейбір тілдерде кездесіп, басқасында қолданылмайтын байланысу тәсілдері сол тілдің соңғы қалыптасу дәуірлеріне жатады.