Етістіктің шақ категориясы

  1. Шақ категориясы тек қана етістіктерге тән. Бұл жөнінде етістіктің ашық райы негізгі орында тұрады, өйткені ол үш шақпен айтылады. Бұған қосымша етістіктің шақ білдіретін басқа да тәсілдері аз емес. Қысқасы, етістік шақпен өте тығыз байланысты, етістік бар жерде шақ бар, шақ етістіктің органикалық. элементі болып есептеледі.

Етістік — тарихи категория, олай болса шақ та етістікпен байланысты. Оны Орхон-енисей ескерткіштерінен, XI ғасырдағы, әдеби жазба мұралар тілінен көруге болады. «Девону луғотит түркте» етістіктердің шақ категориясының жасалуы және оның мезгілдік қатынасы анық байқалады.С. М. Муталлибов «Девандағы» етістіктердің үш шақпен айтылғандығын көрсете келіп, өткен шақтың анықтық түрі — іс-әрекеттің болған, болмағандығын айтушы анық, өз көзімен көргендігін білдіріп, етістіктің түбіріне -ди, -ти, -диң, -тиң, -туң; -дим, -тим, көптік түрі -дилар, -тилар, дим.из, -тимиз, -диңиз, -тиңиз жұрнақтары қосылатындығын көрсетеді.

XI ғасыр тілінде етістіктің келер шақ түрі -р, -ар, -ир, —ур аффикстерінің жәрдемімен жасалған (эгаси тилагинча булмас турур). Бұл аффикстер арқылы жасалған келер шақ етістігі ұзақ келер шақ, жақын келер шақ болып бөлінеді. Бұлардан басқа тілекті білдіретін келер шақ (-ғисоқ, -гисоқ (борғисоқ — бармақшы, тергисоқ — жинамақшы, термекші), мүмкіншілікті білдіретін келер шақ (-у, -ув, -ю) аффикстері арқылы жасалады, шартты білдіретін келер шақ -са, -се аффиксіне эрса, эса көмекші етістіктері қосылған: ула булса йул озмас, билик булса суз ёзмос. Осы шақ көбіне келер шақ арқылы берілгендігі сезіледі. Махмуд Қашқари тек өткен шақ етістігі — феьли мозий, келер шақ етістігі — феьли мустак,бал туралы айтқанда, осы шақ туралъг ешнәрсе көрсетпеген.»

  1. Ш. Шукуров XII—XIX ғасырдағы жазба әдебиеттердегі етістік формаларының даму тарихына тоқтайды. Автор XII— XIV ғасырдың тіліндегі етістіктердің кейбір өзгешелігін XV— XIX ғасырдағы жазба ескерткіштер және қазіргі өзбек тілімен салыстырып, ескі өзбек тілі мен қазіргі өзбек тілінің ортасындағы етістіктерде болған даму процесі деп қарайды. Шынында, бұл ескі өзбек тіліндегі өзгешелік емес, ал ескі түркі тілдер мен қа-зіргі тілдердің, соның бірі өзбек тілінің даму процесіндегі кейбір айырмашылықтар болып есептеледі. Бір жағынан қазіргі өзбек тілі мен сол XV—XIX ғасырды, екінші жағынан XII— XIV ғасыр тілін салыстырып, етістіктің шақ, жағына байланысты төмендегі өзгерістер атап көрсетіледі: 1) келер шақтың -асы/эси барасы, кэлэси («Тафсир», «Қысас әл-әмбия»); 2) ке-лер шақтың -ысар, -исәр барысар, кәлисәр («Мухаббат-на-мэ»); 3) кейбір осы шақ пен келер шақта I жақтың жекеше түрінде аффиксінің қолданылуы — ала-м, ала-мән, алға-м («Тафсир», «Қыссас ул-әмбия») т. б. Бұл қазіргі өзбек тілі мен XIV—XIX ғасыр тілінде жоқ деп көрсетілген «ескі өзбек» тілінің кұбылысы жалпы түркі тілдеріне — қыпшақ группасы тілдеріне — тән, өйткені бұл «өзгешеліктер» қазіргі қазақ әдеби тілінде де кеңінен қолданылады.

Жалпы алғанда түркі тілдердегі етістіктің шақтары ерте кездерден-ақ зерттеушілердің назарын аударған’.

Салыстырылған тілдерде етістіктің шақтары жасалу тәсілдері мен семантикасы бойынша бір-бірімен өзгешелігінен көрі жалпы ұқсастығы күшті, ол етістіктің табиғатына да байланысты болса керек.

  1. Өткен шақ

Өткен шақ салыстырылған тілдерде өткен шақ өткен мәхәл өткөн чак утган өткән, өтен заман деп аталып, іс-әрекеттің сөйлеп жатқан кезден бұрын болғандығын көрсетеді.

Етістіктің түбіріне -ты, -ті, -ды, -ді, -ди аффикстері қосылып жедел өткен шақ жасайды, ал қырғыз тілінде — айқын өткен шақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде анық өткен шақ деп қарайды. Мысалдар: Сыпыртқымды балқытып алып шабынатын сереге шыға бергенде қызара бөртіп сабаланып жатқан сыбайласымды таныдым. Ол да мені көрді. Көрді де әрі қарай бұрылып отырды. Мен де оны қысталамадым. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.

Атам ары жагындагы коондордон алып келип, кесе баштады. (Ю Жантөшев.) Курман менен Мендирманды Сапарбай тартипке чакырды. (Т. Сыдықбеков.) — Қырғ.

Офицер йиқилди вә ётган ерида қулини кутарди. Бу орада жанч босилди. Ахмаджон офицерни олиб кетди. (А. Каххор.) — Өзб.

Есімшенің -қан, -кен, —ған, -ген, -тын, -тін аффикстері арқылы бұрынғы өткен шақ жасалады, ал қырғыз тілінде бұны жалпы өткен шақ, өзбек тілінде ұзақ өткен шақ десе, ұйғыр тілі сүпәт пеилді өз алдына бөліп қарап өткен шақты көрсететіндігі де айтылады. Барлығында да есімшенің өзі-ақ, немесе жіктік жалғауларын қосып алып, іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда ерте болғандығын білдіреді. Мысалдар: Әрине, инженер Асанбай да күдіктенген… Одан әріректе апат күші бәсеңсіген. Тас пен темір балқып барып, есін жинаған. Жан иесі бұл маңайда да түгел қырылған. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.

Штабта бәрнәччә ат болидиган. Шуларниң бирини мән шәһәр ичидә минип жүридиган. («Уйғур тили».)

Мен уни курмаганман. Москвани мен биламан. Тер тукиб зур шахарни қурганларни курганман, одам тула кучаларни айланиб, жангчиларнинг қаторида юрганман. (Қ. Олимжон.)

Өзбек, қырғыз тілдерінде ұзақ өткен шақ етістігіне — дир аффиксі қосылып та айтылады: Шунинг билан банка бүгун очилмагандир. (С. Айний.) — Өзб. Ала мойнок күчүгү менен ой-ногондур. (Т. Сыдықбеков.)

Қазақ тілінде бұрынғы өтквн шақ -ып, -іп, -п, қырғыз тілінде — капыскы өткөн чак ып+дыр, -тыр, -дир аффикстерімен, өзбек тілінде — (-и), -б эди болып айтылады.

Мысалдар: Кереге салыны сүйреп келе жатқан дардай атан тұрып қалыпты. Бақырып, басын шайқап, жынын шаша бақырыпты. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.

Илгери биздин элдин көк-чунак деген айгыры карышкырдын көкжалын чайнаптыр. (Т. Сыдыкбеков.) Бизге сыйлық алып, Қыргызыстандан өкүлдөр келе жатыптыр. (К. Маликов.) — Қырғ.

…Шу сирни билай деб келиб эдим. («Сайед».) Шу кеча бировникига уғирликка бориб эдим. («Уғри» эртаги.) — Өзб.

Қырғыз тілінде адат өткөн чак — етістіктің түбіріне -чү аффиксінің қосылуымен жасалады. Түнкүсүн ал оюктан араң бүлбүлдөгөн жарык шооласы көрүндү. Биздин кыздардан да далай кыйындар чыкчу. (Т. Сыдыкбеков.)

Етістіктің өткен шақтағы. айтылу мерзіміне қарап әр тілде әр түрлі бөлушілік бар. Мысалы, өзбек тілінде еткен шақ алты түрге бөлінеді де, әрқайсысы өзіне тән оттенкаларымен бір-бірінен ажыратылады: өткен шақ анықтық етістігі, тарихи өткен шақ т. б. Барлығы да іс-әрекеттің өткендегі орындалу мезгілімен байланысады.