Есімдік

  1. Салыстырылған тілдерде есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылып, абстрактылық пен жалпылықты білдіреді. Есімдіктердің дәл қай сөздің орнына жұмсалып .отырғаны контекст арқылы, алдыңғы айтылған сөз арқылы ғана анықталады. Есімдіктер барлық түркі тілдерінде есім сөздердің орнын басып, мағынасы мен атқаратын қызметі бір-біріне дәл келеді. Есімдіктер көне түркі тілдерінде де жиі қолданылғандығын көреміз, оларды қазіргі тілдермен салыстырсақ, ұқсастығы жақсы сезіледі. Орхон-енисей ескерткіштеріндегі есімдіктерді қазіргі тілдермен салыстырып қарайық.
Орхон-енисей Қазақ Қарағалпақ Қырғыз Өзбек ¥йғыр Түрікмен
ескерткішінде тілінде паң тілінде Тілінде тілінде тілінде Тілінде
мен, бен мен мен мен Мен мен мен
сен, сін сен сен сен Сен сэн сен
ол ол ол ал у у ол
биз біз биз биз биз биз биз
сиз сіз сиз сиз сиз Сиз сиз
бу, бол бул бул бул бу Бу бу
өз өз өз өз уз өз өз
маңа, бақа маған маған мага менга маңа маңа
саңа саған саған сага сенга саңа саңа
аңар оған оған Ага унга у, улар оңа

Салыстырып көргеніміздей-ақ, есімдіктердің кейбір фонетикалық өзгерістерін есепке алмасақ, олар негізінен қазіргі тілдерде сөздерінің ескі қалпын сақтап қалғандығы байқалып түр. Бұл есімдіктердің салыстырылған тілдерде өз ара ұқсастығын көрсетеді. Демек, есімдіктер ескі сөз таптарының қатарына жатады. XI ғасырдың ескерткіштері «Қутадғу білік», «Девону луғотит түркте» де есімдіктер кеңінен қолданылған. С. М. Муталлибов XI ғасыр ескерткіштері тіліндегі есімдіктерді зерттеп, оларды төмендегі түрлерге бөледі:

1)кишилик олмоши (жіктеу есімдігі)

2)курсатиш олмоши (сілтеу есімдігі)

3)суроқ олмоши (сүрау есімдігі)

4)Белгилаш олмоши ‘

Есімдіктер көптеген ғалымдардың зерттеу объектісі болып келеді. Бұған себеп болған бір жағынан жіктеу, сілтеу есімдіктері сияқты түрлерінің кейбір ерекшеліктері болса, екіншіден, олардың көп уақыттар бойы дамып, байып кейбір өзгерістерге түсуі. есімдіктердегі ұқсастық пен өзгешелік тілдерді бір-бірімен салыстырғанда жақсы сезіледі. Оны есімдіктердің мағыналарына қарай түрлерінен анық байқауға болады. Есімдіктердің бұндай түрлері қазақ, қарақалпақ, ұйғыр, түрікмен тілдерінде жеті, қырғыз, өзбек тілдерінде алты.

  1. Жіктеу есімдігі

Жіктеу есімдігі қарақалпақ тілінде меншиклеу, қырғыз тілінде жактама, өзбек тілінде, ұйғыр тілінде кишилик, түрікмен тілінде ат чалышмасы деп аталады. Бұлай деп аталуының өзі де жіктеу есімдіктердің айтушы, сөйлеуші, бегде кісілерге байланысты болуынан келіп шыққан.

Қазақ тілі Қырғыз тілі Өзбек тілі Түрікмен тілі
I жақ мен, біз II жақ сен, сіз III жақ ол, олар мен, биз сен, сиз ал, алар мен, биз, сен, сиз, у, улар мен, биз, сен, сиз ол, олар

Кейбір болар-болмас фонетикалық өзгешелігі болмаса, қарақалпақ, ұйғыр тілдері де осындай I—II—III жақпен айтылады.

Демек, жіктеу есімдіктері ең ескіден келе жатқан, аз болса да, қарым-қатынас үшін өте жиі қолданылатын сөздердің қатарына жатады.

Махмуд Қашқари мён-мен (түрікше) ман сөйлеуші жақ орнында қолданылатын сөзді көрсетеді .

Ман ана имлаттим.Ман нонг урнаттим.

Махмуд Қашқари сан екінші жақ мағынасындағы сөз. Бұл сөзді түркі қауымы жас, дәрежесі өзінен кішілерге қолданып, өзінен үлкен, құрметшілерге сиз есімдігін қолданады. Оғыздар, керісінше, өзінен үлкендерге сан, өзінен кішілерге және көптік мағынада сиз қолданады.

Түркі қауымдары қолданған формасы қағидаға дұрыс келеді деп көрсетеді. Осымен қатар Махмуд Қашқари сен қанжак қауымы тілінде сан деген, түркі кауымдары сан деп айтады деп. Көрсетеді. С. М. Муталлибов бізге де түркі қауымдары қолданған сан, сиз варианты жетіп келді деп көрсетеді шынында, сол уақыттарда да кейбір кауымдар сен есімдігін қолданған, демек, бұл қьшшақтар екендігі сөзсіз.

Үшінші жақта ул, у есімдігі қолданылады. Ул аңдаг айді ол сондай деді, у (одам) шундай деди ол (одам) сондай деді.

Махмуд Қашқарида бірінші жақ көптік яғни біз мағынасындағы есімдік: биз келдимиз. Сонымен қатар біз есімдігінің міз варианты бар екендігі де айтылады. «Миз сөзі биз деу. Бұл сөз-дің бірінші м дыбысы б-ға өзгерген. Сөз басында б мен, біз түрінде, қолданса да, сөз аяғында есімдер мен етістікке жалғанғанда миз түрінде қолданылады. Биз бардимиз, келдимиз, отимиз сияқты». Міне, қазіргі тілдердегі жіктеу есімдіктерін көне түркі тілдерімен салыстыру арқылы І жақта қолданып жүрген мыз-міз жақ аффикстерінің о бастағы жіктеу есімдігі (-біз-цщ фонетикалық варианты) екендігін анықтаймыз.

Махмуд Қашқари «сиз жикил қауым тілінде жекелік мағынасында, сан орнында құрметті үлкен адамға қолданылатын есімдік. Дикилдер кішкейтайларға сан дейді, оғұз қауымдары керісінше деп көрсетеді. Кішкентайларға сиз, үлкендерге сан дейді. Сиз есімдігі, XI ғасыр тілінде си болып қысқарған түрінде де қолданылады»,— дейді.

Силарга манингдан осиғ сұз керак. С. М. Муталлибов қазіргі заман тілі диалектінде сиз сөзіне –лар қосымшасы қосылғанда, з дыбысы түсіріліп силар болып айтылатындығын көрсете-ді. Шынында, диалектіні былай қойғанның өзінде бұл құбылыс қазіргі заман қырғыз, ұйғыр әдеби тілдерінде силер-силәр түрінде қолданылады .

Жіктік есімдіктері есім сездердің орнына қолданылатын болған соң, бұлар да септік, көптік, тәуелдік жалғауларын қосып алады

Салыстырылған тілдерде жіктеу есімдіктерінің септелу үлгілері.

Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдеріндегі жіктеу есімдігінің септелу үлгісінен жалпы ұқсастықпен қатар кейбір өзгешеліктер де бар.

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде жіктеу есімдіктері барыс септігінде I жақта — маған, II жақта — саған, III жақта оған болып айтылады. Басқа тілдерде — мага, менга, маңа болып, біраз фонетикалық өзгерістер болса да, негізінде, барыс септігінің жалғауы қосылған. Сол сияқты III жақта айтылатын ол жіктеу есімдігі қырғыз тілінде ал, өзбек, ұйғыр тілдерінде у түрінде қолданылады да, қалған септік жалғауларында дұрыс септеле

Мен жіктеу есімдігі

  Қазақша Қарақал-пақша Қырғызша Өзбекше Ұйғырша Түрікменше
Септік            
А. мен мен мен мен мен мен
I. мешң мениң менин менинг мениң мениң
Б. маған маған мага менга маңа маңа
Т. Мені мени мени мени мени мени
Ж. менде менде менде менда меңиңдә менде
Ш. менен меннен менден мендан мәниндин менден
К. Меншен менименен

береді, өйткені түбір сөзге қосымша қосылғанда фонетикалық өзгерістерді де керек етпейді, тарихи көзқараспен қарағанда, у емес, ул түрінде қолданылған. Махмуд Қашқари бұл туралы былай дейді: «Ул мазмұнында яғни үшінші жақ орнында қолданушы есімдік дей келіп, ул андағ айди ол сондай айтты .

Бұлардан басқа фонетикалык өзгерістер ұйғыр, түрікмен тілдерінде де кездеседі. Бұл — тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасының алыс-жақындығына байланысты болады.

  1. Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктері қарақалпақ тілінде силтеу, қырғыз тілінде — шилтеме, өзбек, ұйғыр тілдерінде — курсатиш көрситиш, түрікмен тілінде — гөркезме деп аталады.

Түркі тілдердің қай-қайсысында болса да, сілтеу есімдіктері сілтеу, көрсету мағынасында қолданылады. Ал сілтеу көрсету мағынасы өте кең, осыған қарай сілтеу есімдіктерінің әр қайсысы әрбір көрсететін, нұсқайтын нәрсенің алыс-жақындығын дәлдеп немесе шамалап көрсетеді. Мысалдар: -анау екі орыс кім? (Ғ. Мұстафин.) Мына ауылға жүгір,деді Жамал. (Ә. Нұр-пейісов.) Уша ерда қатта сурат турибди (А. Мухтор) — өзб. Мы-на ошол Каныбек быйыл жыйырма бирге чыкты (Қ. Жантөшев) — қырғ.

Қазақ тілінде сілтеу есімдіктер болып есептелетін сөздер: бүл, осы, ол, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне , ал қарақалпак. тілінде бул, усы, ол, сол, ана, анау, мына, мынау, мине. Қырғыз әдеби тілінде сілтеу есімдіктерінің қысқарған жаңа толық түрі қатарынан — бу бул, ушу ушуа ошо оиіол, тиги тигил, тетиги тетигил, тээ тетиги тээ тетигил болып қолданылады . Өзбек әдеби тілінде — бу, шу, у, уша , ұйғыр әдеби тілінде — у, бу, шу, мону, мана у, мана, маву, мана бу, мошу, мана шу, әйнә (әнә), әйнә у, ушу, әйнә шу, әву, әйнә бу, ушбу, түрікмен тілінде — бу, шу, шол, шо, ол.

Бұл тілдердегі барлық сілтеу есімдіктері бірінде — аз, бірінде көп сияқты болып көрінгенмен, салыстырып қарасақ, барлығына ортақ, барлығында бар — бүл бу (қырғыз, өзбек, ұйғыр, турікмен тілдерінде), ол у, осы ошо уша ушу шу; сол ошол шу шо; сол шу шо шол т. б. сілтеу есімдіктері болып келеді, Қалғандары сол кезгі сілтеу есімдіктердің әр түрлі вариантта айтылуына байланысты қолданылады.

Сілтеу есімдіктерінің кұрамы бірыңғай емес, біреулері табиғаты бойынша сілтеу есімдіктері болса, қалғандары басқа есімдіктерден кіріп, сілтеулік қызметін атқарады.

Махмуд Қашқари «Девону луғотит түркте» сілтеу есімдіктеріне тоқтаған, мысалдар келтіріп, олардың қолдану жолдарын көрсеткен. XI ғасыр тіліндегі сілтеу есімдіктерін қазіргі түркі тілдерімен салыстырсақ, олардың барлығына ортақ ұқсастығы мен өзгешелігі, даму жолдары анық байқалады. Махмуд Қашқари ул (ол), бу (бул), на, не, ким, қаю, қани, қали, натан, қанча есімдіктерінің сілтеу, көрсету мағынасында қолданылаты-нын айтады. Махмуд Қашқари әрбір сілтеу есімдігнің мағынасын анықтап көрсетеді. Ул(ол) — алыстағы нәрсені көрсетуші есімдік , бу (бұл) жақындағы нәрсені көрсетуші есімдік: бу әр (бул адам). Алыстағыны көрсетуші ул есімдігінің шығыс септігінде — анда септігінде — ангар (анар) түрлері қолданылған.

«Қутадғу білікте» бу (бұл) му мен берілген. Му сілтеу есімдігі барыс, табыс септік жалғауларын қосып алып, мунгар, муни түрінде қолданылған:

Мунгар мангзар эмди эшит ушбу суз

Муни сен аюрсан менинг теб манинг

Махмуд Қашқари ұзақ пен жақындықты көрсету үшін ани-муни есімдіктерінің өзгешелігін көрсеткен.

Тилансанё ани тут, тиласанг муни сол сияқты С. М. Муталлибов XI ғасыр тілінде бу есімдігі көбінесе анық, ул — анық болмаған, күман түріндегі мағынада қолданылғандығын көрсетеді.

«Құтадғу білік» сенімді анықтықты білдіру үшін ушбу есімдігін қолданған.

С. М. Муталлибов XI ғасыр тілін зерттегенде, ушандағ, мундоғ сілтеу есімдіктерінің бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыруды білдіретіндігін көрсетіп, мынадай мысал келтіреді: Идишчи боши қур ушандоғ, керак, идиш тутғувчилар бу мундоғ керак .

XI ғасыр әдеби мұраларында на, не есімдіктерін көп қолданумен қатар, солардың негізінде налук, начук, нега, натак, нагутах сияқты түрлері де сілтеудің әр түрлі жағдайларын көрсеткендігі білінеді. Ал XII—XIII ғасырдағы орта Азия тәфсирінің тілінде де, XIV ғасырдағы Алтын — Орда Хорезм әдеби мұ-раларында да на есімдігінің налуқ, нечуқ, неча, нааг.

Демек, сілтеу есімдіктері тарихи жақтан барлық түркі тілдерге ортақ қазіргі тілдерде негізгі функциясын сактап қалғандығы сезіледі, тілдердің даму процесінде кейбір фонетикалық өзгерістер, әрбір ұлт тілінің қалыптасуында келіп шыққан. Бұған қосымша, әр тілдің өзіне тән сілтеу есімдік мағынасында қолданылатын сөздері де бар. Мысалы, қырғыз тіліндегі те-тиги, тээ, тээтетиги, береги сияқты сұрау есімдіктері оқшау, алыс, өте алыс тұрған заттарды керсетуге қолданылады. Тиги биздин чабдар ат го. Тээ тунелге жақындап, эшелондун артындагы. кызарган оту көрүнбөй калды. (Ч. Айтматов). Тетигп ч’ыгыштагы чоң коктуну демей деп коёбуз (Қ. Жантөшев), Бёрёгй чокунун күн чыгыш жагын карачы.

Түркі тілдерде сілтеу есімдіктерінің функцйясы өте кең, олар зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің, етістіктің де орнына қолданыла береді.

Мысалдар: Мына пәле бірдеңе істеді-ау, шамасы (Ә. Нұрпейісов). Бұл үйдің кілті жоқ болып шықты. (Қазақ ертегілері.) Эркектйн үйде жоктугу ушу да! («Ала-Тоо» журн.) —Қырғ. Бұлар ғадийишип йәргә чүшти. (Сәлқин)— ¥йғ.

Сұрау есімдіктері басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу үшін тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қосып алады. Бірақ бұл жағынан барлығының қосымшаларды қабылдау қабілеті бірдей емес. Мысалдар: Неге істемейді?.. Қашанғы байлап жүрің? (Ғ. Мұстафин) Мунуң бири мениң хатым ахыры («Түркмен дили»). Элдин күткөнү берегиде келе жаткан чоң сакал Дмит-рий эле (Т. Сыдықбеков).