Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

  1. Түркі тілдерінде анықтауыштар өздерінің, тұлғасы, атқаратын қызметі жағынан бір-біріне ұқсас. Барлық тілдерде де анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған мүшелеріне тікелей қатысты болып, соның сындық сапасын, белгісін, мөлшер санын анықтайды, өзі анықтайтын сөзімен лексика-грамматикалық байланысқа түседі.

Мысалдар: Күнде бір мезгілде сары үрпек балапандарын ертіп, ақ қаз жайылымға кетіп бара жатады. (Ғ. Мүсірепов.) Зіл қара түнді жапсарынан сөге таң сызаттап келеді. Астындағы торы жорға ойын бұзбай тербей береді. (Ғ. Мұстафин.)- Қаз.

Ғариптен қара булутлар давалғуп, асманға көтирилди. Гүлжамалниң Бәхтиярдин айрилғиси йоқ. (Ж. Мусаев.)

Чирайлиқ яз кетип, йешиллиқ дунияси сериққа айлиниду. Сим-сим ямғур, узун, қараңғу күз келиши билән, биз мәлидә байиқи әски, қараңғу, зәй өйүмиздә… (Ө. Муһәммәдий) — ¥йғ.

Ак үзүм гызыл үзүм билен биле бишипдир. (Р. Сейидов.) Гара кече ак болмаз, көщ душмандос болмаз. (Мақал.)—Түрікм.

Түркі тілдерінде анықтауыш болып келетін негізінен сын есім, осымен қатар зат есімдер,. сан есімдер, етістіктің есімге жақын түрлері — қимыл есімдері, есімшелер т. б. Салыстырылған тілдерде анықтауыштың жасалу тәсілдерінде айтарлықтай өзгешеліктер сезілмейді. Осыған қарамастан әрбір тілдін өзіне тән кейбір өзгешеліктері де бар. Ол әрбір тілдің даму процесімен байланысты. Бұл — әсіресе ілік септеуінде тұрған анықтауыш пен анықталатын сөз тәуелдік жалғаудың үшінші.жағымен айтылғанда сезіледі.

Қырғьіз тілінде ілік септігінде тұрған анықтауыш -дин, -дын, -тин, -тын, -түн, -нун, -нүн, -дүн жалғауларын қосып алады.

Мысалдар: Кере ачылган эшиктин кашегине сүйөнүп, Зейнеп апа эбактан эле үйүнүн ичин карап турат. (Ч. Айтматов.) Сарыгулдүн алайып көзү чыкты. (Т. Сыдыкбеков.)— Қырғ.

Бұл мысалдардағы эшиктин кашеги //есіктің жақтауы; сары гүлдүн көзү // сары гүлдің көзі; сиздин пикир // сіздің пікір, бирөөбүздүн барганыбыз // біреуіміздің барғанымыз дегендегі қырғыз тіліндегі анықтауыш пен анықталушы сөздердің байланысын қазақ тілімен (баска да түркі тілдерімен) салыстырғанда анық сезіледі.

Түрікмен тіліндеанықтауышіліксептігінде -ың, -иң жалғуын қосып алады. Мысалдар:Аманназарың ене гөзлери пителип, Байрамың элинден япышды да:

Олардан маңа — да етерми? дийип сорады. (Б. Кербабаев.) Инди бу агажың он бәш саны кувватлы хем-де берк шахасы бар. Буларың иккисем гүлүп кесе йыкылдылар. Мен оңа чопанларың адаты саламлашлары ялы, хайкырып салам бердим. (Г. Сейитмәдов.)

Бұл мысалдарда — Алланазарың гөзлери // Алланазардың көздері; Байрамың эли // Байрамның қолы; агажың шахасы // ағаштың жаңқасы; бұларың иккиси // бұлардың екеуі; чопанларың адаты // шопандардың әдеті болып айтылып, түрікмен тілінің өзгешелігі сақталғанын көреміз.

Түрікмен тілінде -малы, -мели аффикстерінің жәрдемімен. жасалған есімшелер анықтауыштың қызметін атқарады:

Колхозчылар пагта экилмели ерлери гышдан тайярлап гойярлар. Лекция гатнашмалы колхозчыларыңбары йыгнадылар.

(«Хәзирки заман түркмен дили».)

  1. Толықтауыш қарақалпақ тілінде — толықлауыш, қырғыз тілінде — толуктооч, өзбек тілінде тулдирувчи, ұйғыр тілінде толуқтурғучи, түрікмен тілінде — долдургычлар деп аталады. Түркі тілдерінде толықтауыштар өзінің тұлғасы мен сөйлемдегі қызметі жағынан өзгешеліктен гөрі ұқсастығы күшті. Толықтауыштар көбінесе баяндауышпен байланысты болып, оның қимыл процесінің объектісі болып келеді.

Мысалдар: Сары бала жігітті салған жерден таниды. (Ғ, Мүстафин.) Бұдан үш-төрт жыл бұрын өзім де талай баланы түйіп қалған болуым керек. (Ғ. Мүсірепов.)—Қаз.

Қой, айланайын, келинимди ошол орогуна эле тим койгула. (Ч. Айтматов.) Алар чарчоону унутушту. (Т. Сыдыкбеков.)—Қырғ.

Равшанны дарахтдан тушириб олиб, уйига караб юра берди. (Э. Ж.)—Өзб.

Түркі тілдерінде толықтауыштар тұлғасына, синтаксистік қызметіне қарай тура және жанама толықтауыштар болып екіге бөлінеді.

Тура толықтауыштар табыс септітінде тұрып, сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады.Тура толықтауыштың септік жалғауы кейде ашық, кейде жасырын болып келуі көптеген тюркологтардың назарын өзіне аударған.

  1. М. А. Казем-Бек «Қимылға қатысты зат белгісіз болғанда және ол етістіктің дәл алдында тұрғанда табыс септік атау септігімен алмастырылады» деп көрсеткен. Сол сияқты «Алтай тілінің грамматикасында да «тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын оның белгілі, белгісіз зат болуынан» деп баяндайды.

Н. Ф. Катанов пен П. М. Мелиоранский да өздеріне дейінгі пікірлерді қайталайды. П. М. Мелиоранскийдің кейбір анықтаңқырап қосқаны сол, ол тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз болып келуін былай дәлелдеді: «Таким образом, употребление оформленного или неоформленного винительного падежа весьма часто зависит личного взгляда говорящего или пишущего» дейді. П. М. Мелиоранскийдің бұл пікірі ешқандай тіл фактісіне негізделмей айтылған еді.

Н. К. Ашмарин чуваш тілінің материалы негізінде толықтауыштың қандай жағдайда жалғаулы, қандай жағдайда жалғаусыз болып келетіндігі жөнінде бағалы пікірлер айтқан.

Н. К. Дмитриев белгілілік, белгісіздік терминін грамматикалық тұрғыдан карап, оларды даралық, және жалпылауыш , ұғымдармен байланыстақарайды.Н.К.Дмитриевтіңпікірі бойынша белгілі толықтауыштар жалғаулы, белгісіз, тура толықтауыш кызметіндегі сөз жалғаусыз болады деп көрсетеді.

М. Б. Балақаев қазақ тілі материалы негізінде тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін анықтаған салыстырылған тілдерде тура толықтауыштар өзі қатысты сөзден қашықтап тұрып, ортасындабасқасөйлеммүшесі тұрса, жалғаулы болады. Мысалдар:

Бөбек қошақанды жерге түсірді де, бүрмелі ақ бәтес көйлегінің қос етегін көтеріңкіреп ап, үйге қарай дүрілдеп жүгіре жөнелді — қаз.

ЖапакемАйшанытааныйт экен.(К. Баялинов.)Павлов Ала-Тоону биринчи көрдү. Силерди кайдан унутсун. (К. Жантө-шев.)—Қырғ. Поччаев… шошиб қулини қимтиб олди. Тупурган тупиригингни оғзинчга олма (Мақал).— Өзб.

Гарягды Мухадың жаныны өлүмден халас этди. (X. Ысмайи-лов.) Инди, оглум, илем машгаласының гележегини гөз өңүнде түтяр. (А. Дурдыев.)

  1. Салыстырылған тілдерде тура толықтауыш жалғаусыз да қолданылады. Бұл жағдайда тура толықтауыштың объектілік мағынасы жалғаусыз да анық білінеді.

Қорыта айтқанда, салыстырылған тілдерде тура толықтауыштың жалғаусыз келуінен гөрі жалғаулы келуі кеңінен қолданылады.

Салыстырылған тілдерде табыс септігінде тұрған тура толықтауыштар фонетикалық варианттарының әр түрлілігімен бір-бірінен ажыратылады.

Қазақ тілінде: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті;

Қырғыз тілінде: -ны, -ни, -ды, -ди, -ду, -ты, -ти, -ту;

Өзбек тілінде: -ни;

Ұйғыр тілінде: -ни;

Түрікмен тілінде: -ны, -ни, -ды, -ди, -ду, -ты, -ті, -ту.

Демек, қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінде сингармонизм заңы сақталса, өзбек, ұйғыр тілінде олай емес. Бұған қосымша әр тілдің тура толықтауыш жасаудағы табыс септігін қосып алуында өзіне тән өзгешеліктері де бар.

Түрікмен тілімен салыстырып қарайық: Дурды хаты обадан язяр. Сениң Москва гитжегиңи дүйн эшитдик. («Түрк. дили».) Дурды хатты ауылдан жазар. Сенің Москваға кететініңді кеше есіттік.

Қейбір жағдайларда өзбек тілінде сабақты етістік шығыс септігінде тұрған толықтауышты да меңгеретіндігі байқалады. Бұл әсіресе бүтіннің бөлшегін көрсету мақсатында қолданылады.

Қани картошкадан ол!… мехмонлардан қолған авқатдан едида, бошини бир боғ қул бедага куйиб уйқиға кетди. (Ойбек.) — Өзб.

Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының қай-қайсысында да келе береді. Мысалдар: Қара қатын енесіне кешкі астан да татырған жоқ. (Ә. Нұрпейі-сов.) Опасызға істеген жақсылық шаян болып өзіңді шағады екен… (Ғ. Мұстафин.)—Қаз,

Яхшидин жапа кәлмәс, ямандин вапа кәлмәс. (Мақал.) Төмүр отта билиниду, адәм меһнәттә билиниду. (Мақал.) — ¥йғ.

Ватанымызға пагтаны көп берелиң! («Совет Түрк.» газ.) Нелли Марияның сорагына первасызлык билен жогап берді.— Түрікм.

Қазақ және қарақалпақ тілінде ғана қолданылып жүрген көмектес септігіндегі толықтауыштар -мен (-менен), -бен (-бенен), -пен (-пенен) жалғауларын қосып алып кіммен? немен? (кимменен? неменен?) деген сұрауларға жауап беріп, толықтауыштың қызметін атқарады.

Мысалдар:АндрейЖабайқартпеншүйіркелесіпкетті (С. Мұқанов.) Ақындық шабыт кейде осы адырмен көп сырласқандай болды. (М. Әуезов.) Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді. (Мақал.)—Қаз.

Атажан ата қасында отырған Трубачевпенен сөйлесті. (Ж- С). Ол алдында жатқан қағазларды бормағыменен олау-булай аударыстырып сөзін дауам етті. (Н. О.) Қарақалпақ тілі сабақлығынан.)

Қазақ, қарақалпақ тілдерінен басқаларында көмектес септігінің өзі аталмағанмен, оның мағынасы мен қызметін атқарып жүрген сөздер бар.