Жақсыз сөйлемдер

  1. Қазақ тілінен мысалдар: Мырза ойлануда. Өңінен ештемені болжап болмайды. (Ғ. Мұстафин.) Жоқ, оныңызға келісуге болмайды. (Т. Нұртазин.) Инештің сенбілікке бармауына да болатын еді. (С. Шаймерденов.) Жиенді олай қумас болар. Жазықтыны зауалдар болар. Қонақты олай қарсы алмас болар. (Ә. Сәрсенбаев.)— «Қазақ тілінің грамматикасынан. Қырғыз тілінен мысалдар:

Жакшы болот! Элдин улуусун алуу эле. (К. Жантөшев.) Бизге айланып олтуруп, ары бетинен келүүге туура келет. (Т. Сыдыкбеков.)— «Азыркы кыргыз тилинин синтаксисинен».

Өзбек тілінен мысалдар:

Бу ерга нос туфланмасин, чекилмасин! (О.) Байроқ олдинга олиб чиқилсин! (Т.) Унинг йиғлагуси келди. Унинг жуда чеккиси келди, лекин чекиш мумкин эмас эди. (М. М.) («Қозирги узб. адаб. тили».)

Түрікмен тілінен мысалдар:

Кәвагт агшамларына көп отурыляр. Атаның укусы гелйәр. Шу гун оба гидип болар. Шу ерде бир сагат дурса болар. Китабы язып болды. (X. Ысмайылов.) («Хәзирки заман түркм. дили».) Салыстырылған мысалдардан көрінгендей-ақ, жақсыз сөйлемдердің баяндауышы жасалу тәсілдері бойынша бір-біріне ұқсас, жалпылық барлығы байқалады.

  1. Қай тілді алсақ та жақсыз сөйлемнің баяндауыштары етістіктердің, әр түрлі тұлғаларынан жасалып, өзіне сан алуан модальдік қатынастарды жүктейді. Баяндауыштың осындай көп қырлы икемділігі бастауыштың орнын жоқтатпайды, оны іздетпейді.

Салыстырылған тілдерде жақсыз сөйлемдердің баяндауыштарының жасалу тәсілдерінде ортақтықпен қатар кейбір тілдерге тән өзгешеліктер де бар.

Өзбек тілінде жақсыз сөйлемнің баяндауышы қимыл аттарына лозим, даркор, зарур сөздерінің қосылуымен жасалады:

Албатта, улардан бемаслахат иш қилинмагай,—деди Навоий,— аммо бир хавфдан сақланмоқ зарур. (Ойбек.)

Сол сияқты жақсыз сөйлемнің баяндауышы — туғри келмоқ етістігінен жасалады: Балки, ундан қочиброқ юришга туғри келади. («Хоз. замон узбек тили».) Түрікмен тілінде жақсыз сөйлемнің баяндауышы мезгілді білдіретін болса, бастауышы айтылмайды. Бахар айларының бир гүнүди. Яз паслының бир гүнүди. Гижәниң бир вагтыды. (А. Дурдыев.) Гүйзүң чыглыжа бир гүнүди. (Б. Кербабаев.) —«Хәзирки түркмен дилинен».